Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах области Ұлытау Қолданыста
Басқа 0
Ұлытау облысының су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлытау облысының су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы», «Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы», «Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесі
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің
Ұлытау облысы бойынша экология департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесі
Басқа 0. Ұлытау облысының су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа
арналған орындар
Ұлытау облысы әкімдігінің
2025 жылғы «10» қазандағы
№ 81/03 қаулысына
қосымша
Ұлытау облысының су объектілерінде жаппай демалуға, туризм мен спортқа
арналған орындар
№
р/с
Атауы
Орналасқан жері
Ескертпе
1
«Мадагаскар» жағажайы
Кеңгір су қоймасының жағалау белдеуі, координаттары:
47°799384"N 67°720511"E
Жеке меншік
2
«Дом рыбака» демалыс аймағы
Кеңгір су қоймасының жағалау белдеуі, координаттары:
47°841757"N 67°738146"E
Жеке меншік
3
«Горняк» демалыс аймағы
Кеңгір су қоймасының жағалау белдеуі, координаттары:
47°892889"N 67°743365"E
Жеке меншік
4
Байдарка мен каноэде есу сабақтарына арналған есу базасы
Кеңгір су қоймасының жағалау белдеуі, координаттары:
47°809080"N 67°691972"E
Коммуналдық