Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-1-бабына сәйкес Жітіқара ауданы Степной ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Комплексная геолого-экологическая экспедиция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін Жітіқара ауданы Степной ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 90,06 га жер учаскелеріне 2026 жылғы 31 тамызға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Жітіқара ауданы Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актінің қабылданғаны туралы әділет органдарын хабардар етуді;
Тармақша 2
2) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін оның Қостанай облысы Жітіқара ауданы Степной ауылдық округі әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.