Об установлении публичного сервитута на земельный участок Қолданыста
Басқа 0
Жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, Қамысты ауданы әкімдігінің Қамысты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне «Аурухана кешенін жылытуға арналған қазандықты газбен жабдықтау» объектісі бойынша газ құбырын төсеу, қызмет көрсету және пайдалану үшін» мақсатында 1 (бір) жыл мерзіміне Қостанай облысы, Қамысты ауданы, Қамысты ауылдық округі, Қамысты ауылы, Ленин көшесі, 4 аумағында орналасқан, жалпы ауданы 0,0349 гектар жер учаскелеріне шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қамысты ауданы әкімдігінің Қамысты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесін нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалына жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Қамысты ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.