Об утверждении Методики определения лимитов государственных обязательств по проектам строительства «под ключ» Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 147-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесі бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту және инвестициялық жобаларды мониторингтеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 1 қазандағы № 99 бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесі (бұдан әрi – Әдiстеме) оларды есептеу тетiгiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 147-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер – жасалған «толық бітіріп берілетін» құрылыс шарттары бойынша белгілі бір күнге тапсырыс беруші қабылдаған және орындамаған Республикалық бюджет комиссиясы немесе жергілікті атқарушы органның бюджет комиссиясы мақұлдаған қаржылық міндеттемелердің бюджеттен бөлінетін сомасы бойынша тапсырыс берушінің және өнім берушінің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;
Тармақша 2
2) «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің лимиттері – «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша өтелмеген мемлекеттік міндеттемелердің жыл сайынғы төлемдерін ескере отырып, «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау бойынша лимиттер белгіленетін тиісті қаржы жылына арналған мән.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимитін айқындау
2-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимитін айқындау
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелердi қабылдауы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген лимитпен шектеледi.
Тармақ 4
4. Тиiстi қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелерiнiң лимитiн республикалық бюджеттiң кiрiсiн ескере отырып, бюджет саясаты жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қалыптастырады және жыл сайын тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның шеңберiнде бекiтуге енгiзiлетiн шектi шектеу болып табылады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті мынадай формула бойынша белгіленеді: Lgo = Binc * 0,10, мұндағы: Binc – республикалық бюджеттің кірістері; Lgo – тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау және мемлекеттік міндеттемелердің қабылданған және өтелмеген лимиті сомасынан тұрады. Тиісті қаржы жылына «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау лимиті мынадай формула бойынша жүргізіледі: Lfree = Lgo - Lact, мұндағы: Lfree – тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасы Үкіметінің «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау лимиті; Lact – тиiстi қаржы жылының басына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша қабылданған және өтелмеген мемлекеттiк мiндеттемелерi.
Тармақ 6
6. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелерiнiң лимитiн нақтылау тиiстi қаржы жылының iшiнде республикалық бюджеттi нақтылау кезiнде жүргiзiледi.
Тарау 3. 3-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимитін айқындау
3-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимитін айқындау
Тармақ 7
7. Жергілікті атқарушы органның «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін қабылдау тиісті жергілікті атқарушы органның «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің белгіленген лимитімен шектеледі.
Тармақ 8
8. Жергiлiктi атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттiк мiндеттемелерiнiң лимитi облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң кiрiсiн ескере отырып, бюджеттік саясат жөнiндегi уәкiлеттi орган қалыптастырады және жыл сайын тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның шеңберiнде бекiтуге енгiзiлетiн шектi шектеу болып табылады.
Тармақ 9
9. Жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті салықтық және салықтық емес түсімдердің және жалпы сипаттағы трансферттерді есепке ала отырып, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің көлеміне сәйкес келетін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бюджетінің кірістерін негізге ала отырып қалыптастырылады.
Тармақ 10
10. Жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті мынадай есеп-қисапқа сәйкес жүргізіледі: Lgom = Bincm * k, мұндағы: Lgom – тиісті қаржы жылына арналған жергілікті атқарушы органның «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиті, ол жергілікті атқарушы органның «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау лимиті мен мемлекеттік міндеттемелердің қабылданған және өтелмеген лимитінің сомасынан тұрады; Bincm – жалпы сипаттағы трансферттер ескерілген жергілікті атқарушы органның меншікті кірістерінің көлемі; k – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін түзету коэффициенті, оның ішінде: облыстардың жергілікті атқарушы органдары үшін k = 0,10; республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары үшін, сондай-ақ жедел дамуға арналған ерекше құқықтық мәртебесі бар қалада әлеуметтік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салуды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды іске асыруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган үшін k = 0,20. Тиісті қаржы жылына арналған «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау лимиті мынадай есеп-қисапқа сәйкес жүргізіледі: Lfreem = lgom-lactm, мұндағы: Lfreem – тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы органның «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау лимиті; Lactm – тиісті қаржы жылының басына жергілікті атқарушы органның «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша қабылданған және өтелмеген мемлекеттік міндеттемелері. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылының басына жергілікті атқарушы органның «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша қабылданған және өтелмеген мемлекеттік міндеттемелері туралы ақпарат береді. Жергілікті атқарушы органның «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін қабылдау лимитінің төмендеуіне әкеп соғатын болжамды кірістері төмендеген жағдайда, егер осы лимит шеңберінде барлық сомаға міндеттемелер қабылданған жағдайда өткен жылдың бекітілген қабылдау лимиті қолданылады.
Тармақ 11
11. Жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша міндеттемелерін өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстарының көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет кірістерінің он пайызына тең мөлшерден аспауға тиіс.
Тармақ 12
12. Қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимитін нақтылау тиісті қаржы жылы ішінде облыс бюджетін, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін нақтылау кезінде жүргізіледі.