Об установлении санитарно-защитных зон сибиреязвенных захоронений на территории Алтынсаринского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алтынсарин ауданы аумағында сібір жарасы көмілген жерлерді санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 121-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен «Қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер етуші объектілер болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғау аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы «Алтынсары ауданы әкімдігінің» ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алтынсарин ауданының аумағындағы сібір жарасы көмілген жерлерді санитарлық-қорғау аймақтарының бірінші қауіптілік сыныбымен айқындалған радиустары 1000 метр осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электронды түрде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін,ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізуге;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.