ПОЛОЖЕНИЕ "Об аттестации адвокатов Республики Казахстан" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының адвокаттарын аттестациядан өткізу туралы ЕРЕЖЕ 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрлігінің 30.04.1998 № 339 бұйрығымен. 1997 жылғы 5 желтоқсандағы "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының адвокаттарын аттестациядан өткізу туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аталған Ереже 1998 жылғы 1 ақпаннан күшіне енгізілсін.
Басқа 3. Қазақстан Республикасының адвокаттарын аттестациядан өткізу туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 11 ақпан N 130 бұйрығымен бекітілді Қазақстан Республикасының адвокаттарын аттестациядан өткізу туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Адвокаттарды аттестациядан өткізу олардың кәсіби білімінің деңгейін және соның негізінде біліктілік дәрежесін анықтау мақсаттарында "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес өткізіледі.
Тармақ 2
2. Аттестация өткізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен Орталық және аймақтық аттестациялық комиссиялар құрылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен Ереженің негізінде әрекет ететін Орталық аттестациялық комиссия аймақтық аттестациялық комиссияларының шешімдеріне білдірілген шағымдарды қарайды, аттестация басталу күнінен бастап бір жыл ішінде дәлелді себептермен аймақтық аттестациялық комиссия өткізетін аттестацияға екі мәрте келмеген адвокаттарды аттестациядан өткізеді, сондай-ақ адвокаттарды аттестациядан өткізуге арналған сауалдар тізбесін бекітеді. Аттестациядан өткізуге арналған сауалдар тізбесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мемлекеттік және орыс тілдерінде жасайды, ол аттестацияның басталуына дейін қырық бес тәуліктен кешіктірілмей жергілікті адвокаттар алқаларының төралқаларына жіберіледі. Аттестациядан өткізуге арналған сауалдар тізбесін жергілікті адвокаттар алқаларының төралқалары аттестациялауға жататын барлық адвокаттарға аттестация басталуына дейін отыз тәуліктен кешіктірмей қол қойғызып береді.
Тармақ 4
4. Аймақтық аттестациялық комиссиялар тиісті облыстар, республикалық мағынадағы қалалар мен астана адвокаттарын осы Ережеге сәйкес аттестациядан өткізеді.
Тармақ 5
5. Аймақтық аттестациялық комиссиялар Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің, Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағының, жергілікті әділет органы мен адвокаттар алқаларының бір-бір өкілдерінен және бір құқықтанушы ғалымнан тұратын бес мүше құрамында құрылады. Әділет министрлігінің өкілі комиссияның төрағасы болып табылады. Комиссияның хатшысы адвокаттар алқалары мүшелерінің ішінен дауыстар көпшлігімен сайланады. Адвокаттарды аймақтық аттестациялық комиссиялар құрамына енгізуге арналған ұсыныстарды тиісті жергілікті адвокаттар алқаларының төралқалары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне енгізеді. Аймақтық аттестациялық комиссиялардың мүшелері болып табылатын адвокаттар осы Ережеге сәйкес аттестация басталғанға дейін аймақтық аттестациялық комиссия төрағаларының арасынан Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде аттестациядан өтуге жатады.
Тармақ 6
6. Аттестация басталуына дейін адвокаттар алқалары құрылтай құжаттарын "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келтіруге тиіс. "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күшіне ену сәтінде адвокаттық қызметпен айналысуға патенті және жергілікті адвокаттар алқаларының мүшелері болып табылатын адвокаттар аттестациядан өтуге жатады. Ескерту: Жоғары заңгерлік білімі және заңгерлік мамандығы бойынша екі жылдық жұмыс стажы жоқ, қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған, сондай-ақ босатылған күнінен бастап бір жыл бойы тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органынан босатылған жергілікті адвокаттар алқасының мүшелері аттестацияға жіберілмейді.
Тармақ 7
7. Жүктілігі, босануы және балаға қарауы бойынша демалыста жүрген, баланың үш жасқа толғанына дейін берілетін еңбек ақысыз қосымша демалыстағы әйелдер, сондай-ақ жыл сайынғы еңбек және қосымша демалыста, уақытша еңбекке жарамсыздығы мен еңбек ақысыз демалыста жүрген адамдар аттестациядан жұмыс орнына оралған соң өтеді.
Тармақ 8
8. Орталық және аймақтық аттестациялық комиссияларға аттестацияны өткізу құжаттарын жергілікті адвокаттар алқаларының төралқалары енгізеді. Аттестацияны өткізуге арналған құжаттар аймақтық аттестациялық комиссиясына аттестация басталар алдынан бір тәуліктен кешіктірілмей жіберіледі.
Тармақ 9
9. Орталық және аймақтық аттестациялық комиссияларда аттестацияның өткізілу мерзімін жергілікті адвокаттар алқаларының құрылтай құжаттары "Адвокаттық қызмет" туралы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабының 4-тармағына сәйкес келтірілген соң Қазақстан Республикасы Әділет министрі белгілейді.
Тармақ 10
10. Орталық аттестациялық комиссия қызметін ұйымдастыруы және техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, ал аймақтық аттестациялық комиссиялардың қызметін қамтамасыз етуі жергілікті адвокаттар алқасының төралқалары мен әділет басқармаларына жүктеледі.
Тарау 2. 2. АТТЕСТАЦИЯНЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
2. АТТЕСТАЦИЯНЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
Тармақ 11
11. Аттестациядан өтуге тиіс адвокатқа арнап төмендегідей құжаттар ұсынылады:
Тармақша 1
1) жергілікті адвокаттар алқасы төралқасының берген ұсынысы;
Тармақша 2
2) аттестациядан өтушінің кәсіби білімі бағаланған, іскерлік және ұждандық қасиеттері көрсетілген қызметтік мінездемесі;
Тармақша 3
3) нотариус арқылы куәландырылған білімі жөніндегі дипломның көшірмесі;
Тармақша 4
4) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған патент;
Тармақша 5
5) аттестациядан өтушінің өз қолымен жазған өмірбаяны;
Тармақша 6
6) аттестациядан өтушінің мөлшері 3х4 см. фотосуреті мен жеке іс парағы;
Тармақша 7
7) құқықтық статистика және ақпараттық орталықтың аттестациядан өтушілерді соттылығы туралы тексеріс нәтижесі жөніндегі анықтамасы;
Тармақша 8
8) жеке адвокаттық кеңсе иелерінен жеке адвокаттық кеңсенің құрылтай құжаттары;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы "Адвокаттық қызмет туралы" Заң қабылданғанға дейін бір жыл ішінде құқық қорғау орнынан жұмыстан босатылуы жөніндегі бұйрықтың көшірмесі. Ұсынылған құжаттарға қоса соңғы үш жылдағы марапаттау немесе шара қолдану туралы қаулының көшірмесі, аттестациядан өтушінің соңғы үш жылдағы кәсіби қызметін тексеру нәтижелері жөніндегі анықтамалардың көшірмелері, соңғы үш жыл ішінде аттестациядан өтушінің үстінен берілген шағымдар туралы мәліметтер және олар бойынша адвокаттар төралқасының қабылдаған шешімдерінің көшірмелері қоса берілуге тиіс. Аттестациядан өтуге тиіс адвокат ұсынылып отырған мінездемемен және басқа құжаттармен, сондай-ақ аттестацияның басталу күні мен өткізілетін орны туралы мәліметтермен оның басталарына дейін он екі тәуліктен кешіктірмей қол қойып танысуы қажет. Жергілікті әділет басқармалары жергілікті адвокаттар алқаларының төралқалары ұсынған тізім бойынша аттестациядан өтушінің сот астында болғандығы туралы тексеріс ұйымдастырады.
Тармақ 12
12. Аймақтық аттестациялық комиссия осы Ереженің 10-тармағымен көзделген талаптар орындалмаған жағдайда аттестациялық емтиханды тапсыруға адвокатты жіберуден бас тарту туралы жазбаша шешім қабылдайды.
Тармақ 13
13. Аттестациядан өткізу аттестациядан өтушінің қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдеріне жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Компьютерлік аттестациялық емтихан тапсыру барысында аттестация өткізуге арналған сұрақтар тізіміне енгізілген 100 сұрақтың 65-не дұрыс жауап берген адвокат аттестациядан өткен болып есептеледі. Аттестациядан өткізуге арналған сұрақтар тізіміне енгізілген 100 сұрақтың 55-нен бастап 65-не дейін дұрыс жауап берген адвокатқа аттестациялық комиссия мүшелері шешім қабылданғанға дейін қосымша ауызша сұрақтар қоя алады. Бұл жағдайда қосымша сұрақтарға дұрыс жауап бермеген адвокат аттестациядан өтпеген болып есептеледі. 55 балл жинай алмаған адвокат Орталық аттестациялық комиссиясына қайта емтихан тапсыруға құқысыз аттестациядан өтпеген болып есептеледі.
Тармақ 15
15. Аймақтық аттестациялық комиссияның отырысы кем дегенде төрт адамнан құралған жағдайда құқылы. Отырыста хаттама жүргізіледі, онда комиссия отырысының уақыты мен орны, аттестациядан өтушінің аты-жөні, емтихан нәтижесі, аттестациядан өтушіге қойылған қосымша сұрақтар мен оған берілген жауаптар және де комиссия қабылдаған шешім көрсетіледі. Комиссия шешімі, аттестациядан өтушіден тыс, отырысқа қатысушылардың басым көпшілігі қолдаған жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болады. Комиссия шешіміне және хаттамасына оның барлық мүшелері қол қояды. Аттестация нәтижелері аттестациядан өтушіге дәл сол күні хабарланады. Аттестациялық комиссия шешімі аттестациядан өтушіге оның сұрауы бойынша табыс етіледі.
Тармақ 16
16. Аймақтық аттестациялық комиссияның шешімі хаттамадан бөлек рәсімделеді және онда аттестациядан өтуші үміткер жөніндегі комиссияның мынадай қорытындысы көрсетіледі: - аттестациядан өтті; - аттестациядан өткен жоқ. Адвокат екі мәрте дәлелсіз себеппен аттестация басталған күннен алты ай мерзім ішінде аттестацияға келмеген жағдайда аймақтық аттестациялық комиссия "Аттестацияға келмеуіне байланысты аттестациядан өткен жоқ" деген шешім қабылдайды.
Тармақ 17
17. Адвокаттың аттестациядан өтпегендігі туралы және басқа себептерге байланысты аймақтық аттестациялық комиссияның шешіміне оның көшірмесін алған күннен бастап он тәулік аралығында Орталық аттестациялық комиссиясына шағым беруіне болады.
Тармақ 18
18. Аймақтық және Орталық аттестациялық комиссия шешімдері жергілікті адвокаттар алқасының төралқасына қабылданған күннен бастап он тәулік ішінде жіберіледі.
Тармақ 19
19. Аттестациялық комиссиялар шешімі бойынша аттестациядан өтпеген, сондай-ақ аттестацияға жіберілмеген адвокаттар заң және құрылтай құжаттары белгілеген тәртіпке сәйкес адвокаттардың алқа мүшелігінен шығарылады.