О внесении дополнений в Закон Республики Казахстан "О гражданстве Республики Казахстан" Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., N 52, 636-құжат; 1995 ж., N 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 10, 101-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 16-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацында "адамдардан" деген сөздер "не Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдардан және олардың отбасы мүшелерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 21-баптың 4) тармақшасындағы "тіркелмесе" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, "айырылады." деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: "5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса, айырылады.".