Об установлении публичного сервитута Қолданыста
Басқа 0
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Новоильинов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Uplink» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) жобалау және өткізу үшін, жалпы көлемі 4,1146 гектар, соның ішінен: Ақсуат ауылы – 0,9715 гектар, Притобольское ауылы – 0,9619 гектар, Богородское ауылы – 1,3109 гектар, Новоильиновка ауылы – 0,8703 гектар, бағыты Тобыл қаласы – Лисаков қаласы жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) берілсін.
Тармақ 2
2. «Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін, осы шешімінің қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі көшірмесін қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қостанай облысы бойынша филиалына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы шешімін оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде ресми жарияланғанынан кейін «Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.