Об утвержении тарифов на оказание специальных социальных услуг по Шалкарскому району Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шалқар ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шалқар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Шалқар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «29» қыркүйектегі № 223 қаулысына қосымша 1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф № Мекемелердің түрлері Қызмет алушылардың түрлері Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге) Кі­ші тү­рі Қыз­мет алушы­ның жағ­дайы 1 2 3 4 5 1. Үй­де қыз­мет көр­се­ту 1) Пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ау­ру­ла­ры бар мү­ге­дек ба­ла­лар­ға үй­де әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту бө­лі­мі 2) Ті­рек-қи­мыл ап­па­ра­ты бұ­зы­л­ған мү­ге­дек ба­ла­лар­ға үй­де әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту бө­лі­мі 3) Қарт­тар мен мү­ге­дек­тер­ге үй­де ар­на­у­лы қыз­мет көр­се­ту бө­лі­мі 4) Пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ау­ру­ла­ры бар 18 жастан ас­қан мү­ге­дек­тер­ге үй­де ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту бө­лі­мі. 1) Ауыр 2) Ауыр 3) Ор­та­ша және ай­қын 4) Ауыр 4531,24