Об утверждении Правил использования средств биометрической идентификации в информационных системах органов государственных доходов Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң және 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Басқа 1. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану қағидалары
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 3 қазандағы № 568 бұйрығына 1-қосымша Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 68-бабының 1-2-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) биометриялық сәйкестендіру – адамның физиологиялық ерекшеліктерін сипаттайтын және оның негізінде жеке басын анықтауға болатын биометриялық деректер (цифрлық фотосурет);
Тармақша 2
2) уәкілетті органның нормативтік-анықтамалық ақпараты – мемлекеттік кірістер органдарының деректер базасынан берілетін және Салық кодексіне сәйкес салық құпиясы болып табылмайтын ақпарат;
Тармақша 3
3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
Тармақша 4
4) электрондық шот-фактура (бұдан әрі – ЭШФ) – электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілетін және салық заңнамасы нормаларының талаптарына және осы Қағидаларға сәйкес келетін құжат;
Тармақша 5
5) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) – уәкілетті органның электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларды жазып беру, жіберу, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру, алу және сақтау жүзеге асырылатын ақпараттық жүйесі;
Тармақша 6
6) ЭШФ АЖ қатысушысы – электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы келісімге қол қойған және ЭШФ АЖ-да тіркелген тұлға;
Тармақша 7
7) ЭШФ АЖ операторы – ЭШФ АЖ әкімшісі болып табылатын мемлекеттік орган;
Тармақша 8
8) Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) – «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қол қойылған және ЭШФ АЖ-да тіркелу кезінде салық төлеуші электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырған құжат (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) (бұдан әрі – ЭШФ жазып беру қағидалары).
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріндегі биометриялық сәйкестендіру құралдары мынадай:
Тармақша 1
1) салық төлеушіні ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркеген;
Тармақша 2
2) Салық кодексінің 136-бабы 5-тармағының 4) және 5) тармақшасына және 137-бабына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде салық төлеушіге қатысты тәуекел анықталған жағдайда қолданылады.
Тармақ 4
4. Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, салық төлеушіге ЭШФ АЖ арқылы ЭШФ АЖ порталына хабарлама жіберілген сәттен бастап биометриялық өту қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі. Биометриялық сәйкестендіру ЭШФ жазып беру кезінде күніне 1 (бір) рет жүргізіледі. Ол өтпеген жағдайда ЭШФ жазып беру мүмкін емес. Биометриялық сәйкестендірудің міндетті өтулерінің жалпы саны 3 (үш) рет. Көрсетілген санға жеткеннен кейін ЭШФ АЖ биометриялық сәйкестендіруден өтпей ЭШФ одан әрі жазып беруге мүмкіндік береді.
Тармақ 5
5. Биометриялық сәйкестендіруді ЭШФ АЖ-да жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Биометриялық сәйкестендіруді жүзеге асыру кезінде ЭШФ АЖ басшының немесе ЭШФ жазуға уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ деректерінің заңды тұлғаның басшысы, дара кәсіпкер не ЭШФ АЖ операторының нормативтік-анықтамалық ақпаратында орналастырылған тіркеу деректері бар жеке тұлға туралы деректермен және Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «цифрлық бейін» платформасында орналастырылған деректермен сәйкестігіне тексеру жүргізеді (did.gov.kz).
Тармақ 7
7. Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген деректер сәйкес келген кезде ЭШФ АЖ операторы:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда – салық төлеушіге ЭШФ АЖ қатысушысы мәртебесін беруді;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда – ЭШФ-ны өңдеуді және тіркеу нөмірін беруді жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Салық төлеушілер санатын тіркеу ерекшеліктерін қолдану және құқықтар беру ЭШФ жазып беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 3 қазандағы № 568 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
1. «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушының – Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 294 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32132 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушының – Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 294 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1331 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33832 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушының – Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 294 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы № 32 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35666 болып тіркелген).