Об утверждении Правил и сроков установления встречных обязательств инвестора по иным видам деятельности, не регулируемым Законом Республики Казахстан «О промышленной политике» Қолданыста
Басқа 0
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының
Заңымен реттелмейтін өзге де қызмет түрлері бойынша инвестордың
қарсы міндеттемелерін белгілеу қағидалары мен мерзімдерін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 281-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмейтін өзге де қызмет түрлері бойынша инвестордың қарсы міндеттемелерін белгілеу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының
Заңымен реттелмейтін өзге де қызмет түрлері бойынша инвестордың
қарсы міндеттемелерін белгілеу қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 15 қазандағы
№ 107
Бұйрығымен бекітілген
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының
Заңымен реттелмейтін өзге де қызмет түрлері бойынша инвестордың
қарсы міндеттемелерін белгілеу қағидалары мен мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмейтін өзге де қызмет түрлері бойынша инвестордың қарсы міндеттемелерін белгілеу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 281-бабының 3-тармағына сәйкес әзерленді және «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмейтін өзге де қызмет түрлері бойынша қарсы міндеттемелерді белгілеу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) инвестордың қарсы міндеттемелері – «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмейтін өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыратын инвестордың мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну кезінде қабылдайтын міндеттемелері;
Тармақша 2
2) өзге де қызмет түрлері – «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмейтін қызмет түрлері;
Тармақша 3
3) өзге де қызмет түрлері бойынша инвестор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, инвестициялық жобаны іске асыратын, өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган – тиісті аяда және/немесе салада басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.
Тарау 2. 2-тарау. «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмейтін өзге де қызмет түрлері бойынша инвестордың
қарсы міндеттемелерін белгілеу тәртібі мен мерзімдері
2-тарау. «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмейтін өзге де қызмет түрлері бойынша инвестордың
қарсы міндеттемелерін белгілеу тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 3
3. Өзге де қызмет түрлері бойынша мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну кезінде тараптар арасында мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша мемлекеттің, ал қарсы міндеттемелерді орындау бойынша инвестордың міндеттемелері көзделеді.
Тармақ 4
4. Инвестордың қарсы міндеттемелері инвестициялық жобада көзделген өзге де қызмет түрлері бойынша белгіленеді:
Тармақша 1
1) ауыл, орман және балық шаруашылығы;
Тармақша 2
2) құрылыс;
Тармақша 3
3) көтерме және бөлшек сауда;
Тармақша 4
4) автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу;
Тармақша 5
5) көлік және қоймалау;
Тармақша 6
6) тұру және тамақтану бойынша қызметтер көрсету;
Тармақша 7
7) ақпарат және байланыс;
Тармақша 8
8) қаржылық және сақтандыру қызметі;
Тармақша 9
9) жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар;
Тармақша 10
10) кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет;
Тармақша 11
11) әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет;
Тармақша 12
12) білім беру;
Тармақша 13
13) денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету;
Тармақша 14
14) өнер, ойын-сауық және демалыс.
Тармақ 5
5. Инвестордың қарсы міндеттемелерін Келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) мақұлдау бойынша уәкілетті орган белгілейді.
Тармақ 6
6. Комиссия қызметінің тәртібі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 наурыздағы № 11-1-4/113 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32095 болып тіркелген) бекітілген Инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларына (бұдан әрі – ИТК жасасу, өзгерту және бұзу қағидалары) сәйкес айқындалған.
Тармақ 7
7. Инвестордың қарсы міндеттемелерінің орындалу мерзімін уәкілетті орган ИТК жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларының 6-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасы (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей айқындайды.
Тармақ 8
8. Комиссия уәкілетті органнан құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде инвестордың қарсы міндеттемелерін қарайды және мақұлдайды.
Тармақ 9
9. Инвестордың қарсы міндеттемелерінің мерзімдері инвестициялық жобаның сипаты мен ұзақтығына байланысты айқындалады.
Тармақ 10
10. Инвестордың қарсы міндеттемелерінің орындалуының жалпы мерзімі 25 (жиырма бес) жылдан аспауға тиіс.
Тармақ 11
11. Өзге де қызмет түрлері бойынша инвестордың қарсы міндеттемелерінің рұқсат етілген мерзімдері:
Тармақша 1
1) ауыл, орман және балық шаруашылығы – 10 (он) жылға дейін;
Тармақша 2
2) құрылыс – 10 (он) жылға дейін;
Тармақша 3
3) көтерме және бөлшек сауда – 7 (жеті) жылға дейін,
Тармақша 4
4) автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу – 7 (жеті) жылға дейін;
Тармақша 5
5) көлік және қоймалау – 15 (он бес) жылға дейін;
Тармақша 6
6) тұру және тамақтану бойынша қызметтер көрсету – 10 (он) жылға дейін;
Тармақша 7
7) ақпарат және байланыс – 25 (жиырма бес) жылға дейін;
Тармақша 8
8) қаржылық және сақтандыру қызметі – 7 (жеті) жылға дейін;
Тармақша 9
9) жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар – 7 (жеті) жылға дейін;
Тармақша 10
10) кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет – 10 (он) жылға дейін;
Тармақша 11
11) әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет – 7 (жеті) жылға дейін;
Тармақша 12
12) білім беру – 25 (жиырма бес) жылға дейін;
Тармақша 13
13) денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 25 (жиырма бес) жылға дейін;
Тармақша 14
14) өнер, ойын-сауық және демалыс – 7 (жеті) жылға дейін.
Тармақ 12
12. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және уәкілетті органның инвестордың қарсы міндеттемелерін айқындауы үшін негіз болып табылады.
Тармақ 13
13. Инвестициялық жобаның іске асыру мерзімдері өзгерген жағдайларда Комиссия мерзімдерді қайта қарауға тиіс.
Тармақ 14
14. Инвестордың қарсы міндеттемелерін орындауын бақылау ИТК жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларының 25-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.