О переименовании государственного учреждения «Управление внутренней политики и по делам молодежи города Шымкент» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес және «Шымкент қаласының басқару схемасы туралы» 2018 жылғы 22 маусымдағы № 31/252-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 29/259-VIII шешімі негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атауы «Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мирасқоры болып берілетін функциялар мен өкілеттіктер шегінде «Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы» мемлекеттік мекемесі айқындалсын.
Тармақ 4
4. «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 10. «Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы «9» қазандағы № 5552 қаулысына 1 - қосымша «Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шымкент қаласының Жастар саясаты басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шымкент қаласының аумағында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат шағын ауданы, «Nursultan Nazarbaev» даңғылы 10, индекс 160023.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармада кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
Тармақша 2
2) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;
Тармақша 3
3) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту;
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары:
Тармақша 1.1
1.1) мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдар мен олардың басшыларынан, азаматтардан берілген тапсырмаларды орындау үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
Тармақша 1.2
1.2) жергілікті атқарушы биліктің өзге органдарының мамандарымен бірлескен қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 1.3
1.3) ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 1.4
1.4) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мәжілістер шақыру;
Тармақша 1.5
1.5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) міндеттері:
Тармақша 2.1
2.1) Шымкент қаласы әкімінің қарауына қаланы дамыту мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау және оларды мемлекеттік басқару органдарының орындауын бақылауды ұсыну;
Тармақша 2.2
2.2) нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Басқарма құзыретіне кіретін мәселелерді реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 2.3
2.3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің жастар саясаты саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеріс жүргізу;
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
Тармақша 2
2) жергілікті мемлекеттік органдардың жастар саясаты саласындағы қызметін үйлестіру;
Тармақша 3
3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 4
4) өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету, еңбек нарығы мен жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдесу болып табылады;
Тармақша 7
7) Жастар ресурстық орталықтарын құру, олардың қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру;
Тармақша 8
8) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте Шымкент қаласы аумағында жастар саясаты аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және оны іске асыру;
Тармақша 11
11) жастар мәселелері бойынша қалалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 12
12) Басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) жастар саясаты саласында бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі.
Тармақ 16
16. Басқармада басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарма бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) қызметкерлердің белгіленген саны шегінде Басқарманың құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстарды ұсынады;
Тармақша 2
2) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 3
3) Басқарманың құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;
Тармақша 4
4) Басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
Тармақша 5
5) Басқарма қызметкерлеріне, ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдардың басшыларына тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде Басқарманың қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
Тармақша 8
8) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға немесе өкілеттігін құрылымдық бөлімшелер басшыларына тапсыруға құқылы;
Тармақша 9
9) дербес жауапкершілікті белгілеумен Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасайды;
Тармақша 10
10) оның құзыретіне жататын өзге де мәселер бойынша шешім қабылдайды. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде Басқармада оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 19
19. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Басқармада бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Басқармада қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Басқарма қарамағындағы ұйымдардың тізбесі: Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.