Об утверждении в новой редакции Положения о государственном учреждении «Отдел внутренней политики, культуры, развития языков и спорта Келесского района» Күшін жойған
Басқа 0
«Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес,Келес ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін оны Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Келес ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. «Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Келес ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «06» қазандағы
№169 қаулысына қосымша
«Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік орган) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт салаларында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті, Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органның мынадай ведомстволары бар:
Тармақша 1
1) Келес ауданы әкімдігінің «Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
Тармақша 2
2) Келес ауданы әкімдігінің «Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) Келес ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 4
4) Келес ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Келес спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 6
6) Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Келес аудандық ұлттық спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік орган мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік органҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік орган өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік орган басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін бұйрықтар қабылдайды.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік орган құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160905, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №80.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Мемлекеттік органның құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік орган қызметін каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік орган кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік органның өкілеттіктер болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Мемлекеттік органға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мемлекеттік органныңмақсаттары: ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақ 14.1
14.1. Құқықтары:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзу;
Тармақша 2
2) ауданның атқарушы органдарынан қажеттi құжаттармен, ақпараттар, қажеттi қызметтерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсiнiктемелер сұратуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылқтарды жою жөнінде шаралар қабылдау.
Тармақша 4
4) аудандық әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысуға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 729 бабы 2-1-тармағында белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
Тармақ 14.2
14.2. Міндеттері:
Тармақша 1
1) қоғамдық саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
Тармақша 2
2) ауданда мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, әкімдіктің, облыс және аудан әкімдіктерінің, Түркістан облысының қоғамдық даму, дін істері, мәдениет, спорт басқармаларының Мемлекеттік орган құзырына қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасайды;
Тармақша 3
3) қоғамда демократиялық институттарды нығайтуға, Қазақстанды дамытудың 2050 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысады;
Тармақша 4
4) ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады;
Тармақша 5
5) ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздемелер және тәжірибелік ұсынбалар, сондай-ақ Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары, бірегей азаматтық құрылымдар негізінде қоғамды топтастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 6
6) ауданда болып жатқан қоғамдық – саяси процестерге және оның даму барысына жан – жақты және дұрыс зерттеу, қорыту және талдау жасайды;
Тармақша 7
7) аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау, оны жүргізу жөнінде аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіріп отырады;
Тармақша 8
8) аудандағы қоғамдық – саяси жағдайларды болжауға бағытталған әлеуметтік - саяси зерттеулер жүргізеді;
Тармақша 9
9) қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіби одақтармен, БАҚ-пен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасайды;
Тармақша 10
10) әлеуметтік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша, білім беру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік емес құрылымдардың қызметіндегі өзара келісілген іс-әрекетті қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) аудан әкімі орынбасары жанындағы тұрақты комиссиялардың жұмысын іске асырады;
Тармақша 12
12) өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, Мемлекеттік органның құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;
Тармақша 13
13) ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді, Мемлекеттік органға қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) Мемлекеттік органның қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай –ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;
Тармақша 15
15) аудандық деңгейде ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт мәселелеріне мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға қаржыландыруды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) Мемлекеттік органның құзырына кіретін ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласында азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді;
Тармақша 17
17) Мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысады, жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіріп отырады, аймақтағы қоғамдық – саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу, талдау жасау және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, Қазақстандық патриотизмді насихаттау және соған тәрбиелеу жөніндегі ұсынбалар әзірлейді және жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының облыс пен аудан әкімдіктерінің қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер жөнінде тұжырымдамалық құжаттарды жасауға, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысады;
Тармақша 4
4) аудан туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық салада өкімет органдарының қызметі туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі аудан әкімдігінің жұмысына қатысады;
Тармақша 5
5) Мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер бойынша Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасымен, аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) Мемлекеттік орган атқарған жұмыстары жөнінде Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасына есеп беріп отырады;
Тармақша 7
7) Мемлекеттік орган құзырына кіретін мәселелер жөнінде аудандағы мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды және үйлестіріп отыруды қамтамыз етеді;
Тармақша 8
8) облыстық және аудандық қоғамдық–саяси, мәдени шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) ауылдық округтер әкімдерінің, ауданның мемлекеттік мекемелерінің, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу барысындағы қызметін үйлестіріп отырады және бақылау жасайды;
Тармақша 10
10) ауданның ішкі саяси өміріндегі маңызды мәселелері бойынша аудандық әкімдіктің мәжілісіне материалдар әзірлеуге қатысады;
Тармақша 11
11) Кіші Ассамблеяға және оның хатшылығына ұйымдастырушылық және әдістемелік, ақпараттық көмектер көрсетеді;
Тармақша 12
12) ішкі саясат саласында, ұлтаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты белгілейтін, Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қамтамасыз етілуін айқындайтын тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген, аудан аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды;
Тармақша 14
14) Мемлекеттік органның құзырына қатысты мәселелер жөнінде ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинау, жинақтау және қорыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) саяси партиялармен, ұлттық – мәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми – практикалық шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;
Тармақша 17
17) аудан әкімі аппаратының бөлімшелерімен бірлесе отырып, Мемлекеттік орган құзырына кіретін ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарын орындайды;
Тармақша 18
18) аудан аумағында жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін тиісті ұсынымдар енгізу;
Тармақша 19
19) аудан тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыру, кәсіби және әуесқой ұжымдардың шығармашылығын дамыту;
Тармақша 20
20) аудан мәдениет мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту және жетілдіру мақсатында қорларды орталықтандыру, музыкалық аспаптармен, құралдармен, аттракциондармен, инвентарлармен, сахналық киімдермен қамтамасыз ету;
Тармақша 21
21) кітаптың мемлекеттік алтын қорын сақтау, кітапханаларды көркем әдебиет шығармаларымен және жас ұрпақтарды тәрбиелеуге арналған оку құралдарымен жабдықтау;
Тармақша 22
22) аудандық мәдениет үйлерінде көркемөнерпаз ұжымдарын дамытуға ықпал жасау және әдістемелік басшылық ету;
Тармақша 23
23) аудандық мәдениет мекемелерін мамандармен қамтамасыз ету, мамандардың кәсіби деңгейін жетілдіру, қызметкерлерді аттестациялау және тарифтік-біліктілік категорияларын анықтау;
Тармақша 24
24) аудандық мәдениет мекемелерін күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу сұрақтарын өз құзыры шегінде шешу;
Тармақша 25
25) Республика ішінде де,одан тыс жерлерде де мәдениет ынтымақтастығын дамыту;
Тармақша 26
26) Мемлекеттік органның қарамағындағы аудандық мәдениет мекемелерінде бухгалтерлік есеп және есеп беру жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 27
27) мекемелердің балансын қарау, барлық қызмет түрлері бойынша кезекті және жылдық есепті тиісті органдарға тапсыру;
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау мәселесі бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара бірлесіп іс-қимыл жасау;
Тармақша 29
29) жүргізіліп отырған тіл саясатының тиімділігін арттыруға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамытуға байланысты кешенді шараларды ұсыну және оларды жүзеге асыру;
Тармақша 30
30) Мемлекеттік органның құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-сараптамалық материалдар мен құжаттар әзірлеу;
Тармақша 31
31) мемлекеттік мекемелерге, қоғамдық ұйымдарға меншік нысандарына қарамастан тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді енгізуде, әр түрлі жастағы адамдар тобына мемлекеттік тілді үйретуді ұйымдастыруға нақтылы көмек көрсету;
Тармақша 32
32) мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге деректемелер мен көрнекі ақпаратты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның талаптарына сәйкес рәсімдеуге көмек көрсету;
Тармақша 33
33) аудандағы ономастикалық және терминологиялық жұмыстарды үйлестіру;
Тармақша 34
34) Қазақстан Республикасынан шет тұратын қазақ диаспорасымен қазақ тілі мен мәдениетін сақтау мен дамыту мәселелері бойынша байланыс жасау;
Тармақша 35
35) Мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру және өткізу барысында басқа мемлекеттік мекемелермен бірігіп іс-қимыл жасау;
Тармақша 36
36) Тіл саясаты мәселелері туралы семинарлар, конференциялар, отырыстар, ұйымдастыру, аудандық, облыстық, Республикалық деңгейдегі әртүрлі мекемелердің, органдардың, қоғамдық ұйымдардың форумдарына қатысу;
Тармақша 37
37) бұқаралық спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;
Тармақша 38
38) спорт түрлерi бойынша аудандық деңгейде жарыстар өткiзедi;
Тармақша 39
39) спорттың әр түрi бойынша аудандық құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
Тармақша 40
40) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытады;
Тармақша 41
41) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: жасөспiрiмдер арасындағы екiншi және үшiншi, бiрiншi, екiншi және үшiншi разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi;
Тармақша 42
42) аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
Тармақша 43
43) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
Тармақша 44
44) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
Тармақша 45
45) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, облыстық атқарушы органға табыс етедi;
Тармақша 46
46) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Мемлекеттік органдыбасқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік органның бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органның жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік орган қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органның ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде осы органдардың қызметкерлерiн жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
Мемлекеттік органның бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын лауазымды тұлға бірінші басшы басқарады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 22
22. Мемлекеттік органның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мемлекеттік органның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік органға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік орган өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Жұмыс режимі
5. Жұмыс режимі
Тармақ 25
25. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 6. 6. Өзара қарым-қатынас
6. Өзара қарым-қатынас
Тармақ 26
26. Мемлекеттік орган мен мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның, мемлекеттік орган мен тиісті сала бойынша уәкілетті органның, мемлекеттік органның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының өзара қарым-катынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама актілерімен реттеледі.
Тарау 7. 7. Құрылтай құжаттарға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу тәртібі
7. Құрылтай құжаттарға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу тәртібі
Тармақ 27
27. Мемлекеттік органның құрылтай кұжаттарына өзгертулер мен толықтырулар аудан әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.
Тарау 8. 8. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
8. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 28
28. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.