О создании и утверждении положения коммунального государственного учреждения «Управление внутренней политики города Шымкент» Қолданыста
Басқа 0
«Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес және «Шымкент қаласының басқару схемасы туралы» 2018 жылғы 22 маусымдағы № 31/252-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 29/259-VIII шешімі негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің мирасқоры болып берілетін функциялар мен өкілеттіктер шегінде «Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
Тармақ 4
4. «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы»
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10
Шымкент қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 9 қазандағы
№ 5553 қаулысына қосымша
«Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) ішкі саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат шағын ауданы, Nursultan Nazarbaev даңғылы 10, индекс 160023.
Тармақ 10
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекетік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекетік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Басқарманың мақсаты: қаладағы конфессияаралық келісім, азаматтық қоғам институттарын қолдау мен дамытуға, қаланың ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру болып табылады.
Тармақ 14
14. Басқарманың өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
Басқарманың қарамағындағы ұйымдарға, мемлекеттік мекемеге міндетті орындауға жататын тапсырмалар беруге;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға.
Басқарманың кұзыретіне жататын мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер және өзге де отырыстар өткізу.
Тармақша 2
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ қала әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;
Тармақша 3
3) өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі негізінде өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4
4) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңы 8 - бабы 3 - тармағына сәйкес, функцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) тұрғындар арасында теле, радио бағдарламалардың кешенді талдауын және экспресс-талдауын жүргізеді;
Тармақша 8
8) үкіметтік емес ұйымдардың қызметтеріне талдау жүргізу арқылы ортақ тенденцияларды анықтау және қоғамдағы қоғамдық-саяси ахуал жағдайларын болжайды;
Тармақша 9
9) қоғамдық-саяси қарым-қатынастарды реттеуде биліктің барлық тармақтарымен өзара әрекет ету қағидаттарын қалыптастырады;
Тармақша 10
10) Шымкент қаласының аумағындағы саяси партияларға, қоғамдық-саяси ұйымдарға және олардың филиалдарының қызметіне тұрақты мониторинг жүргізеді;
Тармақша 11
11) саяси партиялармен, қоғамдық-саяси ұйымдармен және олардың филиалдарымен өзара әрекеттесу, Шымкент қаласының аумағында қоғамдық ұйымдармен өткізілетін іс-шараларға қатысады;
Тармақша 12
12) үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау және олармен Шымкент қаласының аумағында өткізілетін іс-шараларға қатысады;
Тармақша 13
13) ішкі саяси үдерістерге тұрақты мониторинг барысында алынған ақпаратты талдайды;
Тармақша 14
14) қоғамдық жерлерде (саябақтар, шағын гүлбақтар), мәдениет ескерткіштері мен монументтерге, ғимараттарға, құрылыстарға іргелес аумақтарда, сондай-ақ Шымкент қаласының көшелерінде бұқаралық-мәдени іс-шаралар өткізуге өтініштерді қарастырады;
Тармақша 15
15) әлеуметтік зерттеулер жүргізеді;
Тармақша 16
16) қоғам тіршілік әрекетінің барлық негізгі бағыттары бойынша нақты ұсыныстар жасайды;
Тармақша 17
17) мемлекеттің идеологиялық тапсырмаларын орындау аясында Шымкент қаласының ақпараттық-насихаттау топтары мүшелерін әдістемелік материалдармен ақпараттық қамтамасыз ету, тұрғындармен кездесу арқылы ақпараттық-насихаттау іс-шараларын өткізеді;
Тармақша 18
18) алынған мәліметтер негізінде талдамалық баяндамалар, есептер және жазбалар дайындайды;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің саясатын іске асырады;
Тармақша 20
20) өңірдің ұлттық, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық мүдделерін білдіру қажеттігін ескере отырып, қалалық Ассамблеяның құрылымы мен құрамын анықтау құзыретін қамтамасыз етеді;
Тармақша 21
21) қалалық Ассамблеяның сессиясы мен кеңесін өткізуді және олардың құзыреттерін іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 22
22) қалалық этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсынысы негізінде Ассамблея мүшелігіне кандидатуралар ұсынады;
Тармақша 23
23) қаладағы этносаралық қатынастардың жай-күйі және оларды нығайту перспективалары туралы ақпарат жинайды және ұсынады;
Тармақша 24
24) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, қоғамдық және этномәдени бірлестіктермен, азаматтық қоғам институттарымен бірлесе отырып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, этносаралық толеранттылық, қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ел бірлігін, қазақстандық азаматтық біртектілік пен отансүйгіштікті нығайту жұмыстарын үйлестіреді;
Тармақша 25
25) этносаралық келісімге бағытталған семинарлар, конференциялар өткізу, ағартушылық және баспа қызметтерін ұйымдастыру, этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық көмек көрсетеді;
Тармақша 26
26) қалалық Ассамблеяның Қоғамдық келісім кеңесін құру бойынша жұмыстарды жүргізеді және оның қызметін қамтамасыз етуді үйлестіреді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқармада басқаруды басқарма бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарма бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарма бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, сондай-ақ, қарамағындағы ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Тармақша 3
3) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Басқарма қызметкерлерінің, Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшыларының міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 4
4) Басқарманың жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 5
5) Басқарманың атынан әрекет етеді;
Тармақша 6
6) сенімхаттар береді;
Тармақша 7
7) өз уәкілеттігі шегінде барлық Басқарма қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) Басқарма қызметкерлеріне, қарамағындағы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді және тәртіптік жаза қолдана алады;
Тармақша 9
9) Басқарманың ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 10
10) Басқармада «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының орындалуына дербес жауапты болады.
Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 21
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай- ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) «Шымкент ақпарат орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 2
2) Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 3
3) Шымкент қаласының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.