Об утверждении Правил использования диких животных в целях получения продуктов их жизнедеятельности Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жабайы жануарлар тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында оларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 252-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жабайы жануарлар тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында оларды пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Басқа 0. Жабайы жануарлар тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында оларды пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 9 қазандағы № 361 бұйрығымен бекітілген Жабайы жануарлар тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында оларды пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жабайы жануарлар тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында оларды пайдалану қағидалары Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 252-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесінің тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында оларды пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Табиғи ортада мекендейтін жабайы жануарлар тіршілігінің өнімдері деп табиғи мекендеу ортасынан дарақтарын алмай, алынатын балықтардың уылдырығы мен шоғалы, сондай-ақ балықтардың және басқа да су жануарларының шырышы мен нәжісі түсініледі.
Тарау 2. 2-тарау. Жабайы жануарлар тіршілігінің өнімдерін пайдалану мақсатында оларды пайдалану тәртібі
2-тарау. Жабайы жануарлар тіршілігінің өнімдерін пайдалану мақсатында оларды пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Балық популяциясының саны мен өсімін молайту әлеуетін сақтауды қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Балықтар тіршілігінің өнімдерін алу кезінде оларға негізсіз зиян келтіруге жол бермеу.
Тармақ 5
5. Экономикалық тиімділіктен гөрі өсімді молайту мен тұрақты пайдалану басым болуы тиіс.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін сақтау (оның ішінде Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция бойынша).
Тармақ 7
7. Балықтар тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында оларды пайдалану кезінде мыналарған жол берілмейді:
Тармақша 1
1) балықтар мен басқа да су жануарларын табиғи мекендеу ортасынан алу;
Тармақша 2
2) олардың паналау орындарын және басқа да құрылысжайларды қирату;
Тармақша 3
3) балықтар мен басқа да су жануарларын көбею (уылдырық шашу) кезеңінде мазалау;
Тармақша 4
4) балықтар мен басқа да су жануарларының мекендеу ортасын бұзу және олардың көбею жағдайларын нашарлату;
Тармақша 5
5) жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің қырылуына, санының қысқаруына немесе мекендеу ортасының бұзылуына алып келуі мүмкін әрекеттер;
Тармақ 8
8. Тіршілік өнімдерін алу процесі балық және басқа да су жануарларының қырылуына жол бермейтін, ізгілік әдістермен жүргізіледі. Табиғи түрде балықтар мен басқа да су жануарларынан табиғи түрде бөлінетін жинақ (уылдырық, шоғал, шырыш, нәжіс) қолдан ұрықтандыру әдістерін қолдану немесе іш қуысын ақырын басу арқылы ағзаға зиян келтірмей жиналады.
Тармақ 9
9. Балықтар мен басқа да су жануарлары тіршілігінің өнімдерін алу рәсімі дарақтарды табиғи мекендеу ортасынан алмай аяқталады.