О признании утратившим силу некоторых постановлений акимата Темирского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Темір ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Темір ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының:
Тармақша 1
1) Темір ауданы әкімдігінің «Темір ауданының атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 16 наурыздағы № 45 қаулысы;
Тармақша 2
2) Темір ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 45 «Темір ауданының атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 24 тамыздағы № 171 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Темір ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.