О некоторых вопросах местного государственного управления Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 45-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына, «Жаңақорған ауданын басқару схемасына өзгерістер енгізу туралы» Жаңақорған ауданы мәслихатының 2024 жылғы 19 ақпандағы №173 шешіміне сәйкес, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) «Жаңақорған ауданының мәдениет және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;
Тармақша 2
2) «Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
Тармақ 3
3. Жаңа редакцияда бекітілсін:
Тармақша 1
1) «Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі №1 қосымшаға сәйкес;
Тармақша 2
2) «Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі №2 қосымшаға сәйкес;
Тармақша 3
3) «Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі №3 қосымшаға сәйкес;
Тармақ 4
4. Жаңақорған ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылатын құрылымдық элементтерінің тізбесі №5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 5
5. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті өзгерістерге сәйкес заңды тұлғаны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден өткізу, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдау жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б. Ахметовке тапсырылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 13
Жаңақорған ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы «23» ақпандағы № 28 қаулысымен бекітілген 1 қосымша «Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі) Жаңақорған ауданындағы дене тәрбиесі, спорт және туризм салаларындағы функцияларды жүзеге асыруға Жаңақорған ауданының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің ведомствосы бар.
Тармақ 3
3. Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі баcшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120300, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Б. Байкенжеев көшесі №6. «Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
Тармақ 10
10. Осы Ереже Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады. «Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жаңақорған ауданының әкімдігі болып табылады.
Тармақ 11
11. Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: дене тәрбиесі, спорт және туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға; құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға; қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақша 2
2) Міндеттері: Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сай, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олардың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беру; жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру; заңды және негізделген шешімдер қабылдау; қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың құзыреттілігі шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де шараларды қабылдау; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген өзге міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) дене тәрбиесі, спорт және туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) дене тәрбиесімен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене тәрбие-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында шаралар қабылдайды;
Тармақша 3
3) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту бағытында шаралар қабылдайды;
Тармақша 4
4) аудандағы дене тәрбиесі мен спортты қолдау мен ынталандыруды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) спорт түрлерінен президенттік тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасайды және бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткізеді;
Тармақша 7
7) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлайды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
Тармақша 10
10) спортшыларға келесі 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы. 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3- жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
Тармақша 11
11) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаттағы әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
Тармақша 12
12) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;
Тармақша 13
13) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізуді үйлестіреді;
Тармақша 14
14) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерцияларының ұсыныстарымен спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
Тармақша 15
15) аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 17
17) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 18
18) өңірлік туризмді дамыту бағдарламаларын орындауға бағытталған іс-шаралардың атқарылуын жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 409, 488-1 баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды ресімдеуге байланысты жергілікті атқарушы органның жұмысшы органы ретінде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдайды;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
Тармақ 19
19. Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына, өз функционалдық міндеттерінің жүзеге асырылуына жауап береді;
Тармақша 2
2) мекеменің жұмысын басқарады, жүктелген міндеттердің орындалуына дербестік жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасында қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үлестіреді, бекітеді;
Тармақша 3
3) мекеменің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 4
4) заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;
Тармақша 5
5) мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 6
6) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
Тармақша 7
7) тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенім хатсыз өкілдік етеді;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 9
9) гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асырады.
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Ресубликасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекеменің тізбесі: «Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 75
Жаңақорған ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы «23» ақпандағы № 28 қаулысымен бекітілген № 2 қосымша «Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі) Жаңақорған ауданындағы мәдениет және тілдерді дамыту салаларындағы функцияларды жүзеге асыруға Жаңақорған ауданының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ведомстволары бар.
Тармақ 3
3. Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі баcшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120300, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Манап Көкенов көшесі №4. «Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
Тармақ 10
10. Осы Ереже Жаңақорған ауданының мәдениет тілдерді дамыту бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады. «Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жаңақорған ауданының әкімдігі болып табылады.
Тармақ 11
11. Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға; құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға; қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақша 2
2) Міндеттері: Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сай, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олардың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беру; жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру; заңды және негізделген шешімдер қабылдау; қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың құзыреттілігі шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де шараларды қабылдау; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген өзге міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) «Мәдениет туралы», «Тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы өзге де заңнамаларымен осы салада ауданның жергілікті атқарушы органдарына жүктелген функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау, дамыту әрі таратуды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) ауданның мәдени-рухани дамуының жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған мәдени шараларды жүргізеді;
Тармақша 4
4) театр, музыка және кітапхана ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құруға ұсыныстар келтіреді, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) бағынысты мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) бағынысты мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
Тармақша 10
10) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
Тармақша 11
11) ауданның мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін береді;
Тармақша 12
12) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;
Тармақша 13
13) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 14
14) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 75, 156 баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды ресімдеуге байланысты жергілікті атқарушы органның жұмысшы органы ретінде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдайды;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
Тармақ 19
19. Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына, өз функционалдық міндеттерінің жүзеге асырылуына жауап береді;
Тармақша 2
2) мекеменің жұмысын басқарады, жүктелген міндеттердің орындалуына дербестік жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасында қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үлестіреді, бекітеді;
Тармақша 3
3) мекеменің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 4
4) заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;
Тармақша 5
5) мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 6
6) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
Тармақша 7
7) тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенім хатсыз өкілдік етеді;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 9
9) гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асырады.
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Ресубликасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі: «Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Адырбек Сопыбеков атындағы аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Басқа 132
Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2024 жылғы «23» ақпандағы № 28 қаулысымен бекітілген № 3 қосымша «Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- «Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі) өз құзыреті шегінде бірыңғай кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120300, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Манап Көкенов көшесі № 44. «Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
Тармақ 10
10. Осы Ереже Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады. «Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жаңақорған ауданының әкімдігі болып табылады.
Тармақ 11
11. Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары: ауданда кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларын дамыту жөніндегі саясатты жүргізу.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға; құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға; қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақша 2
2) Міндеттері: Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сай, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олардың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беру; жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру; заңды және негізделген шешімдер қабылдау; қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың құзыреттілігі шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де шараларды қабылдау; кәсіпкерлік дамуын үйлестіруді қамтамасыз ету; қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) Өнеркәсіпті және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында аймақтық бағдарламалардың дайындалуын және жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлікті қолдау мақсатында құрылатын технопарк жүйелері, бизнес орталықтар, бизнес инкубаторлар, кіші инновациялық іс-қимылдары орталығы және тағы басқа объектілердің құрылуы жөнінде жобаларды дайындау;
Тармақша 3
3) кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнама бойынша сұрақтар жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 4
4) кәсіпкерлік субъектілеріне қысқа мерзімді оқытуды ұйымдастыру мен өткізу;
Тармақша 5
5) бюджеттік бағдарламаға сәйкес кәсіпкерлік субъектілеріне несие беруді, басым жобаларға іріктеу жасап, олардың мониторингін жүргізу;
Тармақша 6
6) аймақтық индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылуына жағдайлар жасау;
Тармақша 7
7) ауданның кәсіпорындарында халықаралық сапа стандартын енгізу үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 8
8) өнеркәсіп салалары қызметін үйлестіру және дамуының мониторингін жүргізу;
Тармақша 9
9) сауда, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының, қызметін үйлестіру;
Тармақша 10
10) ауданда кіші кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасын және оны іске асырудың іс-шаралар жоспарын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау.
Тармақша 11
11) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 193, 199, 204, 204-2 баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды ресімдеуге байланысты жергілікті атқарушы органның жұмысшы органы ретінде осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдау.
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
Тармақ 19
19. Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына, өз функционалдық міндеттерінің жүзеге асырылуына жауап береді;
Тармақша 2
2) мекеменің жұмысын басқарады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербестік жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасында қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үлестіреді, бекітеді;
Тармақша 3
3) мекеменің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 4
4) заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;
Тармақша 5
5) мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 6
6) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
Тармақша 7
7) тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенім хатсыз өкілдік етеді;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 9
9) гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асырады.
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерін жүзеге асырады. Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі жоқ.
Басқа 186
Жаңақорған ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы «23» ақпандағы № 28 қаулысымен бекітілген «Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі) Жаңақорған ауданындағы қоғамдық даму саласындағы функцияларды жүзеге асыруға Жаңақорған ауданының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің ведомствосы бар.
Тармақ 3
3. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі баcшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120300, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Манап Көкенов көшесі №33. «Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
Тармақ 10
10. Осы Ереже Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады. «Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жаңақорған ауданының әкімдігі болып табылады.
Тармақ 11
11. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) Ауданда ішкі саяси тұрақтылықты, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, аудан әкімінің ауданның қоғамдық даму бөлімінің құзырына қатысты мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Құқықтары: заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға; құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға; қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақша 2
2) Міндеттері: Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сай, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олардың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беру; жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру; заңды және негізделген шешімдер қабылдау; қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың құзыреттілігі шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де шараларды қабылдау; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген өзге міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы өзге де заңнамаларымен осы салада ауданның жергілікті атқарушы органдарына жүктелген функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) қоғамдық байланыстар, бұқаралық ақпарат құралдарына жергілікті мемлекеттік тапсырыстарды бөледі;
Тармақша 3
3) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 418, 455 баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды ресімдеуге байланысты жергілікті атқарушы органның жұмысшы органы ретінде осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдайды;
Тармақша 4
4) әкімдік жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес қызметіне қатысады;
Тармақша 5
5) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 6
6) аудандағы қоғамдық-саяси, діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді;
Тармақша 7
7) үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық саяси және діни бірлестіктермен, саяси партиялармен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
Тармақша 8
8) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын насихаттауды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) Телерадио хабарларын тарату операторларының қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды және телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында меншікті спутниктік хабар тарату жүйелері жоқ телерадио хабарларын тартау операторларының теле-,радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықтарды таратуына тыйым салу жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Тармақша 11
11) «Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (10-бабы 2 тармағы) сәйкес өз құзіреті шегінде волонтерлік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Тармақша 12
12) Әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтап, жоғары тұрған органдарды хабардар етуді, алдын алу бойынша жұмыстар үйлестіру;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
Тармақ 19
19. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына, өз функционалдық міндеттерінің жүзеге асырылуына жауап береді;
Тармақша 2
2) мекеменің жұмысын басқарады, жүктелген міндеттердің орындалуына дербестік жауапкершілікті алып жүретін қызметкерлер арасында қызметтік міндеттерді және олардың жауапкершілік дәрежесін үлестіреді, бекітеді;
Тармақша 3
3) мекеменің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 4
4) заңда белгіленген тәртіппен көтермелеу және тәртіптік жаза белгілеу мәселелерін шешеді;
Тармақша 5
5) мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 6
6) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
Тармақша 7
7) тиісті аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенім хатсыз өкілдік етеді;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 9
9) гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асырады.
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөліміне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Ресубликасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. «Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі: «Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.