О признании утратившими силу некоторых решений Кобдинского районного маслихата Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қобда аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Қобда аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Қобда аудандық мәслихатының 2025 жылғы 10 қазандағы № 372 шешіміне қосымша Қобда аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақша 1
1) Қобда аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 137 «Қобда аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-156 болып тіркелген) шешімі;
Тармақша 2
2) Қобда аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 12 «Қобда аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 137 «Қобда аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы (2023 жылы 11 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;
Тармақша 3
3) Қобда аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 тамыздағы № 54 «Қобда аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 137 «Қобда аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы (2023 жылы 14 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.