Об установлении водоохранных зон, полос водных объектов области Ұлытау и режима их хозяйственного использования Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлытау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлытау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Ұлытау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік су инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік су инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі «КЕЛІСІЛДІ» «Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Басқа 0. Ұлытау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері
Ұлытау облысы әкімдігінің 2025 жылғы «10» қазандағы № 81/02 қаулысына 1-қосымша Ұлытау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулері № Су объектісінің атауы Орналасқан жері Су қорғау аймағының ені (метр) Су қорғау белдеуінің ені (метр) 1 Кеңгір су қоймасы Жезқазған қаласы 135-500 100 2 Айнакөл су айдыны Сәтбаев қаласы 500 35 3 Қылыш су қоймасы Қаражал қаласы 500 35-50 4 Ақтасты су қоймасы Жаңаарқа ауданы 500 100 5 Бидайық су қоймасы Жаңаарқа ауданы 500 35-100 6 Ақтасты өзені Жаңаарқа ауданы 500 55-100 7 Жақсысарысу өзені Жаңаарқа ауданы 500 35-50 8 Жамансарысу өзені Жаңаарқа ауданы 500 35-50 9 Атасу өзені Жаңаарқа ауданы 500 100 10 Талдыманақа өзені Жаңаарқа ауданы 500 50 11 Тереңбұтақ өзені Жаңаарқа ауданы 500 50 12 Құдайменді өзені Жаңаарқа ауданы 500 35-75 13 Ақылбай өзенінің учаскесі Жаңаарқа ауданы 500-800 50 14 Байыр өзенінің учаскесі Жаңаарқа ауданы 500 50 15 Көкпекті өзенінің учаскесі Жаңаарқа ауданын 500 35-50 16 Жезді су қоймасы Ұлытау ауданы 500 100 17 Барақкөл көлі Ұлытау ауданы 500 100 18 Көпкөл көлі Ұлытау ауданы 500 100 19 Ащымайыр өзені Ұлытау ауданы 500 35-36 20 Каракеңгір өзені Ұлытау ауданы 500 35-100 21 Жезді өзені Ұлытау ауданы 500 75-100 22 Сарысу өзені Ұлытау ауданы 1000 35-100 23 Шағырлыжиленшек өзені Ұлытау ауданы 500 35-36 24 Дулығалыжиленшек өзені Ұлытау ауданы 500 35-36 25 Жыланды өзені Ұлытау ауданы 500 50-100 26 Қарғалы өзені Ұлытау ауданы 500 50 27 Сарыкеңгір өзені Ұлытау ауданы 500 50 28 Сарыторғай өзені Ұлытау ауданы 500 50 29 Қумола өзені Ұлытау ауданы 500 50 30 Байқоңыр өзені Ұлытау ауданы 500 75-100 31 Байкоңыр өзенінің учаскесі Ұлытау ауданы 500 35 32 Жиделісай өзенінің учаскесі Ұлытау ауданы Борсеңгір ауылдық округі 500 35 33 Көкдомбақ өзенінің учаскесі Ұлытау ауданы, Сәтбаев қаласынан солтүстікке қарай 15 шақырым 500 35 34 Жиделісай өзенінің учаскесі Ұлытау ауданы, Сәтбаев қаласынан солтүстікке қарай 15 шақырым 500 35 Ескерту: су қорғау аймақтары және белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалау құжаттамаларының картографиялық материалдарында көрсетілген.
Басқа 1. Ұлытау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
Ұлытау облысы әкімдігінің 2025 жылғы «10» қазандағы № 81/02 қаулысына 2-қосымша Ұлытау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі
Тармақ 1
1. Жерүсті су объектілерінде:
Тармақша 1
1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды, Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ кен іздеушілікті, ас тұзын, емдік балшықтар өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;
Тармақша 2
2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;
Тармақша 3
3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;
Тармақша 4
4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;
Тармақша 6
6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;
Тармақша 7
7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:
Тармақша 1
1) мыналарды: су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын; көпірлерді, көпір құрылысжайларын; айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін; балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды; ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды; су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;
Тармақша 2
2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;
Тармақша 3
3) осы қосымшаның 1-тармағының 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.
Тармақ 3
3. Су қорғау аймақтары шегінде:
Тармақша 1
1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;
Тармақша 4
4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;
Тармақша 5
5) зираттарды орналастыруға;
Тармақша 6
6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Орналастырылуы осы қосымшаның ережелеріне қайшы келмейтін объектілер су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбайтын, сондай-ақ судың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін техникалық сумен жабдықтаудың тұйық (ағынсыз) жүйелерімен және (немесе) құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілуге тиіс.
Тармақ 5
5. Су объектілеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет тәртібі бассейндік су инспекцияларымен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген жобалар шеңберінде айқындалады.
Тармақ 6
6. Көлік немесе инженерлік коммуникацияларды су объектілерінің аумағы арқылы салу жобалары тасқын сулардың өтуін, су объектілерін пайдалану режимін, сулардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбауды, олардың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүргізуді көздеуге тиіс.