Об утверждении Правил определения дополнительного перечня импортируемых товаров, подлежащих обложению акцизами по стране происхождения Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 536-бабының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 207 қаулысының;
Тармақша 2
2) «Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 207 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 259 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 536-бабының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – сауда қызметі саласында сауда саясатын қалыптастыратын және басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 2
2) тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнімі;
Тармақша 3
3) біртекті тауарлар – барлық жағынан бірдей болып табылмайтын, бірақ өздерінің бағаланатын тауарлар сияқты функцияларды орындауына және олармен бірін-бірі коммерциялық тұрғыда алмастыра алатын тауарлар болуына мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдастардан тұратын, дәл сондай материалдардан өндірілген тауарлар.
Тарау 2. 2-тарау. Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау тәртібі
2-тарау. Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау тәртібі
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасына тауарлар импортының қарқыны мен құрылымын талдау деректері негізінде Еуразиялық экономикалық одақ Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) алты белгісі деңгейінде жартыжылдықтың қорытындысы бойынша шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын тауарлардың қосымша тізбесін (бұдан әрі – қосымша тізбе) қалыптастырады. Біртекті тауарлар қарастырылған жағдайда импорт ЕАЭО СЭҚ ТН төрт белгісі деңгейінде қаралуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Қосымша тізбе:
Тармақша 1
1) ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын алты немесе төрт белгі деңгейінде көрсете отырып, бір мезгілде мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін тауарлардан тұрады: қарастырылып отырған кезең үшін көрсетілген тауарлардың Қазақстан Республикасына импортының жалпы көлемінің 10 %-ы және одан астамы белгілі бір елдің үлесіне тиесілі импорт құрылымындағы тауарлар, бұл ретте көрсетілген елдерден импорттың құндық көлемі 10 мың АҚШ долларынан артық болуға тиіс; өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қарастырылып отырған кезеңде табиғи мәндегі (және (немесе) қосымша өлшем бірлігінде) импорт көлемінің ұлғаюын көрсететін тауарлар;
Тармақша 2
2) қарастырылып отырған кезең үшін көрсетілген тауарлардың Қазақстан Республикасына импортының жалпы көлемінің 10 %-ы және одан астамы импорт үлесіне тиесілі елдердің атаулары.
Тармақ 5
5. Қосымша тізбені қалыптастыру кезінде акцизді нақты тауар импортына қатысты қолданудың экономикалық орындылығы және (немесе) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелер ескеріледі.
Тармақ 6
6. Қосымша тізбе жобасы Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына келісу үшін жіберіледі.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдарымен келiсу қорытындылары бойынша қосымша тiзбенiң жобасы Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының (бұдан әрi – Ведомствоаралық комиссия) қарауына шығарылады.
Тармақ 8
8. Қосымша тізбені уәкілетті орган Ведомствоаралық комиссияның ұсынымдық шешімі болған кезде бекітеді. ____________________________