О некоторых вопросах учета субъектов малого предпринимательства Қолданыста
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін есепке алудың кейбір мәселелері туралы
Облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 20 наурыздағы XIX сессиясының №175 шешімімен бекітілген 2003-2005 жылдарға арналған облыста кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру және шағын кәсіпкерлік субъектілерін есепке алу жүйесін реттеу мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған шағын кәсіпкерлік субъектілерін есепке алу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М. Есеновке жүктелсін.
Басқа 3
Облыс әкімиятының
2004 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 136 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Облыстағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін есепке алу жөніндегі бірлескен іс-шаралар
ЖОСПАРЫ
Р/с
Іс-шаралар
Орындау мерзімі
Жауапты орындаушылар
1
Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 47 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі №152 "Салық және статистика органдарының арасында жеке кәсіпкерлер бойынша ақпараттар алмасу туралы" бірлескен бұйрығын орындауды қамтамасыз ету
Белгіленген мерзімдерде
Облыс бойынша салық комитеті (келісім бойынша), облыстық статистика басқармасы (келісім бойынша)
2
Жер иеленуге құқығын растайтын құжаттары бар шаруа қожалықтарының саны жөніндегі мәліметтерді облыстық статистика басқармасына ұсыну
Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-на
Жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитет (келісім бойынша)
3
Жер иелену құқығын растайтын құжаттары бар шаруа қожалықтарының саны бойынша салыстырып тексеруді жүргізу
Жыл сайын, есепті жылдан кейінгі айдың 20-на дейін
Жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық комитет (келісім бойынша),
облыстық статистика басқармасы(келісім бойынша)
4
Тіркелген және нақты жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны бойынша (заңды тұлғалар) салыстырып тексеруді жүргізу
Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-на дейін
Облыстық статистика басқармасы
(келісім бойынша),
әділет департаменті (келісім
бойынша)
5
Тіркелген жэне нақты жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны бойынша (заңды тұлғалар) және оларда жұмыс істейтін адамдар саны бойынша
Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-на дейін
Облыстық статистика басқармасы(келісім бойынша), облыс бойынша салық комитеті
салыстыруып тексеру
(келісім бойынша)
6
Облыстық аймақтық даму және кәсіпкерлікті қолдау басқармасына :
1) аудандар көлемінде және экономикалық қызмет
түрлері бойынша тіркелген заңды тұлғалар және онда
жұмыс істейтін адамдар саны жөнінде мәліметтерді;
2) аудандар көлемінде және экономикалық қызмет
түрлері бойынша тіркелген жеке кәсіпкерлер мен онда
жұмыс істейтін адамдар саны туралы жедел мәліметтерді;
3) шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін адамдар
мен өткізілген тауарлардан (жұмыс, қызмет) түскен
табыстар жөнінде жиынтық есепті;
4) аудандар мен Қызылорда қаласы көлемінде және
экономикалық қызмет түрлері бойынша шағын
кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін адамдар саны мен
өткізілген тауарлардан (жұмыс, қызмет) түскен табыстар
жөніндегі туралы есепті;
5) аудандар мен Қызылорда қаласы көлемінде және
экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген жеке
кәсіпкерлер саны, оларда жұмыс істейтін адамдар саны
туралы мәліметтерді ұсыну.
Әр айдың 8 - не
Тоқсан сайын
Әр айдың 8 - не
Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі 25 -не
Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25 - не
Облыстық статистика басқармасы (келісім бойынша)