Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба Қолданыста
Басқа 0
Объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше
жағдайды жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасындағы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Заңының Қазақстан Республикасындағы 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Сәтбаев қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 4 хаттамасы негізінде, Сәтбаев қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сәтбаев қаласының Абай көшесі бойындағы № 46 тұрғын үй ғимаратының 5 және 6 кіреберістерінің (подъезд) құлауы салдарынан техногендік авариялық жағдайдың туындау қаупіне байланысты, ол жазатайым оқиғалар мен адамдардың қаза болуына әкеп соғуы мүмкін, объектіде: Сәтбаев қаласы, Абай көшесі № 46 үйдің 5 және 6 кіреберісі (подъезд) бойынша объектілік масштабтағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Сәтбаев қаласының әкімінің орынбасары Сыздыманов А. С. тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.