О внесении изменений в Положение о государственном учреждении «Отдел экономики и финансов акимата города Экибастуза» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы ҚАУЛЫ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 1173/11 қаулысымен бекітілген «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) келесі өзгерістер енгізілсін: Ереженің 17-тармағының 36) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «36) Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті  атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді заңнамаға сәйкес беру»; Ереженің 17-тармағының 38) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.