Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Актау Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтау қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9- тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы №187 «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Айқындалсын:
Тармақша 1
1) Ақтау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері - қарыз сомасынан 10 пайыз, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес;
Тармақша 2
2) осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтау қаласындағы тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді «Ақтау қалалық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы ________________Шалабаев Б.А. «___»_______________2025 жыл
Басқа 5. Ақтау қаласындағы тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Ақтау қалалық мәслихатының 6 қазандағы 2025 жылғы №24/158 шешіміне қосымша Ақтау қаласындағы тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Тармақ 1
1.«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабымен айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары.
Тармақ 2
2. Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есепке алумен, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы және өзге де салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының қажетті мамандары.