Об утверждении Правил снятия показаний с приборов учета количества реализованного нестабильного конденсата по системе трубопроводов Қолданыста
Басқа 0
Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексі 473-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналар күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 127 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16847 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 127 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 218 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28585 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 0. Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін
есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2025 жылғы 15 қазандағы
№ 388-н/қ
бұйрығымен бекітілген
Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін
есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексі 473-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) беруші тарап – тұрақсыз конденсаттың меншік иесі болып табылатын және оны құбыр жүйесі бойынша беру арқылы өткізуді жүзеге асыратын тарап;
Тармақша 2
2) қабылдаушы тарап – тұрақсыз конденсатты беруші тараптан құбыр жүйесі арқылы қабылдайтын тарап.
Тармақша 3
3) тұрақсыз конденсаттың мөлшерін өлшеу жүйесі – автоматты және қолмен өңдеуге қолайлы нысанда өлшеу ақпаратының сигналдарын беруге арналған өлшеу құралдарының, өлшеу нәтижелерін өңдеу, сақтау, индикациялау және тіркеу құрылғыларының, технологиялық және қосалқы жабдықтардың жиынтығы.
Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мағынада қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу тәртібі
2-тарау. Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу тәртібі
Тармақ 3
3. Өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында есепке алу аспаптарына пломбалар салу жолымен пломбалау жүргізіледі.
Пломбалауды беруші тараптың жауапты адамдарының қатысуымен мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамы жүзеге асырады.
Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспабы Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес салыстырып тексерілуге және салыстырып тексеру таңбасының бедерімен куәландырылуға тиіс.
Тармақ 4
4. Пломбаларды тұрақсыз конденсаттың саны мен сапасын өлшеу жүйесінің қалыпты жұмысын бұзудың нақты қаупі болған немесе авариялық және өрт қауіпті жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кіріс органдары ғана өзгертеді немесе жояды не олардың жазбаша рұқсаты негізінде өзгертіледі немесе жойылады.
Тармақ 5
5. Беруші тарап салынған пломбалардың бүтіндігін бұзуға алып келген себептерді түсіндіре отырып, авариялық жағдайларды жою жөнінде жұмыстар жүргізгені туралы мемлекеттік кіріс органдарына жазбаша хабарлайды.
Тармақ 6
6. Бөлшектеуге және пломбалардың бүтіндігін бұзуға байланысты жабдықтарды ағымдағы не күрделі жөндеу жөніндегі жоспарлы жұмыстар жүргізілген кезде, беруші тарап ол туралы осындай жұмыстар жүргізу басталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын осы жұмыстарды жүргізу күні мен ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік кіріс органдарына жазбаша хабарлайды. Мұндай жұмыстар жүргізілген жағдайда есепке алу аспабы одан әрі пайдалануға берілгенге дейін тексерілуге тиіс.
Тармақ 7
7. Пломбаларды салған және алған кезде мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамы мен беруші тараптың және құбыр жүйесінің өкілдері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда пломбалар салу (алу) туралы акт жасайды. Пломбаларды салу (алу) туралы акті екі данада жасалады, оның біреуі мемлекеттік кіріс органдарында сақталады, екінші данасы беруші тарапта қалады.
Тармақ 8
8. Құбыржол жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу мақсаттары үшін тұрақсыз конденсат мөлшерін өлшеу тікелей әдіспен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Тікелей әдісті қолданған кезде тұрақсыз конденсаттың мөлшерін өлшеу тұрақсыз конденсат мөлшерін өлшеу жүйесі пайдаланыла отырып, тікелей массаны өлшеу бірлігінде (тоннада, килограмда) жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Құбыржол жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу күнтізбелік бір ай қорытындысы бойынша келесі айдың әрбір 1 күні Астана қаласының уақыты бойынша 12:00-де жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Есепті айдан кейінгі айдың бірінші күні мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамы мен беруші тараптың өкілі есепке алу аспаптарында пломбалардың болуын және бүтіндігін алдын ала тексеріп, өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алуды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Пломбалар бүтіндігінің бұзылғаны анықталған кезде мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамы мен беруші тараптың өкілі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда пломбалардың бүтіндігінің бұзылғаны анықталғандығы актісін жасайды.
Пломбалар бүтіндігінің бұзылғаны анықталған акт екі данада жасалады, оның біреуі мемлекеттік кіріс органдарында сақталады, екінші данасы беруші тарапта қалады. Қағидалардың 3-тармағына сәйкес есепке алу аспаптарын пломбалау жүргізіледі.
Пломбалардың бүтіндігін бұзуға жол берген адамдар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 281-бабы 5-тармағының 4-тармақшасына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 13
13. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген адамдар құбыржол жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу рәсімдерінің нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда құбыржол жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу актісін жасайды.
Тармақ 14
14. Құбыржол жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу актісіне мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамы мен беруші тараптың өкілі қол қояды, одан кейін 1 жұмыс күні ішінде қабылдаушы тараптың өкілдеріне қол қою үшін беріледі.
Құбыржол жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу акті жеті данада жасалады, оның біреуі мемлекеттік кіріс органдарында сақталады, қалған даналары осы актіге қол қойған адамдарда қалады.
Басқа 1. 20__ жылғы «____» _____________ пломбаларды салу (алу) туралы акт
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2025 жылғы 15 қазандағы
№ 388-н/қ
Құбыржолдар жүйесі арқылы
өткізілген тұрақсыз
конденсаттың мөлшерін есепке
алу аспаптарының
көрсетілімдерін алу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
20__ жылғы «____» _____________ пломбаларды салу (алу) туралы акт
Біз, төменде қол қойған_________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
пломбалар салудың (алудың) жүргізілгені туралы осы актіні жасадық.
Атауы
Аспап түрі, дәлме-дәлдік сыныбы немесе шекті рұқсат етілген қателігі
Пломба салу сәтіндегі аспаптың көрсетілімі
Салынған пломбаның нөмірі (немесе бедері)
Пломбаны алу сәтіндегі аспаптың көрсеті лімі
Алынған пломбаның нөмірі (немесе бедері)
Пломбалардың саны (салынған/ алынған)
Салыс тырып тексеру туралы cертификат
1
2
3
4
5
6
7
8
____________________ ___________________ _____________________________________
(мемлекеттік кіріс органдары маманының лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда))
____________________ ___________________ _____________________________________
(беруші тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
____________________ ___________________ _____________________________________
(құбыр жүйесі өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Басқа 2. 20__ жылғы «___» ____________ құбыржол жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз
конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу актісі
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2025 жылғы 15 қазандағы
№ 388-н/қ
Құбыржолдар жүйесі арқылы
өткізілген тұрақсыз
конденсаттың мөлшерін есепке
алу аспаптарының
көрсетілімдерін алу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
20__ жылғы «___» ____________ құбыржол жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз
конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу актісі
Күні (айдың 1-інен бастап соңғы күнін қоса)
Өткізілген тұрақсыз конденсаттың саны (тоннада)
Өткізілген тұрақсыз конденсаттың жалпы мөлшері (тоннада)
Желі №1
Желі №2
Желі №3
Желі №4
Желі №5
Желі №6
Желі №7
Желі №8
Желі №9
Бір айда барлығы
______________ ________________ __________________ ____________________________
(күні, мемлекеттік кіріс органдары маманының лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
______________ ________________ __________________ ____________________________
(күні, беруші тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
______________ ________________ __________________ ____________________________
(күні, қабылдаушы тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________ (қабылдаушы тараптың актісін беру күні)
_____________________________________
(қол қойылған актіні мемлекеттік кіріс
органдарына қайтару туралы белгі)
Басқа 3. 20__ жылғы «____» _____________ пломбалар бүтіндігінің бұзылғаны анықталған акт
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2025 жылғы 15 қазандағы
№ 388-н/қ
Құбыржолдар жүйесі арқылы
өткізілген тұрақсыз
конденсаттың мөлшерін есепке
алу аспаптарының
көрсетілімдерін алу
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
20__ жылғы «____» _____________ пломбалар бүтіндігінің бұзылғаны анықталған акт
Біз, төменде қол қойған_________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
пломбалар бүтіндігінің бұзылғаны анықталған актіні жасадық.
Атауы
Аспап түрі, дәлме-дәлдік сыныбы немесе шекті рұқсат етілген қателігі
Пломбаның бүтіндігінің бұзылғаны анықталған сәтіндегі аспаптың көрсетілімі
Бүтіндігі бұзылғаны анықталған пломбаның нөмірі (немесе бедері)
Бұзушылықтың сипаты
1
2
3
4
5
____________________ ___________________ _____________________________________
(мемлекеттік кіріс органдары маманының лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда))
____________________ ___________________ _____________________________________
(беруші тарап өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
____________________ ___________________ _____________________________________
(құбыр жүйесі өкілінің лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))