Об утверждении Правил организации оздоровления и отдыха детей в организациях образования Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Білім беру ұйымдарында балалардың сауықтырылуы мен демалысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 66) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында балалардың сауықтырылуы мен демалысын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Басқа 0. Білім беру ұйымдарында балалардың сауықтырылуы мен демалысын ұйымдастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 7 қазандағы № 237 бұйрығына қосымша Білім беру ұйымдарында балалардың сауықтырылуы мен демалысын ұйымдастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Білім беру ұйымдарында балалардың сауықтырылуы мен демалысын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта және қосымша білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) балалардың сауықтырылуы мен демалысын ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) балалардың бос уақыты – көңіл көтеру, білім алу, қарым-қатынас жасау және шығармашылықпен айналысуға бағытталған еркін уақытты өткізу тәсілі, балалар демалысының ажырамас бөлігі;
Тармақша 2
2) балалар демалысы – баланың денелік және эмоционалдық күштерін қалпына келтіруге, оның жеке басын дамытуға және әлеуметтік бейімделуіне бағытталған ұйымдастырылған немесе еркін демалыс;
Тармақша 3
3) балаларды сауықтыру – олардың денелік және психоэмоционалдық денсаулығын нығайтуға, иммунитетін көтеруге және аурулардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені;
Тармақша 4
4) волонтерлік (педагогикалық) отрядтар – білім беру ұйымдарында балалардың сауықтырылуы мен демалысын ұйымдастыру үшін тартылатын педагогтер, педагогикалық мамандықтар студенттердің ерікті тұрақты немесе уақытша бірлестігі.
Тармақ 3
3. Сауықтыру шаралары мен демалысты ұйымдастыру шараларының қатысушылары он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған балалар болып табылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидаларымен көзделген жекелеген санаттағы балалардың сауықтырылуы мен демалысы бірінші кезектегі тәртіппен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 5
5. Балаларды сауықтырудың мақсаты – баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету, оның ағзасын нығайту және толыққанды өсу мен белсенді өмір салтына жағдай жасау.
Тармақ 6
6. Балаларды сауықтырудың негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) иммунитетті арттыру, аурулардың алдын алу, физикалық төзімділікті дамыту шаралары арқылы денсаулықты нығайту;
Тармақша 2
2) дұрыс тамақтану, күн тәртібі, дене белсенділігі және гигиенаға баулу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру;
Тармақша 3
3) ағзаны табиғи жағдайларға бейімдеу және қолайсыз факторларға қарсы тұру қабілетін арттыру мақсатында шынықтыру;
Тармақша 4
4) күйзелісті азайту және психологиялық әл-ауқатты қолдау мақсатында қолайлы эмоционалдық орта қалыптастыру;
Тармақша 5
5) қозғалыс белсенділігін арттыру.
Тармақ 7
7. Балалар демалысының мақсаты – баланың жеке басын әртүрлі бос уақыт өткізу нысандары арқылы дамыту және әлеуметтік бейімдеу, физикалық және эмоционалдық күштерін толық қалпына келтіру, денсаулығын нығайту.
Тармақ 8
8. Балалар демалысының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) балалардың әртүрлі және қызықты демалысын қамтамасыз ететін спорттық, мәдени, шығармашылық және ойын іс-шараларына қатысуы арқылы белсенді демалысын ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) балаларды танымдық, шығармашылық және дамытушы бағдарламаларға тарту арқылы олардың дамуын және білімін арттыру, жаңа дағдыларды қалыптастыру;
Тармақша 3
3) әлеуметтік бейімделу және қарым-қатынас дағдыларын дамыту, топта жұмыс істей білу қабілетін қалыптастыру, достық байланыстарды нығайту арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту;
Тармақша 4
4) демалу және ойын-сауық арқылы психологиялық қолдау және жағымды эмоционалды ахуал қалыптастыру;
Тармақша 5
5) оқу жылынан кейін денелік және эмоционалдық энергияны қалпына келтіру.
Тарау 2. 2-тарау. Балалардың сауықтырылуы мен демалысын ұйымдастыру тәртібі
2-тарау. Балалардың сауықтырылуы мен демалысын ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 9
9. Балаларды сауықтырудың негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) дене белсенділігі;
Тармақша 2
2) шынықтыру;
Тармақша 3
3) дұрыс тамақтану;
Тармақша 4
4) эмоционалдық жайлылық.
Тармақ 10
10. Дене белсенділігіне таңғы жаттығу, қимылды ойындар, спорттық ойындар, жарыстар мен спартакиадалар, таза ауадағы серуендер, спорттық үйірмелер, тыныс алу гимнастикасы жатады. Жыл бойына жұмыс істейтін лагерьлерде қысқы спорт түрлері – шаңғы серуендері, коньки тебу, хоккей қамтылады. Физикалық белсенділікті дамытуға бағытталған іс-шараларды өткізетін нұсқаушылар мен педагогтердің біліктілігіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 191 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14052 болып тіркелген) Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 11
11. Балаларды шынықтыруға бөлмелерді желдету, ауа ванналары, таңертеңгі және кешкі сағаттарда күн сәулесінде болу (күн ванналары), таза ауада ойындар мен сабақтар, ыстықтан қорғаныс құралдарын пайдалану (бас киімдер, күн сәулесімен шомылу кезінде шектеу), жалаң аяқ жүру (шөпте, құмда, жерде), күнделікті су рәсімдері (душ, ванна, шомылу), жуыну мен шомылу кезінде температура режимдерін ауыстыру, таза ауадағы белсенді ойындар, спорттық жаттығулар мен таңертеңгі гимнастика, кез келген ауа-райында жүру мен жүгіру, күн тәртібін сақтау, дұрыс температура режимін сақтау және денсаулық жолдары кіреді. Шынықтыру шараларын жүргізу балалардың денсаулық жағдайын динамикалық бақылау арқылы медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етіледі және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29092 болып тіркелген) «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-78 бұйрық) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Дұрыс тамақтану ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен минералдардың жеткілікті мөлшері бар теңдестірілген мәзірді қамтиды, бір уақытта дұрыс тамақтану режимін (күніне 3-5 рет), тағамның әртүрлілігін қамтиды. Тамақтану жас қажеттіліктеріне сәйкес келеді және баланың белсенділік деңгейі мен дене ерекшеліктерін ескереді. Сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырушылар тамақтану гигиенасын сақтайды және су балансының сақталуын қамтамасыз етеді, балалардың қантты газдалған сусындарды және жартылай дайын өнімдердің тұтынуын болдырмайды.
Тармақ 13
13. Балаларға арналған эмоционалды жайлылық психологиялық қауіпсіздікті (күйзелістің болмауы, ұжымнан қорықпау, еркін сөйлеу үшін жағдай жасау), қолайлы жағдайларды (ыңғайлы баспана, тазалық, дұрыс тамақтану, қауіпсіз орта) және ересектердің қолдауын (көмекке жүгіну мүмкіндігі, мүмкін болатын қиындықтарды шешу үшін педагог-психологтың болуы) қамтиды.
Тармақ 14
14. Аурулардың алдын алу санитариялық-гигиеналық шараларды, физиотерапияны, массажды, емдік гимнастиканы, тыныс алу терапиясын, балшықпен емдеуді, фитотерапияны, тұзды бөлмелерді, сумен емдеуді, оттекті коктейльдерді, емдік ванналарды, аэроионтерапияны, терренкурды, сколиоз бен жалпақтабандықтың алдын алуды қамтиды. Санаторийлік лагерьлерде иммунитетті нығайтуға және аурулардан кейінгі оңалтуға арналған арнайы бағдарламалар қолданылады.
Тармақ 15
15. Сауықтыру және ұйымдастырылған демалыс кезеңінде балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-292/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21842 болып тіркелген) Сауықтыру және ұйымдастырылған демалыс кезеңінде балаларға медициналық көмек көрсету қағидаларымен айқындалады.
Тармақ 16
16. Объектілерде тамақтандыруды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген) «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21857 болып тіркелген) Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарының талаптарына және Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 021/2011) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Балалар демалысының негізгі бағыттары:
Тармақша 1
1) танымдық демалыс;
Тармақша 2
2) белсенді демалыс;
Тармақша 3
3) сауықтыру демалысы.
Тармақ 18
18. Балалардың танымдық демалысы интеллектіні дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге және жаңа білім алуға бағытталған іс-шаралар кешенін (мұражайларға, тарихи орындарға, қорықтарға, ғылыми орталықтарға бару, ғылымға, өнерге, экологияға, IT-технологияларға, тілдерге арналған жобалар, шеберлік сыныптары, ғылыми тәжірибелер, шығармашылық зертханалар, оқу және әдеби кездесулерді ұйымдастыру - кітап сүйер қауым клубтары, жазушылармен кездесулер, драмалық қойылымдар, зерттеу, стартаптар, әлеуметтік бастамалар, зияткерлік ойындар бойынша командаларда жұмыс істеу, медиа және кино білімі, эксперименттік және робототехникалық қызмет) қамтиды.
Тармақ 19
19. Балалардың белсенді демалысы денелік дамуға, денсаулықты нығайтуға және төзімділікті арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін қамтиды (спорттық ойындар мен жарыстар, туристік жорықтар, табиғатқа серуендеу, тауға шығу, велосипед турлары, су ойын-сауықтары, арқан саябақтары, кедергілер жолақтары, би сабақтары, ритмика, ойын квесттері, спорттық эстафеталар, атқа міну, оларға күтім жасау, саябақта ойнау, ойын алаңдарында белсенді ойын-сауық).
Тармақ 20
20. Балалардың сауықтыру демалысы денсаулықты нығайтуға, дене шынықтыруды дамытуға және аурулардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін (гимнастика, емдік дене шынықтыру, спорттық ойындар, жүзу, шынықтыру рәсімдері, емдік-сауықтыру іс-шаралары, таза ауада болу, белсенділік пен демалыстың кезектесуі, жеткілікті ұйқы, арт-терапия, эмоцияларды басқару сабақтары, спа-рәсімдер, еңбек терапиясы (бау-бақша, ашық ауада жұмыс істеу, өсімдіктерге күтім жасау), ойын терапиясы) қамтиды.
Тармақ 21
21. Балаларды сауықтыру процесінде жергілікті жердің табиғи ресурстары пайдаланылады (фототерапия үшін ауа мен күн сәулесі, жалаңаяқ жүруге арналған топырақ, құрғақ ванналарға арналған емдік балшық пен құм, сенсорлық ойындарға арналған өсімдіктер жамылғысы, серуендеуге арналған ландшафттық ресурстар, суық сумен шынықтыруға арналған су айдындары және емдік сулар).
Тармақ 22
22. Балаларды сауықтыру мен демалуды ұйымдастыратын білім беру ұйымдары балаларды сауықтыру және демалу іс-шараларының бағыты мен форматын таңдауға құқылы.
Тармақ 23
23. Балаларды сауықтыру жыл бойы немесе демалыс кезеңінде жолдамалар негізінде ұйымдастырылады.
Тармақ 24
24. Балаларды сауықтыру және демалысқа арналған үй-жайларға қойылатын талаптар балалардың сауықтыру және санаторийлік мекемелері үшін № ҚР ДСМ-78 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық талаптар жағдайларымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 25
25. Үш жылда бір рет ата-аналар мен балалардың қажеттіліктерін, облыстардың, қалалар мен аудандардың экономикалық жағдайлары мен ерекшеліктерін ескере отырып, балалар мен жасөспірімдерді демалу, сауықтыру және жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламалары бекітіледі.
Тармақ 26
26. Сауықтыру және демалыс бағдарламалары балалардың жас ерекшеліктерін, психологиялық жай-күйін және дене дайындығын ескере отырып әзірленеді.
Тармақ 27
27. Балаларды сауықтыру мен демалуға кешенді тәсілді қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына сәйкес, медицина қызметкерлері, дене шынықтыру, жүзу және туризм жөніндегі нұсқаушылар, педагог-психологтар жұмыс істейді.
Тармақ 28
28. Волонтерлік (педагогикалық) отрядтардың қызметін ұйымдастыру білім беру ұйымдарымен жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Волонтерлік (педагогикалық) отрядтардың мүшелері балалардың сауығуы мен демалысын ұйымдастыру бойынша тәлімгерлік шеберлігінің біліктілігін арттыру курстарынан (бұдан әрі – курстар) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13420 болып тіркелген) Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларына сәйкес өтеді. Курстардың білім беру бағдарламасына сәйкес қорытынды бағалаудан табысты өткен тыңдаушыларға білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар тақырыпты және сағат көлемін көрсете отырып сертификат береді.
Тармақ 30
30. Балаларды сауықтыруға және демалуға тартылатын волонтерлік (педагогикалық) отрядтардың мүшелері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес білім беру және тәрбие іс-шараларының сапалы өткізілуіне жауапты болады.
Тармақ 31
31. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын жылына екі рет (қаңтар, мамыр) балаларды сауықтыру мен демалуды ұйымдастыратын білім беру ұйымдарының есебін жүргізеді.
Тармақ 32
32. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сауығуы мен демалысын ұйымдастыру кезінде инклюзивті мәдениет пен педагогикалық жағдайлар қалыптастырылады.
Тармақ 33
33. Балалардың сауықтырылуын және демалысын ұйымдастыратын білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 34
34. Балаларды сауықтыруды және демалуды ұйымдастыратын білім беру ұйымдарының қызметі № ҚР ДСМ - 78 бұйрығымен бекітілген балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 35
35. Балаларды сауықтыруды және демалуды ұйымдастыратын білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен жабдықталады және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 117 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 36
36. Балаларды сауықтыру және демалу бағдарламаларын және балаларды сауықтыру мен демалуды ұйымдастыратын білім беру ұйымдарын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар, ата-аналардың ақысы, жеке инвестициялар, демеушілік көмек есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 37
37. Жыл сайын 1 маусымға дейін жергілікті атқарушы органдар жазғы кезеңде балалардың сауығуы мен демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ сауықтыру және демалыс объектілерін пайдалануға дайындықты қабылдау жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық ведомствоаралық комиссияларды құрады.
Тармақ 38
38. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес балалардың жазғы демалыс орындары мен сауықтыру лагерлерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 39
39. Жергілікті атқарушы органдар аумақтық полиция департаменттерімен бірлесіп балаларды сауықтыру және демалуды ұйымдастыру орындарына тасымалдаудың қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 тіркелді) Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесіне сәйкес қамтамасыз етеді.
Тармақ 40
40. Жергілікті атқарушы органдар білім беру ұйымдарында денсаулық сақтау ұйымдарының балаларға медициналық қызмет көрсету және сауықтыру жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 41
41. Балалардың сауықтырылуы мен демалысын ұйымдастыратын білім беру ұйымдары қызметінің тиімділігі балалардан, ата-аналардан және қызметкерлерден есептілік жүйесі мен кері байланыс тетіктерін (сауалнаманы қоса алғанда) пайдалана отырып, ведомствоаралық комиссия жүргізетін тұрақты мониторинг негізінде айқындалады. Кәмелетке толмағандар арасында сауалнама жүргізуге ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің алдын ала жазбаша, ақпараттандырылған келісімі болған кезде жол беріледі.
Тармақ 42
42. Балалардың сауықтырылуы мен демалысты ұйымдастыруды бақылауды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының санитарлық-эпидемиологиялық департаменттері жүзеге асырады.