Об утверждении Правил выполнения компенсации потери биоразнообразия рыбных ресурсов и других водных животных Қолданыста
Басқа 0
Балық ресурстары және басқа да су жануарларының биоәртүрлілігі шығынының орнын толтыруды орындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 241-бабының 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Балық ресурстары және басқа да су жануарларының биоәртүрлілігі шығынының орнын толтыруды орындау қағидалары сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және
табиғи ресурстар
министрлігі
Басқа 1. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының биоәртүрлілігі шығынының орнын толтыруды орындау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 13 қазандағы
№ 367
бұйрығымен
бекітілген
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының биоәртүрлілігі шығынының орнын толтыруды орындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының биоәртүрлілігі шығынының орнын толтыруды орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Экология кодексі) 241-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және балық ресурстары мен басқа да су жануарларының биоәртүрлілігі шығынының орнын толтыруды орындау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тарау 2. 2-тарау. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының биоәртүрлілігі шығынының орнын толтыру тәртібі
2-тарау. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының биоәртүрлілігі шығынының орнын толтыру тәртібі
Тармақ 3
3. Биоәртүрлілік шығынының орнын толтыру биоәртүрліліктің тұрақты және ұзақ мерзімдік өсуіне бағдарлануға тиіс және мыналар түрінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) жүзеге асырылған қызмет нәтижесінде жоғалған биоәртүрлілікті қалпына келтіру;
Осы тармақшаны іске асыру жөніндегі қызмет «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 2-тармағында көзделген негізгі талаптар сақталған кезде қамтамасыз етіледі және мынадай мәліметтерді қамтиды:
балықтар мен басқа да су жануарлары популяцияларының саны, құрылымы және жай-күйі;
келтірілген залалдың түрі, ауқымы және сипаты;
қалпына келтірілуге тиіс баламалы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын есептеу.
Балық және басқа да су жануарларының биоәртүрлілігі шығынының орнын толтыру шаралары «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 335 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33182 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері беретін балық ресурстары және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған биологиялық негіздеме (бұдан әрі – биологиялық негіздеме) негізінде әзірленеді;
Тармақша 2
2) сол аумақта (акваторияда) және (немесе) осындай биоәртүрлілік неғұрлым маңызды мәнге ие басқа аумақта (акваторияда) сондай немесе қоршаған орта үшін маңыздылығы кем емес басқа биоәртүрлілік түрін ендіру;
Балықтар мен басқа да су жануарларының биоалуантүрлілігі шығынының орнын толтыру олар бұрын болған аумақтан тыс жерлерде балықтар мен басқа да су жануарларын интродукциялау не қолдан өсіру жолымен не экологиялық жүйе үшін құнды басқа да балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қолдан өсіру жолымен биологиялық негіздеме негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының биоалуантүрлілігі шығынының орнын толтыруды Заңның 17-бабында көрсетілген жағдайларда балық ресурстарына келтірілетін, келтірілген және болмай қоймайтын зиян кезінде шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер жүргізеді.
Тармақ 5
5. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру іс-шаралары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Заңның 9-1 бабының 21) тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарына балық өсіру материалын жіберу және балық шаруашылығы мелиорациясы;
Тармақша 2
2) уылдырық шашатын орындарды қалпына келтіру;
Тармақша 3
3) өсімді молайту кешенінің инфрақұрылымын салу немесе балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайту жөніндегі қолданыстағы кешендерді реконструкциялау;
Тармақша 4
4) ғылыми зерттеулерді қаржыландыру;
Тармақша 5
5) сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген балықтар мен басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі іс-шаралар.
Тармақша 6
6) өзендердің жайылмасы мен теңіз ортасында жасанды уылдырық шашу орындарын (ривтер) жасау.
Тармақ 6
6. Осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көзделген іс-шараларды іске асыру Экология кодексінің 196-бабы 1-тармағы 24) тармақшасының негізінде биоәртүрлілік шығынының орнын толтыру жөніндегі шаралардың ғылыми негіздемесі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъект балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген өтемақы іс-шараларын орындау туралы шартты жасайды.
Тармақ 8
8. Шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер зиянның орнын толтыру кезінде қаражатты балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының шешімі бойынша өсімді молайту кешендерінің мемлекеттік кәсіпорындарына құрылысты, реконструкциялауды (жаңғыртуды) және оның материалдық-техникалық жарақтандырылуын қаржыландыру үшін аударады.