Об утверждении Методики определения ставок плат за пользование рыбными ресурсами и другими водными животными и размеров возмещения вреда, причиненного нарушением законодательства Республики Казахстан в области охраны, воспроизводства и использования животного мира, а также исчисления размера компенсации вреда, наносимого и нанесенного рыбным ресурсам и другим водным животным, в том числе и неизбежного, в результате хозяйственной деятельности Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шаруашылық қызметі нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 341 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15739 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Басқа 0. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 320 бұйрығымен бекітілген Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу үшін қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау
2-тарау. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау
Тармақ 2
2. Балық аулау объектісі болып табылатын балық және басқа да су жануарлары түрлерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін айқындау:
Тармақша 1
1) жануарлар дүниесі объектілерінің санын есепке алу, оларды және олар мекендейтін ортаны мониторингтеу, ғылыми зерттеулер материалдарының негiзiнде дайындалған биологиялық негіздемеге сәйкес айқындалатын және оны Заңның 29-бабының 1-тармағына сәйкес балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекiтетін балық ресурстары және басқа да су жануарларын алып қою лимитi;
Тармақша 2
2) балық ресурстары және басқа да су жануарларының өсімі мен өнімділігі коэффициенті;
Тармақша 3
3) балық ресурстары және басқа да су жануарларының саны (мекендеу ортасынан алынған балық ресурстары және басқа да су жануарлары, олардың бөліктері мен дериваттары) негізінде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін:
Тармақша 1
1) балық ресурстары және басқа да су жануарларын табиғи ортадан ғылыми зерттеу және шаруашылық мақсаттарында ен салу, сақина салу, көшiру, жасанды өсіру және будандастыру мақсаттары үшiн ұстап алып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде;
Тармақша 2
2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілген әрі жартылай еріксіз және (немесе) жартылай еркін күйде өсірілген балық ресурстары және басқа да су жануарларының объектілерін пайдаланған кезде;
Тармақша 3
3) уәкiлеттi орган балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға арналған биологиялық негіздеу мақсатында балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған кезде;
Тармақша 4
4) халықтың денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан сақтау, ауылшаруашылық және басқа да үй жануарларын жұқпалы аурудан сақтау, қоршаған ортаға келтірілген залалға жол бермеу, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс балық ресурстары және басқа да су жануарлар түрлерін алған кезде төлемақы алынбайды.
Тармақ 4
4. Өзге де шаруашылық мақсаттарда (балық аулаудан басқа) пайдаланылатын балық ресурстары және басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 629-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшері осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес айқындалған.
Тарау 3. 3-тарау. Шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу
3-тарау. Шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу
Тармақ 6
6. Шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) кәсіпшілік өнімділіктің жоғалуы салдарынан су айдынының немесе оның бір бөлігінің балық ресурстары мен басқа да су жануарларының толықтай жоғалуы. Толықтай жоғалту су айдынының балық ресурстары және басқа су жануарларының толық көлемде жоғалуын білдіреді.
Тармақша 2
2) кәсіпшілік өнімділіктің жоғалуы салдарынан не болмаса кәсіпшілік объектілерінің, олардың уылдырығының, дернәсілінің, шабағының және балықтардың азықтық базасының тікелей қырылуынан су айдынының немесе оның бір бөлігінің балық ресурстары мен басқа да су жануарларының ішінара жоғалуы. Ішінара жоғалту су айдынының балық ресурстары және басқа су жануарларының кез келген бөлігі сақталатын жоғалту.
Тармақ 7
7. Кәсіпшілік өнімділіктің жоғалуы салдарынан су айдынының немесе оның бір бөлігінің балық ресурстары мен басқа да су жануарлары толық жоғалған жағдайда, зиянды өтеу мөлшерін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі: N = Р0×S0, мұнда: N – зиян мөлшері, килограммен және (немесе) тоннамен; Р0 – су айдынының кәсіпшілік өнімділігі, килограмм/гектар; S0 – балық шаруашылығында маңызын жоғалтып жатқан су айдынының немесе су айдынының бір бөлігінің алаңы, гектармен.
Тармақ 8
8. Кәсіпшілік өнімділіктің жоғалуы салдарынан су айдынының немесе оның бір бөлігінің балық ресурстары мен басқа да су жануарлары ішінара жоғалған жағдайда, зиянды өтеу мөлшерін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі: N= ∑Pi x S0 x F1 / F0 x q, мұнда: N – зиян мөлшері, килограммен және (немесе) тоннамен; Pi – осы түр бойынша немесе экологиялық тұрғыдан жақын түрлер бойынша су айдынының кәсіпшілік өнімділігі, килограмм/гектар; S0 – балық шаруашылығы маңызын жоғалтып жатқан су айдынының немесе су айдынының бір бөлігінің алаңы, гектармен; F0 – су айдынындағы әртүрлі аймақтардың алаңы (осы су айдынындағы уылдырық шашатын орындар, жайылым, қыстау орындары), гектармен; F1 – қолайсыз әсерге ұшыраған аймақ бөлігінің ауданы, гектармен; q – түзету коэффициенті, ол қолайсыз әсерге ұшыраған учаскелердің балықтары мен басқа да су жануарларының санын су айдынының басқа учаскелерінің балықтары мен басқа да су жануарларының санына бөлу арқылы анықталады.
Тармақ 9
9. Кәсіпшілік объектілерінің және балықтардың азықтық базасының тікелей қырылуы салдарынан су айдынының немесе оның бір бөлігінің балық ресурстары мен басқа да су жануарлары ішінара жоғалған жағдайда заттай түрдегі зиянды өтеу мөлшерін есептеу екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең мынадай формуламен есептеледі: мұнда: Nі – зиян мөлшері, килограммен және (немесе) тоннамен; Пі – қолайсыз әсер ету аймағындағы немесе жұмыстар жүргізіліп жатқан аудандағы осы түр, салмақ санаты гидробионттарының қолайсыз әсер ету кезеңінде орташа мөлшерде шоғырлануы (немесе тығыздығы). Нақты учаске бойынша деректер болмаған жағдайда, Солтүстік Каспий үшін осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес Солтүстік Каспийдегі балықтардың негізгі кәсіпшілік түрлері мен итбалықтың биологиялық сипаттамаларының деректері, сондай-ақ осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес Солтүстік Каспийдегі азықтық организмдердің үлестік биомассасы деректері пайдаланылады; W0(S0) – қолайсыз әсер ету аймағының көлемі немесе ауданы; Ki – қолайсыз әсер ету жағдайында гидробионттардың тірі қалу коэффициенті (балық қорғайтын құрылғы болған жағдайда – жобаланған су тартуға арналған балық қорғау құрылғыларының тиімділік коэффициенті), пайызбен. Екінші кезең азықтық гидробионттардың биомассасын балық өнімінің биомассасына қайта есептеуден тұрады және азықтық гидробионттардың әрбір тобы үшін трофикалық тізбекпен органикалық затты ауыстырудың азықтық коэффициенттерін қолдану арқылы мынадай формула бойынша жүргізіледі: мұнда: Br– балық ресурстарының биомассасы, килограммен және (немесе) тоннамен; Bk – азықтық гидробионттардың биомассасы, килограммен және (немесе) тоннамен; P/B – өнімнің өндірілу коэффициенті; k2 – алынған өнімді балық өніміне ауыстырудың азықтық коэффициенті; k3 – балықтардың азықтық базаны пайдалану көрсеткіші, пайызбен. Каспий теңізі үшін қолдануға ұсынылған балықтардың өнімінің өндірілу және азықтық базасының коэффициенттері осы Әдістемеге 4-қосымшада келтірілген.
Тармақ 10
10. Кәсіпшілік объектілер уылдырығының, дернәсілінің, шабағының тікелей қырылуы салдарынан су айдынының немесе оның бір бөлігінің балық ресурстары мен басқа да су жануарлары ішінара жоғалған жағдайда заттай түрдегі зиянды өтеу мөлшерін есептеу кезінде есептелген зиян шамасы кәсіпшілік қайтарым коэффициентінің көмегімен кәсіпшілік балық түрлерінің шығындарына мынадай формула бойынша келтіріледі: мұнда: ni – кәсіпшілік объектілер уылдырығының, дернәсілі мен шабағының тікелей қырылуы келтіретін заттай түрдегі зиян шамасы; K1 –осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес кәсіпшілік қайтарым коэффициенті (пайызбен). Солтүстік Каспийдегі балықтардың негізгі кәсіпшілік түрлері мен итбалықтың биологиялық сипаттамалары осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген. Күтілетін зиянды есептеу мынадай тәсілдердің біреуімен жүргізілуі мүмкін:
Тармақша 1
1) кәсіпшілік өнімділіктен айрылудан;
Тармақша 2
2) кәсіпшілік объектілердің, олардың уылдырықтарының, дернәсілдерінің, шабақтарының және балықтардың қоректік базасының тікелей жоғалуынан. Қосалқы есеп жүргізбеу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәсілдерді бір мезгілде пайдалануға және нәтижелерін бір-біріне қосуға жол берілмейді.
Тармақ 11
11. Балық ресурстарына келтірілген зиянды есептеудің пайдаланылған тәсіліне қарамастан, су айдынында жүргізілген барлық жұмыс түрлерін есептеу нәтижесі кәсіпшілік таралымының мекендеу шегінде су айдынының және (немесе) учаскесінің нақты кәсіпшілік запастарының шамасынан асып кете алмайды.
Тармақ 12
12. Қорытынды нәтижені (килограммен немесе тоннамен) алғаннан кейін алынған шығын ауланымдарда балықтардың әр түрінің кездесуіне қарай зерттеулер ауданында (немесе осы су айдынында) пайыздық арақатынаспен барабар бөлінеді. Солтүстік Каспий үшін нақты учаске бойынша деректер болмаған жағдайда, осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес Солтүстік Каспийдегі ауланымдарда балықтардың кездесу деректері пайдаланылады.
Тармақ 13
13. Ақшалай мәнге ауыстыру зиянды өтеу мөлшерін анықтау мақсатында балық түрлері бойынша зиянды өтеу мөлшерінің (бір килограмм үшін) құнын және қолайсыз әсер ету кезеңін ескере отырып, мынадай формулаға сәйкес жүзеге асырылады: M=d х c х y, мұнда: М – зиянды өтеу мөлшері, ақшалай мәнде; d – балық ресурстарына келтірілетін немесе келтірілген түпкілікті шығын сомасы, килограммен; c – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес зиянды өтеу мөлшерінің бір килограмм үшін құны, айлық есептік көрсеткіштермен; y – қолайсыз әсер ету кезеңі (жыл)* (у=1 (1 жыл = 1), көп реттік (тұрақты) у кезінде – қолайсыз әсер ету жылдарының санына сәйкес келеді).
Тармақ 14
14. Балық ресурстарына және басқа да су жануарларына мыналардың салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін есептеу жүргізіледі: балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз алу және (немесе) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын абайсызда жою; балық ресурстарын (сүбе ет) және олардың дериваттарын, сондай-ақ басқа да су жануарларын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау; балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мекендеу ортасын бұзу немесе жою, егер мұндай бұзушылықтың нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілері мекендеу аумағын (акваторияны) біржола (немесе уақытша) тастап кетсе, балықтар мен басқа да су жануарлары қырылса, балықтар мен басқа да су жануарларының саны азайса, олардың популяциясының өнімділігі төмендесе, сондай-ақ жекелеген дарақтардың көбею функциясы нашарласа.
Тармақ 15
15. Балық ресурстарына және басқа да су жануарларына келтірілген залалдың мөлшерін есептеу мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз алу немесе балық ресурстарын және басқа да су жануарларын абайсызда жою салдарынан келтірілген залал мөлшерін есептеу;
Тармақша 2
2) балық ресурстарын және олардың дериваттарын, сондай-ақ басқа да су жануарларын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген залал мөлшерін есептеу;
Тармақша 3
3) балық ресурстары және басқа да су жануарларының бірнеше түрін заңсыз алу немесе балық ресурстары және басқа да су жануарларының бірнеше түрін абайсызда жою салдарынан келтірілген жиынтық залал мөлшерін есептеу;
Тармақша 4
4) балық ресурстарын және олардың дериваттарын, сондай-ақ басқа да су жануарларын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген жиынтық залал мөлшерін есептеу;
Тармақша 5
5) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының мекендеу ортасын бұзу немесе жою кезінде келтірілген залал мөлшерін есептеу, егер мұндай бұзушылықтың нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілері мекендеу аумағын (акваторияны) біржола (немесе уақытша) тастап кетсе, бұл олардың қырылуына, санының азаюына, популяция өнімділігінің төмендеуіне, сондай-ақ жекелеген дарақтардың көбею функциясының нашарлауына әкелсе (бұдан әрі – залал мөлшерін есептеу);
Тармақша 6
6) балықты және балық өнімдерін (сүбе ет) заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген залал мөлшерін есептеу.
Тармақ 16
16. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын заңсыз алу немесе балық ресурстары мен басқа да су жануарларын абайсызда жою салдарынан келтірілген залалдың мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі: У = Т x К x Ко х Кн х Кк х Кв х N, мұндағы: У – айлық есептік көрсеткішпен (бұдан әрі – АЕК) айқындалатын, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын заңсыз алу немесе балық ресурстары мен басқа да су жануарларын абайсызда жою салдарынан келтірілген зиян мөлшері; Т – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес әрбір дарақ/килограмм үшін АЕКмен айқындалатын залалды өтеудің белгіленген мөлшері; К, Ко, Кн, Кк, Кв – осы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген қайта есептеу коэффициенттерінің мәндері; N – балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерінің нақты түрі дарақтарының/килограмының саны.
Тармақ 17
17. Балық ресурстарын және олардың дериваттарын, сондай-ақ басқа да су жануарларын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген залалдың мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі: У = Т x Кд x N, мұндағы: У – балық ресурстарын және олардың дериваттарын, сондай-ақ басқа су жануарларын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген залалдың мөлшері (АЕК); Т – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес әрбір дарақ/килограмм үшін АЕК-мен айқындалатын, белгіленген залалды өтеу мөлшері; Кд – осы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген қайта есептеу коэффициентінің мәні; N – балық ресурстары мен олардың дериваттарының, сондай-ақ басқа су жануарларының саны (килограмм / дана).
Тармақ 18
18. Балық ресурстары мен басқа су жануарларының бірнеше түрін заңсыз алу немесе балық ресурстары мен басқа су жануарларының бірнеше түрін абайсызда жою нәтижесінде келтірілген жиынтық залалдың мөлшері балық ресурстары мен басқа су жануарлары объектілерінің әр түрінің барлық дарақтары/килограмдарына қатысты залалдардың қосындысы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі: Ус = (Т1 x К1 x Ко x Кн x Кк x Кв x N1) + (Т2 x К2 x Ко x Кн x Кк x Кв x N2), мұндағы: Ус – барлық балық ресурстары мен басқа су жануарлары объектілерінің әр түрінің барлық дарақтарын заңсыз алу немесе барлық балық ресурстары мен басқа су жануарлары объектілерінің әр түрінің барлық дарақтарын абайсызда жою нәтижесінде келтірілген жиынтық залалдың мөлшері (АЕК); Т1, Т2 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес балық ресурстары мен басқа су жануарларының нақты түрінің әрбір дарағы/килограмы үшін белгіленген залалды өтеу мөлшері; К1, К2 – осы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген нақты түрдегі балық ресурстары мен басқа су жануарларының әрбір нақты түріне арналған қайта есептеу коэффициенттерінің мәндері; Ко, Кн, Кк, Кв – осы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген қайта есептеу коэффициенттерінің мәндері; N1, N2 – балық ресурстары мен басқа су жануарларының нақты түрі дарақтарының/килограмының саны.
Тармақ 19
19. Балық ресурстары мен олардың дериваттарын, сондай-ақ басқа су жануарларын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген жиынтық залал мөлшері балық ресурстары мен басқа су жануарлары объектілерінің әрбір түріне қатысты келтірілген залалдардың қосындысы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі: Усд = (Т1 x Кд x Ко x N1) + (Т2 x Кд x Ко x N2), мұндағы: Усд – балық ресурстары мен басқа су жануарлары объектілерінің әрбір түрінің балық ресурстары мен олардың дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген жиынтық залалдың мөлшері (АЕК); Т1, Т2 – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес балық ресурстары мен басқа су жануарлары нақты түрінің әрбір дарағы/килограмы үшін белгіленген залалды өтеу мөлшері; Кд – осы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген балық ресурстары мен басқа су жануарларының әрбір нақты түрі үшін қайта есептеу коэффициентінің мәні; Ко – ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы қайта есептеу коэффициентінің мәні; N1, N2 – балық ресурстары мен басқа су жануарларының нақты түрінің балық ресурстары мен олардың дериваттарының саны.
Тармақ 20
20. Балықты және балық өнімдерін (филе) заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау нәтижесінде келтірілген зиян мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі: У = Т x Кд x N, мұндағы: У – балықты және балық өнімдерін (сүбе ет) заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау салдарынан келтірілген залалдың мөлшері; Т – әрбір дарақ немесе килограмм үшін (балық пен олардың өнімдеріне қатысты) АЕК-мен айқындалатын, келтірілген белгіленген залалды өтеу мөлшері; Кд – осы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген қайта есептеу коэффициентінің мәні; N – балықтың, олардың уылдырығының және басқа балық өнімдері түрлерінің салмағы (килограмм).
Басқа 1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшері
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесіне 1-қосымша Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшері Р/с № Балық ресурстары және басқа да су жануарларының атауы Зиянды өтеу мөлшері, айлық есептік көрсеткішпен (әрбір дарағы/әрбір килограмы үшін/ұясы үшін) 1 2 3 1 Сырдариялық жауырындық*, көп аталықты Жайық майшабағы*, шортан тектес ақмарқа*, Каспий және Арал албырты*, ақбалық*, сылан*, күтім*, Арал және Түркістан қаязы*, Іле шармайы*, Каспий жыланбалығы*, таймень*, Балқаш алабұғасы* - Балқаш және Іле таралымы, пілмай* - Арал және Іле таралымы, Сiбip бeкipeci*, шатқалдық тас тасалағыш*, ұзын бармақты шаян* (Түркістан түр тармағы) (бір дарақ үшін)* 300 2 Қортпа, уылдырықты пілмай (бір килограмм үшін) 100 3 Қортпа, пілмай қысыры (бір килограмм үшін) 100 4 Бекіре (Сiбip бeкipeciнен басқа), шоқыр, бекіренің уылдырықты будандары (бір килограмм үшін) 100 5 Бекіре, шоқыр, бекіренің қысыр будандары (бір килограмм үшін) 100 6 Сүйрік (бір килограмм үшін) 100 7 Ақсақа, көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, шыр, мұқсын (бір килограмм үшін) 1,2 8 Ақ амур, көксерке, сазан, тұқы, ақмарқа, беріш, кәдiмгi жайын, нәлім, ақ және шұбар дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық (бір килограмм үшін) 1,3 9 Табан, торта, қаракөз, тұрпа, тұрпан, майбалық, қызылкөз қабыршақты және қабыршақсыз көкбас, аққайран, алтын және күміс мөңкелер, кәдімгі және Балқаш (Балқаш-Іле таралымынан басқа) алабұғасы, оңғақ, кәдімгі және талас тарғақбалығы, қызылқанат, балпан, білеу балық, айнакөз балық, көкше, қылыш балық, буффало, кәдімгі шармай (бір килограмм үшін) 0,4 10 Майшабақтар (қарынсау (бадырақкөзді және жұмырбасты қосқанда), бражник майшабағы, долгинск майшабағы, қара жон, тікенді балық, жалғанкөз-глосса, қарша (бір килограмм үшін) 0,8 11 Албырттар (қызғылт сары бахтах, майқан (үскіш), Сібір хариусы) (бір килограмм үшін) 1,7 12 Каспий итбалығы (бір дарақ үшін) 193 13 Ұзын бармақты шаян (Түркістан түр тармағынан басқа) (бір килограмм үшін) 1,2 14 Салин артемиясының цисталары және басқа су омыртқасыздары - гаммарус, масақұрт, ақ құрттар (шикі өнімнің бір килограмм үшін) 3 Ескертпелер: * Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген балық ресурстары және басқа да су жануарлары, сондай-ақ ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, пайдалануға тыйым салынған түрлер: әрбір заңсыз жойылған (бүлдірілген) балық ресурстары және басқа да жануарлардың мекен ететін ұясы, іні, апаны, уылдырық шашатын орны және басқа да баспаналары үшін келтірілген нұқсан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынады; «Дериваттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10482 болып тіркелген) (бұдан әрі – дериваттар тізбесі) бекітілген дериваттар тізбесінің Жануарлар туындысы 3-бөлімнің 1, 2, 6 және 8-жолдарына сәйкес заңсыз ауланған немесе сатып алынған әрбір дериват үшін, оның ішінде әрбір 100 грамм уылдырық үшін тиісті жануар түрінің ересек дарағы (аталығы немесе аналығы) үшін зиянды өтеу мөлшерінің 100 пайызы (айлық есептік көрсеткішпен) өтеледі. Басқа су жануарлар түрлері: заңсыз ауланған немесе сатып алынған әрбір дериват үшін дериваттар тізбесінінің Жануарлар туындысы 3-бөлімнің 1, 3, 4 және 9-жолдарына сәйкес тиісті жануар түрінің ересек дарағы (аталығы немесе аналығы) үшін зиянды өтеу мөлшерінің 50 пайызы (айлық есептік көрсеткішпен) өтеледі.
Басқа 2. Солтүстік Каспийдегі балықтардың негізгі кәсіпшілік түрлері мен итбалықтың биологиялық сипаттамалары
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесіне 2-қосымша Солтүстік Каспийдегі балықтардың негізгі кәсіпшілік түрлері мен итбалықтың биологиялық сипаттамалары Балық түрлері Орташа өнімділік, дана уылдырық Үйірдегі аналықтардың үлесі, пайызбен Уылдырық шашудың еселілігі, рет 1 данасының орташа салмағы, килограмм Бекіре тұқымдастар 245500 40 3 8,9 Майшабақ тұқымдастар 160000 50 2 0,27 Көкшұбар 12300 50 1 0,10 Тікенді балық 1500000 50 2 0,81 Пайдабалық 183000 50 1 0,85 Хариус 4500 50 1 0,21 Ленок 12000 50 1 0,50 Қаракөз (торта) 50300 50 2 0,11 Ақ амур 922000 30 1 4,20 Дөңмаңдай 1238000 40 1 10,4 Тарақ балық 3600 60 2 0,07 Үкішабақ 15600 60 2 0,04 Ақмарқа 120000 50 2 1,28 Оңғақ 210850 50 2 0,45 Табан 150000 50 2 0,18 Мөңке 48000 90 2 0,4 Сазан (тұқы) 530000 45 2 2,5 Көксерке 199000 50 2 1,5 Жайын 59200 50 3 3,1 Көктыран 11 500 20 1 0,13 Ақкөз балық 12 500 50 2 0,16 Балпан балық 160000 65 2 0,90 Қылыш балық 33500 70 2 0,22 Аққайран 49 000 65 2 0,50 Шортан 104 200 60 1 1,70 Алабұға 36850 70 2 0,29 Нәлім 150000 40 1 1,61 Таутан 18000 60 2 0,04 Шаян 300 40 1 0,12 Итбалық 1,01 50 1* 46,2 Ескертпе: * күшіктеу саны
Басқа 3. Солтүстік Каспийдегі азықтық организмдердің үлестік биомассасы
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесіне 3-қосымша Солтүстік Каспийдегі азықтық организмдердің үлестік биомассасы Гидробионттар Қыс Көктем Жаз Күз Фитопланктон, миллиграммен/ текше метр 192,32 668,76 324,57 Зоопланктон, миллиграммен/ текше метр 206,03 758,22 168,86 Бентос, граммен/ шаршы метр 11,08 26,94 41,16 19,55 Мейобентос, граммен/ шаршы метр 142,51 12,44 91,88
Басқа 4. Каспий теңізі үшін қолдануға ұсынылған балықтардың өнімінің өндірілу және азықтық базасының коэффициенттері
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесіне 4-қосымша Каспий теңізі үшін қолдануға ұсынылған балықтардың өнімінің өндірілу және азықтық базасының коэффициенттері Көрсеткіштер Фитопланктон Зоопланктон Бентос Р/В, өнім өндіру коэффициенті 225 30 4 К2, алынған өнімді балық өніміне аударғанда алынатын азықтық коэффициент 30 10 20 K3, азықтық базаны пайдалану көрсеткіші, пайызбен 20 80 80
Басқа 5. Кәсіпшілік қайтарымның коэффициенттері (пайызбен)
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесіне 5-қосымша Кәсіпшілік қайтарымның коэффициенттері (пайызбен) Бассейндер, аудандар және балық түрлері Уылдырық Дернәсіл Құртшабақ, салмақ мөлшерімен (грамм) 0,2 0,5 1,0 1,5 3,0 5,0 10,0 Жайық-Каспий бассейні Қортпа 0,001 0,11 0,8 Бекіре 0,005 0,11 1,2 Пілмай 0,005 0,11 1,0 Шоқыр 0,005 0,05 0,9 Қаракөз 0,05 0,02 0,8 Табан балық 0,01 0,17 0,4 2,1 Сазан 0,001 0,02 0,1 0,3 0,4 0,5 1,2 1,5 5,0 Көксерке 0,005 0,02 0,55 0,7 3,3 Ұсақ шағын балық (қызыл қанат, алабұға, балпан балық, қылыш балық және басқа түрлер) 0,0004 0,02 0,11 0,27 0,55 0,7 1,4 2,8 4,4 Майшабақ 0,005 0,02 Қарша 0,02 0,5 13,0 Ақ балық 0,05 0,006 0,6 Тұрпа, күтім, майбалық 0,01 0,02 0,5 0,8 Албырт 0,05 0,07 0,4 Шортан 0,01 0,045 0,18 0,48 0,9 1,4 2,6 4,3 7,5 Ақмарқа 0,001 0,01 0,12 0,3 0,6 1,0 1,7 2,4 4,2 Мөңке 0,005 Ақ дөңмаңдай, ақ амур 0,6 3,2 Беріш 0,001 0,01 0,1 0,25 0,4 0,8 1,2 2,1 4,0 Жайын 0,005 Есіл, Тобыл-Торғай, Нұра-Сарысу және Ертіс бассейндерінің су айдындары Бекіре 0,001 0,022 0,11 1,6 Сүйрік 0,05 0,5 2,75 4,6 Сылан 0,005 0,11 0,8 1,8 Албырт 0,05 Майқан балық 0,0005 Пайдабалық 0,01 0,22 1,4 2,8 Көкшұбар 0,01 0,30 2,0 4,5 Хариус 0,004 0,022 0,11 1,6 Аққайраң 0,05 0,18 1,9 4,5 Шортан 0,05 0,28 2,2 6,0 Нәлім 0,001 0,055 1,8 3,7 Көксерке 0,005 0,028 0,55 1,1 Табан балық 0,006 0,055 0,80 1,6 Сазан 0,005 0,028 0,75 1,8 Торта (қаракөз) 0,050 0,23 2,30 4,6 Ақ амур 0,0004 0,02 0,06 0,11 0,17 0,25 0,37 0,53 3,0 Дөңмаңдай 0,002 0,07 0,5 2,0 5,0 Тарақ балық 0,05 0,35 2,50 5,0 Алабұға 0,05 0,22 1,6 3,0 Мөңке, оңғақ және басқа түрлер (ұсақ шағын балықтар – үкішабақ, шаншар балық) 0,02 0,04 0,2 1,6 6,4 Таутан 0,05 0,22 1,4 3,2 Шу-Талас, Балқаш-Алакөл және Арал-Сырдария бассейндерінің су айдындары Арал қаязы 0,005 0,02 1,0 7 Түркістан қаязы 0,015 0,02 0,3 1,8 3,5 Храмуля 0,06 0,03 0,1 1,5 3,0 Күміс мөңке 0,01 0,04 0,2 1,6 6,4 Сазан 0,005 0,06 0,5 2,0 8,0 Көксерке 0,01 0,02 0,3 1,0 4,0 Табан балық 0,012 0,027 1,0 2,5 5,0 Ақмарқа 0,013 0,024 0,3 1,5 3,6 Қылыш балық 0,008 0,09 0,2 1,5 5,0 Торта, қаракөз 0,005 0,03 0,2 1,0 6,5 Шортан 0,002 0,03 1,0 8,0 18 Жайын 0,008 0,02 5,0 9,0 15 Дөңмаңдай 0,002 0,07 0,5 2,0 5,0 Ақ амур 0,0004 0,02 0,06 0,11 0,17 0,25 0,37 0,53 3,0 Қара балық 0,005 0,01 0,5 2,0 5,0 Шармай 0,005 0,01 0,5 2,0 5,0 Осман 0,005 0,01 0,5 2,0 5,0 Күректұмсық 0,01 0,02 0,5 2,0 8,0 Пілмай 0,01 0,02 0,6 5,0 15 Жыланбас балық 0,005 0,016 0,3 1,0 3,0 Камбала 0,002 0,4
Басқа 6. Солтүстік Каспийдегі ауланымдарда балықтардың кездесуі
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесіне 6-қосымша Солтүстік Каспийдегі ауланымдарда балықтардың кездесуі Тұқымдастар Балық түрлері Ауланымдарда кездесуі, пайызбен Жағалау (тереңдігі 3 метр және одан аз) Ашық акваторий (тереңдігі 3 метрден жоғары) Бекіре тұқымдастар Орыс бекіресі 0,255 2,155 Бекіре тұқымдастар Парсы бекіресі 0,007 0,063 Бекіре тұқымдастар Шоқыр 0,349 1,114 Бекіре тұқымдастар Қортпа 0,145 0,352 Майшабақ тұқымдастар Бражников шабағы 0,153 0,248 Майшабақ тұқымдастар Каспий-қара теңіз қарынсауы 0,080 0,991 Майшабақ тұқымдастар Солтүстік Каспий қарынсауы 0,051 0,677 Майшабақ тұқымдастар Бадырақкөзді қарынсау 2,269 6,748 Майшабақ тұқымдастар Жұмырбасты қарынсау 0,393 1,426 Майшабақ тұқымдастар Каспий тюлькасы (қарша) 0,022 0,006 Тұқы тұқымдастар Көктыран 0,567 0,039 Тұқы тұқымдастар Шығыс табан балығы 6,364 4,089 Тұқы тұқымдастар Айнакөз 4,153 2,053 Тұқы тұқымдастар Қарапайым ақмарқа 2,131 0,517 Тұқы тұқымдастар Балпан балық 1,200 - Тұқы тұқымдастар Күміс мөңке 0,560 - Тұқы тұқымдастар Еуропа сазаны (тұқы) 7,659 0,066 Тұқы тұқымдастар Аққайраң 0,793 0,000 Тұқы тұқымдастар Қылыш балық 1,709 0,704 Тұқы тұқымдастар Солтүстік Каспий қаракөзі 41,559 70,770 Тұқы тұқымдастар Қызылқанат 24,358 0,127 Тұқы тұқымдастар Оңғақ 0,116 0,006 Шортан тұқымдастар Қарапайым шортан 0,073 - Тікенді балық тұқымдастар Сингиль 0,036 0,088 Алабұға тұқымдастар Алабұға 0,029 0,006 Алабұға тұқымдастар Қарапайым көксерке 3,273 4,419 Алабұға тұқымдастар Беріш 0,378 0,077 Жайын тұқымдастар Қарапайым жайын 0,407 0,022 Атерина тұқымдастар Атерина 0,029 0,006 Бұзаубас тұқымдастар Кесслер қарақшысы 0,007 0,066 Бұзаубас тұқымдастар Каспий қарақшысы 0,516 0,996 Бұзаубас тұқымдастар Махмутбеев қарақшысы - 0,061 Бұзаубас тұқымдастар Хвалынский бұзаубасы - 0,077 Бұзаубас тұқымдастар Каспий бұзаубас-құмқазары 0,124 1,750 Бұзаубас тұқымдастар Каспий бұзаубас-бас алғышы 0,087 0,088 Бұзаубас тұқымдастар Дөңгелек бұзаубас 0,044 0,033 Бұзаубас тұқымдастар Ширман бұзаубасы 0,102 0,165
Басқа 7. Қайта есептеу коэффициенттерінің мәні
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесіне 7-қосымша Қайта есептеу коэффициенттерінің мәні № Балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілеріне зиян келуіне себеп болған жағдайлар Коэффициенттер мәні 1. Балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін қасақана жою, оның ішінде: 1.1 балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін заңсыз алу (арнайы қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда) Коэффициент «К» 1,5 1.2 республикалық және жергілікті маңызы бар арнайы қорғалатын табиғи аумақтардағы балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін заңсыз алу Коэффициент «Ко» 3 2. Балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерін абайсызда жою Коэффициент «Кн»1,5 3. «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын бекіту туралы (I том. Жануарлар. 2-бөлім. Омыртқасыз жануарлар)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 маусымдағы № 622 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген балық ресурстары мен басқа да су жануарларын немесе аулауға тыйым салынған балық ресурстары мен басқа да су жануарларын жою, сондай-ақ уылдырық шашу кезеңінде уылдырық шашатын орындарда және өзге де учаскелерде балық аулау. Коэффициент «Кк» 3 4. Балық және балық өнімдерін (сүбе ет), сондай-ақ балық ресурстары және басқа да су жануарларының дериваттарын заңсыз сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау Коэффициент «Кд» 1,5 5. Шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында балық ресурстары мен басқа да су жануарлары объектілерінің қасақана немесе салғырттық салдарынан жойылуы (өлімі) себеп болған әрекеттер (әрекетсіздіктер) Коэффициент «Кв» 1