Об утверждении номенклатуры услуг телекоммуникаций и услуг, технологически связанных с предоставлением услуг телекоммуникаций, на которые применяются регулируемые государством цены Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялар қызметтерiн ұсынумен технологиялық байланысты қызметтердiң номенклатурасын бекiту туралы "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялар қызметтерiн ұсынумен технологиялық байланысты қызметтердiң номенклатурасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi заңнамада белгіленген тәртiппен бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялар қызметтерiн ұсынумен технологиялық байланысты қызметтердiң номенклатурасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қазандағы N 1064 қаулысымен бекiтiлген Мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын телекоммуникациялар қызметтерiнiң және телекоммуникациялар қызметтерiн ұсынумен технологиялық байланысты қызметтердiң номенклатурасы
Тармақ 1
1. Телекоммуникациялар қызметтерi
Тармақша 1
1) Байланыс операторлары үшiн телефон трафигін өткiзу қызметтерi: жергiлiктi телефон трафигiн өткiзу; аймақiшiлiк телефон трафигiн өткiзу; қалааралық телефон трафигiн өткiзу; халықаралық телефон трафигiн өткiзу; ұялы операторлардың желiлерiнен/желілерiне телефон трафигiн өткiзу.
Тармақ 2
2. Телекоммуникациялар қызметтерiн ұсынумен технологиялық байланысты қызметтер
Тармақша 1
1) Байланыс операторларының телекоммуникациялар желiлерiн жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желiсiне қосу жөнiндегi қызметтер: жергiлiктi деңгейде; аймақiшiлiк және қалааралық деңгейде; қалааралық және халықаралық деңгейде.
Тармақша 2
2) Инфрақұрылым элементтерiн (технологиялық мүлiктi) жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желiсiне қосу үшiн байланыс операторларына: байланыс (icкe қосылмаған оптикалық талшықтардан басқа) желiлерi мен кәбiлдерiн; телефон кәрiзiн; үй-жайларды, құрылыстарды және байналыс тiреулерiн жалға беру.
Тармақша 3
3) Байланыс операторларына арналарды (ұқсас және сандық) жалға беру жөнiндегi қызметтер: жергiлiктi деңгейде; аймақiшiлiк деңгейде; қалааралық деңгейде; халықаралық деңгейде.