Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Объектілік ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдай министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы №240 бұйрығының 1 тармағының 2 тармақшасына, Жезқазған қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 3 хаттамасы негізінде, Жезқазған қаласының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Авариялық жағдайдың туындау қаупіне орай, Жезқазған қаласындағы Абай көшесі, 77 мекенжайында орналасқан «Білім – инновация №3 облыстық лицей - интернаты» КММ – не дейін 77 кварталдағы трансформаторлық қосалқы станциясынан (ТП - 77) тартылған 0,4 кВ кабель желісінің зақымдануына байланысты объектілік ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары А.Ә. Арынов тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.