Об установлении публичного сервитута на земельный участок для прокладки и эксплуатации ВОЛС Акционерному обществу «Казахтелеком» Қолданыста
Басқа 0
«Казахтелеком» Акционерлік қоғамына
ВОЛС төсеу және пайдалану үшін жер учаскесіне
жария сервитут белгілеу туралы
«Казахтелеком» Акционерлік қоғамының өкілі Қуанышев Айдар Қанатбекұлының 2025 жылғы 20 тамыздағы №53 сенімхат негізінде берген өтінішін қарастырып, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19, 67, 69-баптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Казахтелеком» Акционерлік қоғамына ОТБЖ (оптикалық-талшықты байланыс желісі) төсеу және пайдалану үшін Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Секисовка ауылдық округі, Белокаменка ауылы, есептік квартал 05-068-051 мекенжайында орналасқан, мемлекеттік меншіктегі 0,5434 га жер учаскесіне 2 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жер учаскесін пайдалануға келесі шектеулер қойылсын: инженерлік коммуникациялардың қорғаныс аймақтарын сақтау, сондай-ақ оларды жөндеу және қызмет көрсету үшін кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.