О проведении областного конкурса "Лучший торговый рынок" Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Үздік сауда рыногы» облыстық
конкурсын өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының
27 бабына сәйкес рыноктар арасында бәсекелестікті дамыту және сауда
рыноктарының Қазақстан Республикасының сауда процесін ұйымдастырудың өркениетті нысандарына отуін ынталандыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Үздік сауда рыногы» облыстық конкурсы жыл сайын өткізілсін деп белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) «Үздік сауда рыногы » конкурсын өткізу жөніндегі Қағида;
Тармақша 2
2) Конкурстың жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссия құрамы
бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары
С. Қ. Ғилымовқа жүктелсін.
Басқа 6
Облыс әкімиятының
2004 жылғы «13» қыкүйектегі
№ 246 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
«Үздік сауда рыногы» конкурсын өткізу жөніндегі Қағида
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қағида конкурсты өткізудің, қатысушылардың өтінімдерін қараудың, өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша шешім қабылдаудың және оның хаттамасын ресімдеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. «Облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.
Бөлім 2. 2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
Тармақ 3
3. Санитарлық нормалар мен ережелерге және бүгінгі күннің талабына
жауап беретін рыноктардың жалпы санының арасынан үздік сауда
рыноктарын іріктеу, олардың аудандардың, қалалардың экономикасын
дамытудағы рөлін анықтау, сауда рыноктарының сауда процесін
ұйымдастырудың өркениетті нысандарына өтуін ынталандыру «Үздік
сауда рыногы» конкурсын өткізудің мақсаты болып табылады.
Тармақ 4
4. «Үздік сауда рыногы» атағы сауда рыноктарына сауда процесін
ұйымдастыру., саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізгені, сондай - ақ
сатып алушылар мен тауарларды өткізушілерге қолайлы жағдай жасағаны
және қызмет көрсетудің озық нысандарын енгізгені үшін конкурстық негізде беріледі.
Бөлім 3. 3. Конкурсқа қатысу шарттары және оны жүргізу тәртібі
3. Конкурсқа қатысу шарттары және оны жүргізу тәртібі
Тармақ 5
5. Конкурсқа меншіктің барлық түріндегі сауда рыноктары қатыса алады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 05.02. №131
қаулысымен бекітілген сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру
ережесінің талаптарына сәйкес келмейтін рыноктар конкурсқа қатысуға
жіберілмейді.
Сауда рыноктары мына номинациялар бойынша конкурсқа қатысады:
Тармақша 1
1) азық-түлік рыноктары:
«Үздік аудандық азық-түлік сауда рыногы»;
«Үздік қалалық азық-түлік сауда рыногы»;
«Үздік облыстық азық-түлік сауда рыногы»;
Тармақша 2
2) азық-түліктік емес рыноктар:
«Үздік аудандық азық-түлік емес сауда рыногы»;
«Үздік қалалық азық-түлік емес сауда рыногы»;
«Үздік облыстық азық-түлік емес сауда рыногы»;
Тармақша 3
3) әмбебап рыноктар:
«Үздік аудандық әмбебап сауда рыногы»;
«Үздік қалалық әмбебап сауда рыногы»;
«Үздік облыстық әмбебап сауда рыногы».
Тармақ 6
6. Конкурс өлшемі:
Тармақша 1
1) рыноктың сыртқы көрінісі;
Тармақша 2
2) ыңғайлы кірме жолдардың болуы;
Тармақша 3
3) рыноктың аумағында имараттардың болуы, оның ыңғайлылығы
және осы бейінді (типтес) объектілер үшін белгіленген қауіпсіздік
техникаларының ережелеріне, санитарлық, өртке қарсы, экологиялық және
өзге талаптарға сәйкес келуі;
Тармақша 4
4) рыноктың санитарлық күйінің: аумақтарының, ғимараттарының,
қондырғыларының, тауарларды сақтау және өткізу шарттарының СанЕмН
талаптары мен санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес келуі;
Тармақша 5
5) рыноктың сауда жабдықтарымен, сауда мүкәмалдарымен, өлшем
құралдарымен, сондай-ақ «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының, СанЕмН және санитарлық ережелер мен
нормаларының талаптарына сәйкес өлшемнің бақылау құралдарымен
жарақтандырылуы;
Тармақша 6
6) рынок жоспарларының көрсеткілерінің, ақпараттық стендтердің
және т.б. ресімделген және орналастырылған болуы;
Тармақша 7
7) рынокта қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық, медициналық қызмет
көрсету объектілерінің, қоғамдық тәртіпті сақтау, байланыс және басқа да
қызметтер көрсету қосындарының, сондай-ақ олардың орналасуы мен
жабдықталуының Қазақстан Республикасының қолданып жүрген
заңдылықтарына сәйкес келуі;
Тармақша 8
8) рынок әкімшілігінің жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) сатушылардың жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) сатылатын тауарлардың сапасымен қауіпсіздігі.
Тармақ 7
7. Құрамында кемінде 7 адамы бар конкурстық қомиссия үміткерлерді
іріктейді және диплом беру жөнінде шешім қабылдайды.
Тармақ 8
8. Ұйымдастыру комиссиясы конкурс, оны өткізу шарттары мен оның
нәтижелері туралы бүқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.
Тармақ 9
9. Комиссия отырысы комиссия мүшелері құрамының кемінде 3/2
болғанда құқықты деп есептеледі. Комиссия шешімі анық дауыс беру
арқылы қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.
Тармақ 10
10. Атақ беру туралы шешімді комиссия-конкурсқа қатысушылардың жинаған балдарының сомаларының нәтижелері бойынша қабылдайды.
Конкурсқа қатысушылардың балдары тең түскен жағдайда
конкурстық комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп
есептеледі.
Тармақ 11
11. Шешімдер хаттамалармен ресімделеді және жоғарғы тұрған
комиссияларға жіберіледі.
Бөлім 4. 4. Конкурстың қортындысын шығару
4. Конкурстың қортындысын шығару
12. Конкурс - лауреаттары немесе дипломанттары болған сауда
базарлары Ақтөбе облысы әкімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен, алғыс
хаттарымен және бағалы жүлделермен марапатталады.
13. «Үздік сауда рыногы» конкурсының лауреаттары «Қазақстанның
үздік базарлары» республикалық конкурсына жіберіледі.
Басқа 35
«Үздік сауда рыногы» облыстық
конкурсы туралы Қағидаға
1- қосымша
«Үздік сауда рыногы» облыстық конкурсына қатысуға
ӨТІНІМ-САУАЛНАМА
1. Кәсіпорын атауы___________________________________________________________
Мекенжайы____________________________________________________________________
2. Тіркеу туралы мәліметтер:
(Занды тұлғаның құрылтай құжаттарының қөшірмелері (куәлік, Жарғы (Ереже),
статистикалық карточка)
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
3. Сауда рыногы туралы мағлұмат (қай уақыттан бері жұмыс жасап келеді, сауда
кұрылыстары, қатарлары, көрсетілетін қызмет)_________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
4. Қосымша мәліметтер (фотоматериалдар, грамоталар, сертификатар және т. б.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
5. Мекеме басшысы
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Басшы қолы
200___ жылғы «____»_________________
Басқа 36
Облыс әкімиятынын
2004ж 13 қыркүйектегі № 246
каулысымен бекітілді
«Үздік сауда рыногы» облыстық конкурсын өткізу жөніндегі конкурстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Әбдібеков Нұрмұхамбет Қанапияұлы
облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Кемалова Роза Кеңесқызы
«Ақтобе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» ММ директоры, комиссия төрағасының орынбасары
Баекенова Оңай Бисембайқызы
«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» ММ кәсіпкерліктің инфрақұрылымын дамыту және туризм бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Әлжанова Құралай Әнуарқызы
«Ақтөбе облысының мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау департаменті» ММ директоры
Бекниязова Гүлжан Қалиәскерқызы
«Бір жолғы талондар беру жөніндегі облыстық басқармасы» ММ бастығы
Довматенко Дмитрий Адамович
«Қазақстан базарлары мен кәсіпкерлерінің ассоциациясы» ЗТБ АФ директоры (келісімі бойынша)
Исмағамбетов Рақымжан Смағұлұлы
«Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпы ұлттық одағы Үйлестіру Кеңесінің мүшесі (келісімі бойынша)