О переименовании улиц сельского округа Шаган Қолданыста
Басқа 0
Шаған ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы №2572-XII Заңының баптарына және Облыстық ономастика комиссияның 2025 жылғы 26 тамыздағы №2 қорытындысына сәйкес Шаған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шаған ауылдық округіндегі Ж.Бекпанов тұйығын «Тотан Балапанов» және Ә.Тұйғынов көшесінің 1 – қатары «Абдулахат Нұғманов» есімімен қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.