Об утверждении "Инструкции о порядке информирования накопительными пенсионными фондами вкладчиков и получателей о состоянии их пенсионных накоплений" Күшін жойған
Басқа 0
"Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылар мен алушыларды олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы ақпараттандыру тәртібі туралы нұсқаулықты" бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 29.07.2003 № 267 қаулысымен.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылар мен алушыларды олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы ақпараттандыруын ретке келтіру мақсатында
бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған "Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылар мен алушыларды олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы ақпараттандыру тәртібі туралы нұсқаулық" бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолдануға енгізілсін.
Тармақ 2
2. Заң бөлімі (Ремкевич Н.А.) "Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылар мен алушыларды олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы ақпараттандыру тәртібі туралы нұсқаулықты" мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
Басқа 3. Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылар мен алушыларды олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйi туралы ақпараттандыру тәртiбi туралы Нұсқаулық
Бекітілген
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi
Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң
1998 жылғы 18 желтоқсандағы
N 171 бұйрығымен
Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылар мен алушыларды олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйi туралы ақпараттандыру тәртiбi туралы Нұсқаулық
Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және Жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрi - қорлар) салымшылар мен алушыларды олардың жинақтаған зейнетақы қаражаттарының жай-күйi туралы ақпараттандыру тәртiбiн белгiлейдi.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Заңның 41-бабына сәйкес қорлар салымшылар мен алушыларды олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйi туралы жылына кемiнде бiр рет ақпараттандыруға мiндеттi.
Заңның осы нормасын атқару үшiн қорлардың салымшылар мен алушыларды жыл сайын мiндетті ақпараттандыру тәртібi жазбаша түрде енгiзiлiп отыр.
Тармақ 2
2. Ақпаратты салымшыларға және алушыларға дербес зейнетақы шотынан үзiндi түрiнде қорлар бередi және мыналар қамтылады:
Тармақша 1
1) ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы туралы ақпарат;
Тармақша 2
2) өткен жылы түскен зейнетақы жарналарының сомасы туралы ай бойынша бөлiнген мәлiметтер;
Тармақша 3
3) өткен жылы жасалған зейнетақы төлемдерiнiң сомасы туралы, ұсталған табыс салығы сомасын көрсете отырып, ай бойынша бөлiнген мәлiметтер;
Тармақша 4
4) өткен жыл үшiн есептелген инвестициялық табыс сомасы туралы мәлiметтер.
Тармақ 3
3. Заңның 27 және 28 баптарына сәйкес салымшылар мен алушылар қорға жеке өтiнiш жасаған кезде өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы кез келген ақпаратты алуға құқылы.
Тармақ 4
4. Салымшылар мен алушыларды жыл сайын мiндеттi ақпараттандыру қордың өз қаражаты есебiнен жүргiзiледi. Қорлар салымшылар мен алушылар қорға жеке өтiнiш жасаған кезде ақпарат бергенде көрсетiлген қызметтер үшiн комиссиялық сыйақы белгiлеуге құқылы.
Тармақ 5
5. Қор салымшылар мен алушыларды ақпараттандыруды құпиялылық талаптарын сақтай отырып жүзеге асыруға тиiс.
Тармақ 6
6. Қор жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы жыл сайынғы мiндеттi ақпараттарды жiберу тiзiлiмiн жүргiзуi тиiс.
Тармақ 7
7. Жыл сайынғы міндетті ақпараттың мерзімі - ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап 2 айдың ішінде.
Ескерту: 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 12 ақпандағы N 20-ө бұйрығымен .
Тарау 2. 2. Салымшыларды мiндеттi ақпараттандыру тәртібi
2. Салымшыларды мiндеттi ақпараттандыру тәртібi
Тармақ 8
8. Салымшыларға жыл сайынғы мiндеттi ақпараттарды:
Тармақша 1
1) қордың агентi арқылы;
Тармақша 2
2) зейнетақы жарналарын төлеушi/жұмыс берушi арқылы - келiсiм бойынша, қызметкерлердiң жұмыс беруші арқылы ақпарат алуға берген келiсiмiн растайтын құжаты болған жағдайда. Зейнетақы жарналарын төлеушiге/жұмыс берушiге жұмыс берушi оны алуға уәкiлеттiк бiлдiрген адам сенiмхатты көрсеткен кезде берiп жiберу;
Тармақша 3
3) салымшының үйiнiң мекен-жайына почта байланысымен жiберу арқылы қамтамасыз етiледi.
Тармақ 9
9. Ақпарат салымшыға конвертке салынып жiберiледi. Сонымен бiрге қор мыналарға мiндеттi:
Тармақша 1
1) қор салымшыларының дербес зейнетақы шоттарынан үзiндi басып беруге;
Тармақша 2
2) үзiндiлердi конвертке салуға (мына ережелердi қатаң сақтай отырып: бiр салымшы - бiр конверт. Бiр конвертке мiндеттi жарналар бойынша, сол сияқты ерiктi жарналар бойынша да ақпараттар салынуы тиiс). Конверттiң беткi жағында мыналар көрсетiледi: салымшының тегi, аты, әкесiнiң аты және оның үйiнiң мекен-жайы, ал ақпаратты зейнетақы жарналарын төлеушiнiң/жұмыс берушiнiң мекен-жайына жiберген жағдайда - оның атауы, тұрған орны, қордың агентi арқылы осы төлемшiге арнап берiп жiберiлген конверттердiң жалпы саны.
Тарау 3. 3. Алушыларды жыл сайынғы мiндетті ақпараттандыру тәртiбi
3. Алушыларды жыл сайынғы мiндетті ақпараттандыру тәртiбi
Тармақ 10
10. Алушыларға мiндеттi ақпараттарды:
Тармақша 1
1) қор агентi арқылы;
Тармақша 2
2) алушының үйінің мекен-жайына почта байланысымен жіберумен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 11
11. Ақпарат алушыларға конвертке салынып жіберіледі. Қор сонымен бірге ақпараттың осы Нұсқаулықтың 2.2 тармағында көрсетілген тәртіппен жіберілуін қамтамасыз етуге міндетті.
Тарау 4. 4. Салымшылардың және алушыларды қорға жеке өтініш жасаған кезде ақпараттандыру
4. Салымшылардың және алушыларды қорға жеке өтініш жасаған кезде ақпараттандыру
Тармақ 12
12. Салымшыларды және алушыларды олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйі туралы қорғау өтініш жасаған кезде ақпараттандыру сұрау салынған көлемде жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Салымшылар мен алушылар жеке өтініш жасаған кезде қор ақпаратты кез келген сұрау салынатын күнге Салымшының есеп кітапшасына белгі қою түрінде береді.
Тармақ 14
14. Қорлар салымшылардың және алушылардың жеке өтініш жасаулары бойынша ақпараттың берілуін тіркеуді жүзеге асырады.