Об определении видов общественных работ и перечня организаций, в которых должны выполняться общественные работы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 914-1-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірме Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін, Жангелдин ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жангелдин ауданының әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі
Жангелдин ауданы әкімдігінің № 2025 жылғы «___» ______________ қаулысына қосымша Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі № Қоғамдық жұмыстардың түрлері Ұйымдардың тізбесі 1 Аумақты жинау және тазалау; бұталарды кесу; көгалдандыру жұмыстары; ағаштарды отырғызу, ағарту; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; газон, шөп шабу; қардан тазалау; абаттандыру. «Ақкөл ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2 Аумақты жинау және тазалау; бұталарды кесу; көгалдандыру жұмыстары; ағаштарды отырғызу, ағарту; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; газон, шөп шабу; қардан тазалау; абаттандыру. «Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 3 Аумақты жинау және тазалау; бұталарды кесу; көгалдандыру жұмыстары; ағаштарды отырғызу, ағарту; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; газон, шөп шабу; қардан тазалау; абаттандыру. «Албарбөгет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 4 Аумақты жинау және тазалау; бұталарды кесу; көгалдандыру жұмыстары; ағаштарды отырғызу, ағарту; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; газон, шөп шабу; қардан тазалау; абаттандыру. «Аралбай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 5 Аумақты жинау және тазалау; бұталарды кесу; көгалдандыру жұмыстары; ағаштарды отырғызу, ағарту; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; газон, шөп шабу; қардан тазалау; абаттандыру. «Ахмет Байтұрсынұлы ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 6 Аумақты жинау және тазалау; бұталарды кесу; көгалдандыру жұмыстары; ағаштарды отырғызу, ағарту; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; газон, шөп шабу; қардан тазалау; абаттандыру. «Жаркөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 7 Аумақты жинау және тазалау; бұталарды кесу; көгалдандыру жұмыстары; ағаштарды отырғызу, ағарту; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; газон, шөп шабу; қардан тазалау; абаттандыру. «Қалам-Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 8 Аумақты жинау және тазалау; бұталарды кесу; көгалдандыру жұмыстары; ағаштарды отырғызу, ағарту; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; газон, шөп шабу; қардан тазалау; абаттандыру. «Қызбел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 9 Аумақты жинау және тазалау; бұталарды кесу; көгалдандыру жұмыстары; ағаштарды отырғызу, ағарту; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; газон, шөп шабу; қардан тазалау; абаттандыру. «Сужарған ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 10 Аумақты жинау және тазалау; бұталарды кесу; көгалдандыру жұмыстары; ағаштарды отырғызу, ағарту; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; газон, шөп шабу; қардан тазалау; абаттандыру. «Торғай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 11 Аумақты жинау және тазалау; бұталарды кесу; көгалдандыру жұмыстары; ағаштарды отырғызу, ағарту; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; газон, шөп шабу; қардан тазалау; абаттандыру. «Шеген ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 12 Аумақты жинау және тазалау; бұталарды кесу; көгалдандыру жұмыстары; ағаштарды отырғызу, ағарту; ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу; газон, шөп шабу; қардан тазалау; абаттандыру. «Шилі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі