Об утверждении нормы потребления коммунальных услуг по теплоснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета в городе Сарань Қолданыста
Басқа 0
Саран қаласында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы №15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10313 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Саран қаласында есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормасы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Саран қаласындағы есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну норма
Қарағанды облысы әкімдігінің
2025 жылғы 10 қазандағы
№ 59/01 қаулысына қосымша
Саран қаласындағы есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну норма
№ р/с
Тұтынушылар санаты
Жылумен жабдықтау ұйымының атауы
Өлшеу бірлігі
Мағынасы
1
Саран қаласының Орталық қазандығынан жылытылатын тұтынушылар
«SaranTeploService» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Гигакалория/ шаршы метр
0,0401