О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата области Ұлытау Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлытау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Ұлытау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ұлытау облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі
2025 жылғы 10 қазандағы № 81/01 Қаулысына қосымша Ұлытау облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. «Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында қатты пайдалы қазбалар өндіру бойынша «Қужал» кен орнының шекарасындағы Көкпекті өзені учаскесінің су қорғау аймағын, белдеуін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 64/01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 76-20 болып тіркелген) қаулысы;
Тармақ 2
2. «Ұлытау облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» Ұлытау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 02/01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 87-20 болып тіркелген) қаулысы;
Тармақ 3
3. «Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Борсеңгір ауылдық округінде орналасқан, қаралып отырған тұста Жиделісай өзені учаскесінің су қорғау аймағын, белдеуін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Ұлытау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 02/01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 174-20 болып тіркелген) қаулысы;
Тармақ 4
4. «Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 64/01 «Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында қатты пайдалы қазбалар өндіру бойынша «Қужал» кен орнының шекарасындағы Көкпекті өзені учаскесінің су қорғау аймағын, белдеуін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ұлытау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 34/01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 184-20 болып тіркелген) қаулысы;
Тармақ 5
5. «Ұлытау облысының Жиделісай, Көкдомбақ өзендері учаскелерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Ұлытау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 сәуірдегі № 35/01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 185-20 болып тіркелген) қаулысы;
Тармақ 6
6. «Ұлытау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Ұлытау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 43/01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 198-20 болып тіркелген) қаулысы.