О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның лауазымдық құрамында:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары» деген жол алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, төрағаның орынбасары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің өңірлік саясат мәселелеріне жетекшілік ететін кеңесшісі, төрағаның орынбасары»;
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің әкімшілік реформа және мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары»;
«Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі» деген жол алып тасталсын;
Тармақша 2
2) «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«Мемлекеттік саяси лауазымдар» деген 1-тарауда:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның бірінші орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның бірінші орынбасары мен орынбасары»;
«Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, оның орынбасарлары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары»;
Тармақша 3
3) «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары»;
«Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің өңірлік саясат мәселелеріне жетекшілік ететін кеңесшісі»;
Тармақша 4
4) қызмет бабында пайдалану үшін.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық 2025 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) және 3) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.