Об утверждении перечня налогоплательщиков, осуществляющих деятельность в рамках контракта на недропользование, обороты по реализации нестабильного конденсата которых с территории Республики Казахстан на территорию других государств – членов Евразийского экономического союза облагаются налогом на добавленную стоимость по нулевой ставке Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Салық кодексі 473-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын салық төлеушілердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай игеру және өндіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын салық төлеушілердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2025 жылғы 14 қазандағы № 382-н/қ бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізу бойынша айналымдарына нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын салық төлеушілердің тізбесі № р/н Салық төлеуші 1. «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» қазақстандық филиалы