Об утверждении Нормативов численности должностных лиц служб производственного контроля Қолданыста
Басқа 0
Өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды адамдары
санының нормативтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 12-2-бабы 9-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды адамдары санының нормативтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Басқа 0. Өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды адамдары санының нормативтері
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 13 қазандағы
№ 447
Бұйрығымен бекітілген
Өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды адамдары санының нормативтері
Тармақ 1
1. Осы өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды адамдары санының нормативтері (бұдан әрі – Нормативтер) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-2-бабы 9-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды адамдары санының нормативтерін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Нормативтерде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) өндірістік бақылау – өнеркәсiптік қауiпсiздiк талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған, өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары жүзеге асыратын қауiптi өндiрiстiк объектiдегі іс-шаралар;
Тармақша 2
2) өндірістік бақылау қызметі (бұдан әрі – ӨБҚ) – ұйымның бірінші басшысының тікелей бағынысындағы және қауіпті өндірістік объектіде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын жеке бөлімше;
Тармақша 3
3) ӨБҚ лауазымды адамы – ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өндірістік бақылауды жүзеге асыратын адам;
Тармақша 4
4) қауіпті өндірістік объектілер – Заңның 70-бабында белгіленген белгілері бар және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығымен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10310 болып тіркелген) сәйкес сол сияқты сәйкестендірілетін кәсіпорындар, өндірістік бөлімшелер және осы кәсіпорындардың басқа да объектілері, сондай-ақ жылжымалы жүк көтергіш крандар мен көтергіштерді (мұнараларды), мүгедектерге арналған көтергіштерді қоспағанда, қауіпті техникалық құрылғылар;
Тармақша 5
5) қауіпті техникалық құрылғылар:
қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылу желілерін қоспағанда), 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш крандар, көтергіштер (мұнаралар), эскалаторлар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштер, сондай-ақ бұрғылау тереңдігі екі жүз метрден асатын ұңғымаларды бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғылар, шахталық көтергіш қондырғылар мен көтергіш машиналар, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жылжымалы қоймалары, араластыру-зарядтау және жеткізу-зарядтау машиналары, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды дайындауға арналған мобильді және стационарлық қондырғылар;
0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш крандар, көтергіштер (мұнаралар), эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштер;
Тармақша 6
6) техникалық құрылғылар – қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялық жабдықтар, машиналар, агрегаттар, техникалық жүйелер (кешендер);
Тармақша 7
7) қауіпті техникалық құрылғылар мен техникалық құрылғылардың тозу үлесі – объектідегі нормативтік қызмет мерзімі өтелген және сараптаманың оң қорытындысы бар қауіпті техникалық құрылғылар мен техникалық құрылғылар санының олардың жалпы санына пайыздық қатынасы.
Тармақ 3
3. Қауіпті өндірістік объектілер Заңға сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша тәуекел дәрежесі жоғары және жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған субъектілер (объектілер) болып бөлінеді.
Тармақ 4
4. ӨБҚ лауазымды адамдарының жалпы санын қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым мынадай көрсеткіштерді ескере отырып қалыптастырылған есеп негізінде айқындайды:
Тармақша 1
1) пайдаланылатын қауіпті техникалық құрылғылар мен техникалық құрылғылардың саны;
Тармақша 2
2) субъектілердің (объектілердің) тәуекел дәрежесі;
Тармақша 3
3) қауіпті техникалық құрылғылар мен техникалық құрылғылардың тозу үлесі.
Тармақ 5
5. ӨБҚ лауазымды адамдардың жалпы санын есептеу формула бойынша анықталады:
N = B х Kр х Ki
мұнда:
N – ӨБҚ лауазымды адамдарының штат бірліктерінің жалпы саны;
B – ӨБҚ лауазымды адамдарының санының қауіпті техникалық құрылғылар мен техникалық құрылғылар санына арақатынасының коэффициенті;
Kр – субъектінің (объектінің) тәуекел дәрежесінің коэффициенті;
Ki – қауіпті техникалық құрылғылар мен техникалық құрылғылардың тозу үлесінің коэффициенті.
Тармақ 6
6. ӨБҚ лауазымды адамдары санының қауіпті техникалық құрылғылар мен техникалық құрылғылар санына арақатынасының коэффициенті (B):
Қауіпті техникалық құрылғылар мен техникалық құрылғылардың саны
В
51–500
2
501–2000
3
2001–5000
4
5001–10000
5
10000 жоғары
6 және жоғары
Тармақ 7
7. Субъектінің (объектінің) тәуекел дәрежесінің коэффициенті (Kр):
Субъектінің (объектінің) тәуекел дәрежесінің санаты
Kр
Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған
0.5
Тәуекелдің жоғары деңгейі
1
Тармақ 8
8. Қауіпті техникалық құрылғылар мен техникалық құрылғылардың тозу үлесінің коэффициенті (Kᵢ):
Нормативтік қызмет мерзімі өтелген қауіпті техникалық құрылғылар мен техникалық құрылғылардың үлесі
Kᵢ
10 % дейін
1.0
11–30 %
1.2
31–50 %
1.5
50 % жоғары
2.0
Тармақ 9
9. Субъектінің (объектінің) тәуекел дәрежесіне және тозу үлесіне қарамастан 51 бірліктен кем қауіпті техникалық құрылғылар мен техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдар инженерлік-техникалық қызметкерлер қатарынан кемінде 1 (бір) ӨБҚ лауазымды адамның болуын қамтамасыз етеді.