О проведении пилотного проекта по первичной государственной регистрации транспортных средств посредством портала «электронного правительства» и объектов информатизации Қолданыста
Басқа 0
«Электрондық үкімет» порталы және ақпараттандыру объектілері
арқылы көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу бойынша
пилоттық жобаны жүргізу туралы
«Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, тиімділігін арттыру мақсатында және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2024 жылғы 14 қазандағы № 5 хаттамасы 1-тармағының 3-тармақшасын орындау шеңберінде БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Электрондық үкімет» порталы және ақпараттандыру объектілері арқылы көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес Пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетіне қамтамасыз етуді тапсыру:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрыққа мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 31 тамызға дейін қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Басқа 0. «Электрондық үкімет» порталы және ақпараттандыру объектілері арқылы көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу жөніндегі пилоттық жоба алгоритмі
бұйрығына қосымша
«Электрондық үкімет» порталы және ақпараттандыру объектілері арқылы көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу жөніндегі пилоттық жоба алгоритмі
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Алгоритм көлік құралдарының жекелеген түрлерін көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер мен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру жөніндегі мемлекеттік қызметті пилоттық жобаны іске асыру тәртібін айқындайды. Бұл қызмет «электрондық үкімет» порталы және ақпараттандыру объектілері арқылы Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген немесе көлік құралдарын өндірушілердің ресми дилерлері әкелген көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу кезінде көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Көлік құралдарын «электрондық үкімет» порталы және ақпараттандыру объектілері арқылы бастапқы тіркеу кезінде жоғары сұранысқа ие және сақтауға қалдырылған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін таңдау мүмкін емес.
Тармақ 3
3. Бұл Алгоритмде келесі қысқартулар қолданылады:
Тармақша 1
1) ЭҮП – «Электрондық үкімет» порталы және ақпараттандыру объектілері
Тармақша 2
2) ЖТ МДБ - «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы;
Тармақша 3
3) МАБ - мобильдік азаматтар базасы;
Тармақша 4
4) ӘӨБТ - «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесі;
Тармақша 5
5) ЭЦҚ - электрондық цифрлық қолтаңба;
Тармақша 6
6) ЭҚЖЖ - Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші;
Тармақша 7
7) ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 8
8) ХҚКО - Халыққа қызмет көрсету орталығы;
Тармақша 9
9) МТНБ - мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі;
Тармақша 10
10) КҚТК – көлік құралын тіркеу туралы куәлік.
Тармақ 4
4. «Электрондық үкімет» порталы және ақпараттандыру объектілері арқылы көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу процесіне мынадай кезеңдер қамтылады:
Тармақша 1
1) ЭҚЖЖ бойынша тексеруден өтіп, сатушы тарапынан (заңды тұлға –көлік құралдарын сату қызметін) көлік құралын бастапқы тіркеуге өтінімге бастамашылық жасау. ЭҚЖЖ сәйкес келмеген жағдайда - қызмет көрсетудің мүмкін еместігі туралы хабарламаны шығару, ЭҚЖЖ сәйкес келген жағдайда - келесі қадамға өту;
Тармақша 2
2) Сатушы VIN-кодты енгізеді және ЭҮП ақпараттық жүйелерден мәліметтер бойынша тексеру жүргізеді;
Тармақша 3
3) Көлік құралдарының электрондық паспорттары жүйесі бойынша тексеру. Мәліметтер болмаған жағдайда - қызмет көрсетудің мүмкін еместігі туралы хабарламаны шығару, мәліметтер болған жағдайда - келесі қадамға өту;
Тармақша 4
4) Кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі мәліметтерді тексеру. Мәліметтер болмаған кезде-қызмет көрсету мүмкін остігі туралы хабарламаны шығару, мәліметтер болған кезде-келесі қадамға өту;
Тармақша 5
5) Кәдеге жарату төлемін төлеу жөніндегі мәліметтерді тексеру. Мәліметтер болмаған жағдайда - қызмет көрсетудің мүмкін еместігі туралы хабарламаны шығару, мәліметтер болған жағдайда - келесі қадамға өту;
Тармақша 6
6) Сатушы Сатып алушының ЖСН (жеке тұлға) енгізеді және ЭҮП ЖТ МДБ мәліметтері бойынша тексеру жүргізеді;
Тармақша 7
7) Сатып алушының өзекті мәртебесін және оның дербес деректерін алу үшін ЖТ МДБ-ға сұрау салу. Мәліметтер болмаған жағдайда - дұрыс ЖСН енгізу қажеттілігі туралы хабарламаны шығару, мәліметтер болған жағдайда - келесі қадамға өту;
Тармақша 8
8) ЭҮП сатып алу-сату шарттары туралы деректерді алу үшін электрондық қол қою жүйелеріне сұраным жолдайды. Мәліметтер болмаған жағдайда - қызмет көрсетудің мүмкін еместігі туралы хабарламаны шығару, мәліметтер болған жағдайда - келесі қадамға өту;
Тармақша 9
9) Сатушы өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қояды;
Тармақша 10
10) Сатып алушы ЭҮП жеке кабинетінде көлік құралын бастапқы тіркеуге өтінімнің түскені туралы хабарлама алады және өтінімді келісімдейді, содан кейін деректерді толтыруға көшеді;
Тармақша 11
11) ЭҮП сатып алушының өзекті мәртебесін және оның дербес деректерін алу үшін ЖТ МДБ-ға сұрау салуды жүзеге асырады. Мәліметтер болмаған жағдайда - қызмет көрсетудің мүмкін еместігі туралы хабарламаны шығару, мәліметтер болған жағдайда - келесі қадамға өту;
Тармақша 12
12) ЭҮП көлік құралдарының электрондық паспорттары жүйесі бойынша тексеру жүргізеді. Мәліметтер болмаған жағдайда - қызмет көрсетудің мүмкін еместігі туралы хабарламаны шығару, мәліметтер болған жағдайда - келесі қадамға өту;
Тармақша 13
13) ЭҮП сатып алу-сату шарттары туралы деректерді алу үшін электрондық қол қою жүйелеріне сұраным жолдайды. Мәліметтер болмаған жағдайда - қызмет көрсетудің мүмкін еместігі туралы хабарламаны шығару, мәліметтер болған жағдайда - келесі қадамға өту;
Тармақша 14
14) ЭҮП сатып алушыда әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын тексеру үшін ӘӨБТ-ға сұраным жолдайды. Төленбеген айыппұлдар болған жағдайда -төлеу және қайта беру қажеттілігі туралы хабарламаны шығару, төленбеген айыппұлдар болмаған жағдайда - келесі қадамға өту;
Тармақша 15
15) Сатып алушы дайын құжаттарды алу үшін тізбеден қажетті ХҚКО таңдап, МТНБ -ның қажетті түрін көрсетеді;
Тармақша 16
16) ЭҮП тіркелген нөмірді алу үшін МАБ-ға сұраным жолдайды. Тіркелген нөмір болмаған жағдайда - сатып алушының нөмірді енгізуі және келесі қадамға өтуі, нөмірді алған жағдайда - келесі қадамға өту;
Тармақша 17
17) Сатып алушы ЭҮТШ арқылы қажетті баждар мен алымдарды төлейді;
Тармақша 18
18) Сатып алушы өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қояды;
Тармақша 19
19) Өтінім өңделгеннен кейін ЭҮП қызметтің сәтті көрсетілгені туралы хабарламаны не дәлелді бас тартуды көрсетеді.
Тармақ 5
5. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың) полиция департаменттерінің әкімшілік полиция басқармалары көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша шаралар қабылдайды. Аталған Қағидалар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны көлік құралдарын тіркеу куәліктерін уақтылы басып шығару бойынша шаралар қабылдайды.
.
Тарау 2. 2 тарау. Көрсетілетін қызметті алушы мен Мемлекеттік корпорацияның өзара әрекет ету тәртібі
2 тарау. Көрсетілетін қызметті алушы мен Мемлекеттік корпорацияның өзара әрекет ету тәртібі
Тармақ 7
7. Қызметтің сәтті көрсетілгені туралы хабарламаны алғаннан кейін Сатып алушы ресепшнге дайын құжаттарды (КҚТК және МТНБ) алу үшін таңдалған ХҚКО-ға жүгінеді.
Тармақ 8
8. Сатып алушы ХҚКО қызметкеріне жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсынады, ал ХҚКО қызметкері дайын құжаттарды беру үшін электрондық кезек талонын береді.
Тармақ 9
9. Сатып алушы Беру секторының қызметкеріне жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен өтінім нөмірі көрсетілген электрондық құжатты ұсынады.
Тармақ 10
10. Беру секторының қызметкері ЭҮП-тен келіп түскен өтінімге сәйкес КҚТК және МТНБ береді.