О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Армения о поездках и порядке пребывания граждан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы 2024 жылғы 15 сәуірде Ереванда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісім ратификациялансын.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісім
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісім Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі екі мемлекет арасындағы достық қатынастарды дамыту ниетін басшылыққа ала отырып, 1999 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы шарттың және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың негізінде, екі мемлекет азаматтарының сапарлары мен болу тәртібін құқықтық реттеу мақсатында, төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Тармақ 1
1. Тараптар мемлекеттері азаматтарының тұратын жеріне қарамастан, осы Келісімнің 3-бабында көрсетілген жарамды құжаттардың біреуімен келу мемлекетінің мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап 90 (тоқсан) тәулікке дейінгі мерзімге екінші Тарап мемлекетінің аумағына келуге, одан кетуге, транзитпен өтуге, жүріп-тұруға және болуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген екінші Тарап мемлекетінің аумағында болу мерзімі, егер бұл Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасында көзделген болса, ұзартылуы мүмкін.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Тармақ 1
1. Екінші Тарап мемлекетінің аумағында уақытша болатын бір Тарап мемлекетінің азаматтары келу мемлекетінің құзыретті органдарында күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде тіркелу (болатын жері бойынша есепке қою) міндетінен босатылады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген уақытша болу мерзімі екінші Тарап мемлекетінің аумағына келу кезінде қойылған шекаралық бақылау органдарының белгісімен немесе екінші Тарап мемлекетінің аумағына келген кезде паспортына шекаралық бақылау органдары қойған белгімен расталған, бір Тарап мемлекеті азаматының екінші Тарап мемлекетінің аумағына келген күнінен бастап есептеледі.
Тармақ 3
3. Бір Тарап мемлекетінің азаматы екінші Тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік 30 (отыз) күннен артық болған жағдайда, егер бұл келу мемлекетінің заңнамасында көзделген болса, аталған азамат осы мемлекеттің құзыретті органдарында тіркелуге (болатын жері бойынша есепке тұруға) міндетті.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісімге сәйкес мыналар: Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: Қазақстан Республикасы азаматының паспорты; Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты; Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі; Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі (кеме рөлі немесе одан үзінді көшірме болған кезде); Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік (тек Қазақстан Республикасына қайтып оралу үшін). Армения Республикасының азаматтары үшін: Армения Республикасы азаматының паспорты; Армения Республикасының дипломатиялық паспорты; Армения Республикасы азаматының сәйкестендіру картасы; Армения Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік (тек Армения Республикасына қайтып оралу үшін) шетелге жол жүруге арналған жарамды жол жүру құжаттары болып табылады.
Тармақ 2
2. Тараптар осы Келісімнің 11-бабында көзделген, Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап 30 (отыз) күн өткенге дейін жарамды жол жүру құжаттарының үлгілерімен алмасады.
Тармақ 3
3. Тараптар жаңа жол жүру құжаттарын қолданысқа енгізу, сондай-ақ қолданыстағы құжаттардың өзгерістері туралы дипломатиялық арналар арқылы ноталар алмасу жолымен уақытында хабардар ететін болады. Тараптар аталған құжаттар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей осы құжаттардың үлгілерімен алмасады.
Бап 4. 4-бап
4-бап Бір Тарап мемлекетінің азаматтары халықаралық жолаушылар тасымалына арналған шекаралық пункттерде екінші Тарап мемлекетінің аумағы арқылы келе алады, кете алады және транзитпен өте алады.
Бап 5. 5-бап
5-бап Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының өз мемлекетінің аумағында болмағаны жөн деп есептелетін екінші Тарап мемлекеті азаматтарының келуінен бас тарту немесе кері қайтару жөнінде шаралар қабылдау құқығын шектемейді.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Тармақ 1
1. Бір Tapaп мемлекетінің азаматтары осы Келісімнің 3-бабында көрсетілген құжаттарды екінші Тарап мемлекетінің аумағында жоғалтқан жағдайда, бұл туралы өзі болатын мемлекеттің құзыретті органдарына хабарлауға міндетті, олар құжаттардың жоғалғаны туралы өтінішті растайтын анықтама береді.
Тармақ 2
2. Тараптар мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері өз азаматтарына осы Келісімнің 3-бабында аталған, Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес өз мемлекетіне қайтып оралуға арналған жол жүру құжатын беретін болады.
Бап 7. 7-бап
7-бап Тараптар осы өзгерістер күшіне енгізілгенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, өз мемлекеттерінің аумақтарына келу, онда болу және кету шарттарының өзгерістері туралы дипломатиялық арналар арқылы бір-бірін хабардар етеді.
Бап 8. 8-бап
8-бап Тараптар өзара келісу бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады, олар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылады және жекелеген хаттамалармен ресімделеді.
Бап 9. 9-бап
9-бап Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты даулы мәселелер Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы реттеледі.
Бап 10. 10-бап
10-бап
Тармақ 1
1. Тараптардың әрқайсысының, егер бұл мемлекеттің қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті немесе өз мемлекеті халқының денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету үшін қажет болса, осы Келісімнің қолданысын толық немесе ішінара тоқтата тұруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Тараптар осы баптың 1-тармағында көзделген шараларды қабылдау және олардың күшін жою туралы мұндай шешім қабылдағанға дейін күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын бір-біріне дереу хабарлайтын болады.
Тармақ 3
3. Осы Келісім қолданысының толық немесе ішінара тоқтатыла тұруы осы Келісімнің ережелеріне сәйкес бір Тарап мемлекетінің аумағында жүрген Тараптар мемлекеттері азаматтарының болу тәртібіне қолданылмайды.
Бап 11. 11-бап
11-бап
Тармақ 1
1. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады және Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 2
2. Осы Келісім күшіне енген күннен бастап 2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісім өз қолданысын тоқтатады.
Тармақ 3
3. Тараптардың әрқайсысы бұл туралы екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабардар етіп, осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады. Мұндай жағдайда осындай хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн өткеннен кейін осы Келісім қолданысын тоқтатады. 2024 жылғы "15" сәуірде Ереван қаласында әрқайсысы қазақ, армян және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар. Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін Армения Республикасының Үкіметі үшін