Об определении видов общественных работ и перечня организаций, в которых должны выполняться общественные работы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 914-1-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 11-ө «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» өкіміне сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Успен ауданында қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуы «Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі
Успен ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «___» ___________ № _______ қаулысына қосымша Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі № Қоғамдық жұмыс объектілері Қоғамдық жұмыстардың түрлері 1 Аумақты жинау мен тазалау, бұталарды кесу, ағаштарды отырғызу, ағарту, ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу, көгал, шөп шабу, абаттандыру Успен ауданы «Новопокров ауылдық округі әкімінін аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2 Аумақты жинау мен тазалау, бұталарды кесу, ағаштарды отырғызу, ағарту, ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу, көгал, шөп шабу, абаттандыру Успен ауданының «Лозов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 3 Аумақты жинау мен тазалау, бұталарды кесу, ағаштарды отырғызу, ағарту, ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу, көгал, шөп шабу, абаттандыру Успен ауданының «Равнополь ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 4 Аумақты жинау мен тазалау, бұталарды кесу, ағаштарды отырғызу, ағарту, ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу, көгал, шөп шабу, абаттандыру Успен ауданының «Ольгин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 5 Аумақты жинау мен тазалау, бұталарды кесу, ағаштарды отырғызу, ағарту, ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу, көгал, шөп шабу, абаттандыру Коммунальное государственное учреждение «Аппарат акима Конырозекского сельского округа» Успенского района 6 Аумақты жинау мен тазалау, бұталарды кесу, ағаштарды отырғызу, ағарту, ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу, көгал, шөп шабу, абаттандыру Успен ауданының «Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 7 Аумақты жинау мен тазалау, бұталарды кесу, ағаштарды отырғызу, ағарту, ғимаратты, қоршауды бояу, әктеу, көгал, шөп шабу, абаттандыру «Успен ауданының Успен ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі