Об утверждении размеров ставок за совершение нотариальных действий и иных услуг, а также за выдачу копий (дубликатов) нотариально удостоверенных документов и осуществление консультирования частными нотариусами Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жекеше нотариустардың нотариаттық әрекеттер жасағаны және өзге де көрсетілетін қызметтері үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi және консультация беруді жүзеге асырғаны үшiн мөлшерлемелер мөлшерін бекіту туралы «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Нотариаттық іс-әрекеттерді және өзге де қызметтерді жасағаны, сондай-ақ нотариаттық куәландырылған құжаттардың көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені және жекеше нотариустардың консультация бергені үшін қоса беріліп отырған төлем мөлшерлемелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жекеше нотариустардың нотариаттық әрекеттер жасағаны және өзге де көрсетілетін қызметтері үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi және консультация беруді жүзеге асырғаны үшiн мөлшерлемелер мөлшері
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2025 жылғы 27 қыркүйектегі № 533 бұйрығына қосымша Жекеше нотариустардың нотариаттық әрекеттер жасағаны және өзге де көрсетілетін қызметтері үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi және консультация беруді жүзеге асырғаны үшiн мөлшерлемелер мөлшері
Бөлім 1
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жекеше нотариустардың нотариаттық әрекеттер жасағаны және өзге де көрсетілетін қызметтері үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi және консультация беруді жүзеге асырғаны үшiн мөлшерлемелер мөлшері «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 30-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Заң).
Бөлім 2
2-бөлім. Нотариаттық іс-әрекеттер үшін төлем мөлшерлемелері
Тармақ 2
2. Жекеше нотариустардың нотариаттық әрекеттер жасағаны және өзге де көрсетілетін қызметтері үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi және консультация беруді жүзеге асырғаны үшiн мөлшерлемелер мөлшері мынадай:
Тармақша 1
1) қалалық жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғынжайларды, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшiн: егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 17 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК); құны 30 АЕК-ке дейiн: балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 3 АЕК; басқа да адамдарға – 8 АЕК; құны 30 АЕК-тен жоғары: балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi және апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне – 7 АЕК; басқа да адамдарға – 12 АЕК; егер мәмiле ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша алынған қаражат есебiнен жылжымайтын мүлiктi сатып алу мақсатында жасалатын болса – 4 АЕК;
Тармақша 2
2) ауылдық жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғынжайларды, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшiн: егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 3 АЕК; балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 1,5 АЕК; басқа да адамдарға – 2,7 АЕК;
Тармақша 3
3) автомобиль көлiгiн, тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырғаны үшін: егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса – 12 АЕК; балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне – 4 АЕК; басқа да адамдарға – 10 АЕК;
Тармақша 4
4) жалдау, қарыз, (ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттарын қоспағанда), кепiлақы, лизинг, мердiгерлiк шарттарын, неке келiсiмшарттарын, ортақ меншiктегi мүлiкті бөлу, мұрагерлiк мүлiктi бөлу шарттарын, алименттердi төлеу жөнiндегi келiсiмдердi, құрылтай шарттарын куәландырғаны үшiн – 10 АЕК;
Тармақша 5
5) кепілгерлік пен кепілдік шарттарын куәландырған кезде – 1,5 АЕК;
Тармақша 6
6) ипотекалық тұрғын үй заемдары шарттарын куәландырғаны үшiн – 4 АЕК;
Тармақша 7
7) ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша жылжымайтын мүліктің кепіл шарттарын куәландырған кезде – 4 АЕК;
Тармақша 8
8) басқа кепіл шарттарын куәландырғаны үшін – 10 АЕК;
Тармақша 9
9) өсиеттерді куәландырған кезде – 3 АЕК;
Тармақша 10
10) мұрагерлікке құқық туралы куәлікті бергені үшін – 4 АЕК әрбір берілген куәлік үшін;
Тармақша 11
11) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске және бірлескен ортақ меншік құқығында мүлкі бар өзге де адамдардың меншік құқығы туралы куәлікті берген кезде – 5 АЕК;
Тармақша 12
12) мұрагерлік мүлiктi қорғау жөнiнде шаралар қолданғаны үшiн – 8 АЕК;
Тармақша 13
13) автомобиль көлiгiн, тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды сату құқығынсыз пайдалану және басқару құқығына сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн – 2 АЕК;
Тармақша 14
14) мүлікті пайдалану және иелік ету құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде – 2,5 АЕК;
Тармақша 15
15) өзге де сенімхаттарды куәландырғаны үшін: жеке тұлғалар үшін – 1,1 АЕК; заңды тұлғалар үшін – 2,5 АЕК;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында міндетті нотариаттық куәландыру көзделген келісулерді куәландырғаны үшін – 1,5 АЕК;
Тармақша 17
17) теңіздік наразылығын жасағаны үшін – 5,5 АЕК;
Тармақша 18
18) құжаттардың көшірмелері мен құжаттардың үзінді көшірмелерін куәландырған кезде (әр беті үшін): жеке тұлғалар үшін – 0,1 АЕК; заңды тұлғалар үшін – 0,17 АЕК;
Тармақша 19
19) құжаттарда қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландырған кезде (әрбір құжат үшін): жеке тұлғалар үшін – 0,53 АЕК; заңды тұлғалар үшін – 1,1 АЕК;
Тармақша 20
20) нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландырған кезде (бір бет үшін): жеке тұлғалар үшін – 0,3 АЕК; заңды тұлғалар үшін – 0,4 АЕК;
Тармақша 21
21) нотариус дайындаған қағаз жеткізгіштегі құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландырған кезде (бір бет үшін): жеке тұлғалар үшін – 0,3 АЕК; заңды тұлғалар үшін – 0,4 АЕК;
Тармақша 22
22) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа да жеке және заңды тұлғаларға берген кезде – 0,7 АЕК;
Тармақша 23
23) құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін берген кезде – 0,7 АЕК;
Тармақша 24
24) телнұсқаны берген кезде – 3 АЕК;
Тармақша 25
25) вексель наразылығын жасаған кезде және чектің төленбегенін куәландырған кезде – 1,5 АЕК;
Тармақша 26
26) атқарушылық жазба жасағаны үшін: жеке тұлғалар үшін – өндіріп алынатын соманың немесе талап етілетін өзге жылжымалы мүліктің нарықтық құнының 0,2 пайызы, бірақ 1 АЕК-тен кем емес және 50 АЕК-тен артық емес; заңды тұлғалар үшін – өндіріп алынатын соманың немесе талап етілетін өзге жылжымалы мүліктің нарықтық құнының 1 пайызы, бірақ 1,5 АЕК-тен кем емес және 100 АЕК-тен артық емес; Бұл ретте Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген талап бойынша атқарушылық жазба жасау үшін – 0,5 АЕК. Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптар бойынша атқарушылық жазба жасау үшін ақы төлеудің төменгі шегі 1 АЕК құрайды.
Тармақша 27
27) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтаған кезде – әр айға 0,6 АЕК;
Тармақша 28
28) құпия өсиеті бар конвертті ашқан және құпия өсиетті жария еткен кезде – 1,2 АЕК;
Тармақша 29
29) құпия өсиетті қабылдау туралы куәлікті берген кезде – 1,2 АЕК;
Тармақша 30
30) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген басқа нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде – 7,2 АЕК;
Тармақша 31
31) консультация беруді жүзеге асырған кезде – 1 АЕК мөлшерлемелерінде белгіленеді.
Тармақ 2-1
2-1. Өндіріп алушының нотариусқа атқарушылық жазба жасағаны үшін төлеген төлемі, сондай-ақ осыған байланысты өндіріп алушы көтерген шығыстар борышкерге жатқызылады. Атқарушылық жазбаның күші жойылған кезде, нотариусқа оны жасағаны үшін төленген сома қайтарылуға жатпайды.