Об утверждении перечня, наименований и индексов, автомобильных дорог общего пользования районного значения Мартукского района Қолданыста
Басқа 0
Мәртөк ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мәртөк ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Мәртөк ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 206 «Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 46 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8098 тіркелген) күші жойылды деп танылсын).
Тармақ 3
3. «Мәртөк аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі нұсқасын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қамтамасыз етсін;
Тармақ 4
4. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Мәртөк ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «8» қазандағы
№ 219 қаулысына
қосымша
Мәртөк ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ р/с
Автожолдың индексі
Автожолдың атауы
Жалпы ұзындығы, шақырым
1
KD-МА-1
«Мәртөк-Дмитриевка-Байторасай-Полтавка» 0-44,275 км
44,275
2
KD- МА -2
«Мәртөк-Ақтөбе тас жолынан Вознесеновка-Жаңажол» 0-33 км
33
3
KD- МА -3
«Байторасай-Шевченко-Қызылжар-Бөрте» 0-43,825 км
43,825
4
KD- МА -4
«Достық ауылына кіре беріс» 0,12 км
12
5
KD- МА -5
«Мәртөк-Қаратаусай-Аққайың» 0-44 км
44
6
KD- МА -7
«Құрмансай-Шанды-Егізата» 0-39 км
39
7
KD- МА -8
«Құрмансай ауылына кіре беріс» 0-28,315 км
28,315
8
KD- МА -9
«Покровка ауылына кіре беріс» 0-9,1 км
9,1
9
KD- МА -10
«Мәртөк-Ақтөбе тас жолынан Қаратоғай ауылына кіре беріс» 0-6 км
6
10
KD- МА -11
«Мәртөк ауылына кіре беріс» 0-6 км
6
11
KD- МА -13
«Сарыжар ауылына кіре беріс» 0-4,56 км
4,56
Барлығы
270,075