Об утверждении тарифов на оказание специальных социальных услуг Қолданыста
Басқа 0
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған
тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақорған ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Жаңақорған аудан әкімдігінің
2025 жылғы «23» қазандағы
№ 146 қаулысына
қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді бір қызмет алушыға
көрсетуге арналған тарифтер
№
Мекемелердің түрлері
Күніне бір қызмет алушының тарифі, теңге
1.
Жартылай стационар жағдайда (18 жасқа толмаған тұлғаларға арналған)
16871
2.
Үйден қызметтер көрсету жағдайында
3897