Об утверждении Правил и сроков изменения срока уплаты налога на добавленную стоимость по импортируемым товарам, за исключением товаров, импортируемых с территории государств-членов Евразийского экономического союза Қолданыста
Басқа 0
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 134-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 15 қазандағы
№ 604
бұйрығымен бекітілген
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту қағидалары мен мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 134-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда (бұдан әрі – ЕАЭО), импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеу мерзімін өзгерту тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) қазақстандық тауар өндіруші – Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген кәсіпкерлік субъектісі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган салық органы болып табылады (бұдан әрі – МКО);
Тармақша 3
3) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде өнеркәсіп саласында басшылықты, сондай-ақ саларалық үйлестіруді және мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган);
Тармақша 4
4) уәкілетті орган – салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Бөлім 2. 2-бөлім. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту тәртібі мен мерзімдері
2-бөлім. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 3
3. ҚҚС төлеу мерзімін өзгерту кейінге қалдыру түрінде беріледі.
Тармақ 4
4. ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру келесі шарттар бір мезгілде сақталған жағдайда беріледі:
Тармақша 1
1) тауар Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірісі жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін қанағаттандырмайтын тауарлар тізбесіне енгізілген болуы, мұндай тауарларды салық төлеушінің өңдеуге арналған өнімді өндіру кезінде пайдалануы шарт. Сондай-ақ мұндай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасының салық төлеушілері үшін тізбе Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен, салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітіледі (бұдан әрі – Тізбе);
Тармақша 2
2) салық төлеуші Салық кодексінің 134-бабына сәйкес Тізбеге енгізілуі тиіс;
Тармақша 3
3) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарларды мақсатты пайдалану міндеттемесін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынған жағдайда;
Тармақша 4
4) салық төлеуші Қазақстан Республикасының «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңының 51-1-бабына сәйкес өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген жағдайда.
Тармақ 5
5. Импортталатын тауарлар бойынша салықтарды төлеу мерзімін өзгерту үшін негіз – Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 176-бабына сәйкес ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға арналған декларацияның мемлекеттік кірістер органына ұсынылуы болып табылады.
Тармақ 6
6. ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру 12 (он екі) ай мерзімге беріледі.
Тармақ 7
7. ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру бұрын берілген кейінге қалдыруларды ескере отырып, сомасы 50 (елу) миллион теңгеден асқан жағдайда, Кодекстің 10-бабына сәйкес кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылады.
Тармақ 8
8. Кейінге қалдыру мемлекеттік кірістер органы есептеген салық сомасын кейінге қалдыру берілген мерзімнен кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей жеке шотта көрсету арқылы беріледі.
Тармақ 9
9. ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру жөніндегі міндеттемені және тауарларды нысаналы мақсаты бойынша пайдалану жөніндегі міндеттемені орындамаған жағдайда:
Тармақша 1
1) МКО барлық берілген тауар декларациялары бойынша кейінге қалдыруды жояды;
Тармақша 2
2) ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру жөніндегі міндеттемені орындамау фактісі анықталған сәттен бастап, салық төлеуші 24 (жиырма төрт) ай ішінде кейінге қалдыруды пайдалану мүмкіндігінен айырылады.
Тармақ 10
10. ҚҚС төлеу жөніндегі міндеттемені орындамаған жағдайда кейінге қалдырылған салық сомасына өсімпұл тауарларға арналған декларация мемлекеттік кірістер органдарында тіркелген күннен бастап Салық кодексінің 85-бабына сәйкес есептеледі.
Тармақ 11
11. Есептелген өсімпұл салық сомасы нақты төленген күнге дейін есептеледі.
Басқа 1
Еуразиялық экономикалық одаққа
мүше мемлекеттердің аумағынан
импортталатын тауарларды қоспағанда,
импортталатын тауарлар бойынша
қосылған құн салығын төлеу мерзімін
өзгерту қағидалары
мен мерзімдеріне
қосымша
Нысан
Аумақтық мемлекеттік кірістердің
органының басшысы
___________________________
___________________________
ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша тауарларды нысаналы мақсатта пайдалану туралы міндеттеме
Қабылдаушы__________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, мекенжайы, банк деректемелері не жүк алушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), ЖСН/БСН)
_____________________________________________________________
тауарларға арналған декларацияның (декларациялардың № сәйкес (тауардың атауы)
_____________________________________________________________
Осыған байланысты, көрсетілген тауарларды олардың нысаналы мақсатына қатаң сәйкес пайдалануға міндеттенемін. Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарда пайдаланған жағдайда, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес кедендік тазарту кезінде төленбеген салықтарды ________ теңге мөлшерінде және өсімпұлды төлеуге міндеттенемін.
Алушының қолы_________/_________/ Күні 20__ жылғы __ ______ (заңды тұлға басшысының тегі, аты және әкесінің аты не жүк алушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)
Ескертпе:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі.