Құжат мәтініне өту

О ликвидации государственного учреждения "Музей Первого Президента Республики Казахстан" Министерства культуры Республики Казахстан

Қаулы · № 1051 · қабылданған 13.10.2004
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-21525/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О ликвидации государственного учреждения "Музей Первого Президента Республики Казахстан" Министерства культуры Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 1051 ·13.10.2004
28.05.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ликвидации государственного учреждения "Музей Первого Президента Республики Казахстан" Министерства культуры Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 1051 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ликвидации государственного учреждения "Музей Первого Президента Республики Казахстан" Министерства культуры Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы" мемлекеттiк мекемесiн тарату туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1051
Қабылданған күні
13.10.2004
Көрсетілген редакция
28.05.2014 AI21525_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040001051_
ЭКБ идентификаторы
21525
Редакция идентификаторы
AI21525_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:37

0 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы" мемлекеттiк мекемесiн тарату туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайын құру туралы" 2004 жылғы 28 тамыздағы N 1431 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:

1 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігiнің "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы" мемлекеттік мекемесі таратылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдеріне енгізілетін өзгерiстер бекiтiлсiн.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2004 жылғы 14 қазандағы
N 1051 қаулысымен
бекiтiлсiн
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.05.2014 № 563 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2 2. "Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 24 қарашадағы N 1172 қаулысында :

көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттік нөмiрi 20-жол алынып тасталсын.

3 3. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысында :

көрсетілген қаулыға 311-қосымшада :
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
"экспонаттарға арналған витриналар - 100 бiрлiк;", "жарық бepу құралдары - 150 дана;", "арнайы витриналар - 100 дана;" деген жолдар алынып тасталсын;
"экспонаттар - 2537" деген жолда "2537" деген сандар "1088" деген сандармен ауыстырылсын.

4 4. "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысында :

көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығындар" деген бөлiмде:
08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" деген функционалдық топта:
01 "Мәдениет саласындағы қызмет" деген iшкi функцияда:
235 "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігi" деген әкімші бойынша:
003 "Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау" деген бағдарламада "480219" деген сандар "469734" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 101 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілiгі" деген әкiмшiмен және 004 бағдарламамен толықтырылсын:
"101 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi 10485;
004 Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау 10485".

Қолданыстағы