Об установлении публичного сервитута Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қауымдық сервитутты белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақкөл ауданының, Қарасай ауылдық округі әкімшілік шекарасында орналасқан, осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 2099,9 гектар жер учаскесін «БАЙКЕН ГОЛД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймай, 2031 жылғы 4 қыркүйекке дейінгі мерзімге пайдалы қазбаларды барлау үшін қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «БАЙКЕН ГОЛД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жер учаскесін шектеулі мақсатты пайдалану (қауымдық сервитут) жөнінде келісім-шарт жасассын.
Тармақ 3
3. «БАЙКЕН ГОЛД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен белгіленсін.
Тармақ 4
4. «БАЙКЕН ГОЛД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын сақтасын.
Тармақ 5
5. «Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енгізіледі.
Басқа 1. «БАЙКЕН ГОЛД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
Ақкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы «__»__________ №________ қаулысына 1 қосымша «БАЙКЕН ГОЛД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі № р/с Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы кадастрлық нөмірі Жария сервитут белгілеудің жалпы ауданы, гектар Оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары Өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, гектар жайылымдар, гектар егістік, гектар 1 Кульжазира Сарсекеевна Сандыбаева 01-001-025-031 2000 213,7 2 Бауыржан Ержанович Асанов 01-001-017-096 2000 105,6 3 «Бавария KZ» ЖШС 01-001-017-141 300 12,3 4 Серик Ержанович Асанов 01-001-017-146 860 614,8 5 Серик Ержанович Асанов 01-001-017-127 500 229 6 Райгуль Махметовна Бахтыгалиева 01-001-017-197 968 219,8 7 «Бавария KZ» ЖШС 01-001-017-164 650 53 8 Агабай Аменович Абдрахманов 01-001-017-136 1000 19,3 9 «Кокдомбак Кз» ЖШС 01-001-017-189 471,5 218,7 10 «Асет-МИ» ЖШС 01-001-025-010 854 5,7 11 Кульжазира Сарсекеевна Сандыбаева 01-001-025-032 350 123,1 12 Ақкөл ауданының босалқы жерлері 284,9 160,3 124,6 Жиыны 2099,9