Об утверждении Стандарта организации оказания медицинской помощи при ВИЧ-инфекции в Республике Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясы кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына, 138-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясы кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясы кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау
министрінің м.а.
2025 жылғы 15 қазандағы
№ 107
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясы кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясы кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына, 138-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясы кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптар мен қағидаларды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
Тармақша 1
1) АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына алып келетін созылмалы инфекциялық ауру;
Тармақша 2
2) «АИТВ инфекциясы жағдайларын электрондық бақылау» медициналық ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭБ МАЖ) – АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарға медициналық-профилактикалық қызметтер көрсетуді мониторингілеуге және бағалауға арналған медициналық ақпараттық жүйе;
Тармақша 3
3) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
Тармақша 4
4) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 5
5) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқау нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
Тармақша 6
6) клиенттерді жеке есепке алу дерекқор базасы (бұдан әрі – КЖЕДБ) – халықтың негізгі топтарын (бұдан әрі – ХНТ) және АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды профилактикалық бағдарламалармен қамтуды мониторингілеуге және бағалауға арналған бағдарлама;
Тармақша 7
7) клиникалық хаттама (бұдан әрі – КХ) – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;
Тармақша 8
8) қатынасуға дейінгі профилактика (бұдан әрі – ҚДП) – АИТВ инфекциясын жұқтыруды болғызбау үшін инфекция жұқтырмаған адамдарға қолданылатын ретровирусқа қарсы терапия;
Тармақша 9
9) қатынасудан кейінгі профилактика (бұдан әрі – ҚКП) – инфекция жұқтыру ықтималдығынан кейін АИТВ инфекциясын жұқтыру тәуекелін төмендету мақсатында қолданылатын ретровирусқа қарсы терапия;
Тармақша 10
10) қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер – аурулар мен жарақаттардың диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және олардың профилактикасы, медицина қызметкерлерінің өзара, жеке тұлғалармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен қашықтықтан өзара іс-қимыл жасауын, көрсетілген адамдарды сәйкестендіруді, сондай-ақ олар жасайтын әрекеттерді құжаттауды қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар арқылы зерттеулер мен бағалауды жүргізу мақсатында медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
Тармақша 11
11) медициналық көмек – дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;
Тармақша 12
12) медициналық ұйым (бұдан әрі – МҰ) - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
Тармақша 13
13) медициналық-әлеуметтік көмек – бұл тізбесін уәкілетті орган айқындайтын әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға көрсетілетін медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмек;
Тармақша 14
14) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін, аурулар мен жай-күйлердің профилактикасын, диагностикасын, оларды емдеуді қамтитын, халықтың мұқтажына бағдарланған медициналық көмекке алғашқы қол жеткізу орны;
Тармақша 15
15) профилактика – аурулардың пайда болуының, аурулардың ерте сатыларда өршуінің алдын алуға және өршіп кеткен асқынуларды, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
Тармақша 16
16) ретровирусқа қарсы терапия (бұдан әрі – РВТ) – ретровирусқа қарсы препараттарды (бұдан әрі – РВҚП) қабылдаудың қысқа және ұзақ курстарын қолдану жолымен АИТВ инфекциясын емдеу әдісі;
Тармақша 17
17) санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар – халық арасында пайда болған инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың ошақтарын оқшаулау және жою мақсатында қабылданатын шаралар;
Тармақша 18
18) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі;
Тармақша 19
19) хабардар етілген келісім – адамның медициналық көмек алуға және (немесе) оның шешім қабылдауы үшін маңызы бар медициналық көмектің және (немесе) зерттеудің барлық аспектісі туралы ақпаратты алғаннан кейін нақты зерттеуге қатысуға өз келісімін жазбаша ерікті түрде растау рәсімі;
Тармақша 20
20) ХНТ – өмір сүру салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халық топтары;
Тармақша 21
21) ХНТ арасында АИТВ инфекциясының таралуын эпидемиологиялық бақылау – жұқтыру қаупі факторларын, АИТВ инфекциясының, вирустық гепатиттердің, мерездің таралуын зерделеуге арналған зерттеулер;
Тармақша 22
22) эпидемиологиялық тергеп-тексеру – бұл инфекция көзін, берілу жолдары мен факторларын анықтауға, жұқтыру қаупіне ұшыраған байланыста болған адамдарды айқындауға бағытталған іс-шаралар кешені.
Тармақ 3
3. АИТВ инфекциясы кезінде халыққа мамандандырылған кешенді медициналық көмекті АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.
Тармақ 4
4. АИТВ инфекциясы кезінде медициналық көмек:
Тармақша 1
1) халық пен ХНТ үшін профилактикалық іс-шараларды жүргізуді;
Тармақша 2
2) АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтиды.
Тармақ 5
5. АИТВ инфекциясы кезінде мамандандырылған медициналық көмекті «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) сәйкес «Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)», «Гигиена-эпидемиология», «Қоғамдық денсаулық», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медициналық-профилактикалық іс» мамандықтары бойынша дәрігерлер көрсетеді.
Тармақ 6
6. АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды, сондай-ақ ҚДП және ҚКП мұқтаж адамдарды ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24069 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-89 бұйрық) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды, ҚДП және ҚКП мұқтаж адамдарды амбулаториялық жағдайларда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-75 бұйрық) бекітілген тізбе бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Медициналық ұйымдар «Бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізу және есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-244/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21761 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-244/2020 бұйрық) сәйкес медициналық құжаттаманы жүргізуді және есептерді ұсынуды, «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) сәйкес есепке алу құжаттамасының бекітілген нысандарына және «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21879 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрық) сәйкес есептік нысандарына сәйкес қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2- тарау.АИТВ инфекциясы кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
2- тарау.АИТВ инфекциясы кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
Тармақ 9
9. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына:
Тармақша 1
1) АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталық (бұдан әрі – өңірлік АИТВ орталығы) – облыс, республикалық маңызы бар қала және астанада құрылған дербес денсаулық сақтау ұйымы;
Тармақша 2
2) АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы (бұдан әрі – РМДСҰ) – АИТВ инфекциясы кезінде профилактикалық, консультациялық-диагностикалық және емдік көмекті және өңірлік АИТВ орталықтары мен басқа да денсаулық сақтау ұйымдарының АИТВ инфекциясының профилактикасы, оны диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша жұмыстарына ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым жатады.
Тармақ 10
10. Өңірлік АИТВ орталығының құрылымына:
Тармақша 1
1) ұйымдастыру-әдістемелік бөлім;
Тармақша 2
2) профилактикалық жұмыс бөлімі;
Тармақша 3
3) эпидемиологиялық бөлім;
Тармақша 4
4) емдеу-профилактикалық бөлім;
Тармақша 5
5) клиникалық-диагностикалық зертхана;
Тармақша 6
6) информатика және компьютерлік қамтамасыз ету бөлімі;
Тармақша 7
7) достық кабинеті (бұдан әрі – ДК);
Тармақша 8
8) сенім пункті (стационарлық және/немесе жылжымалы/мобильді) (бұдан әрі – СП) кіреді.
Тармақ 11
11. РМДСҰ құрылымына:
Тармақша 1
1) ақпараттық-талдамалық мониторинг және стратегиялық даму бөлімі;
Тармақша 2
2) аурулардың профилактикасы және жұртшылықпен байланыс бөлімі;
Тармақша 3
3) эпидемиологиялық мониторинг бөлімі;
Тармақша 4
4) клиникалық мониторинг бөлімі;
Тармақша 5
5) клиникалық-диагностикалық зертхана;
Тармақша 6
6) дипломнан кейінгі білім беру бөлімі;
Тармақша 7
7) ғылыми менеджмент және халықаралық ынтымақтастық бөлімі кіреді.
Тарау 3. 3-тарау. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі міндеттері мен қызметінің бағыттары
3-тарау. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі міндеттері мен қызметінің бағыттары
Тармақ 12
12. Өңірлік АИТВ орталықтарының негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша басқа ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен ұйымдастыру-әдістемелік басшылық, ведомствоаралық өзара іс-қимыл;
Тармақша 2
2) АИТВ инфекциясының профилактикасы, оны диагностикалау және емдеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) ХНТ арасында АИТВ инфекциясының таралуына іріктеу биологиялық мінез-құлықтық зерттеулер (бұдан әрі – БҚЗ) әдісімен эпидемиологиялық бақылауды қоса алғанда, өңірде профилактикалық бағдарламалардың іске асырылу тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау;
Тармақша 4
4) эпидемиологиялық қадағалау мен санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 5
5) АИТВ және АИТВ-мен байланысты ауруларды зертханалық диагностикалауды ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 6
6) АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды динамикалық байқау кезінде РВТ тиімділігіне және зертханалық зерттеулердің жүргізілуіне мониторинг;
Тармақша 7
7) АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды динамикалық байқауды қамтамасыз ету және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) халықты ҚДП-мен және ҚКП-мен қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін даярлау;
Тармақша 10
10) АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды емдеудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық қызметтермен (бұдан әрі – ЖТМҚ) қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды медициналық оңалтумен және паллиативтік көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Тармақша 12
12) АИТВ инфекциясының профилактикасына, оны диагностикалауға және емдеуге инновациялық медициналық технологияларды енгізу болып табылады.
Тармақ 13
13. РМДСҰ-ның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) АИТВ инфекциясы саласындағы негізгі стратегиялық даму бағыттары бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу, әдістемелік ұсынымдарды, хаттамаларды (стандарттарды), есепке алу-есеп нысандарын әзірлеу, сондай-ақ бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды, жол карталарын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 2
2) эпидемиологиялық қадағалау, профилактикалық бағдарламаларды іске асыру, АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарға медициналық көмек көрсету, статистикалық есепке алу мен есептілікті жүргізу мәселелері бойынша өңірлік АИТВ орталықтарының жұмысын ұйымдастыру-әдістемелік басқару және үйлестіру;
Тармақша 3
3) АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ғылыми-техникалық ынтымақтастық, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл;
Тармақша 4
4) АИТВ инфекциясын диагностикалау, скринингтік, сараптамалық, арбитраждық және басқа да зерттеулерді жүргізу мақсатында зертханалық зерттеулер жүргізу, сапа менеджменті жүйесін ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) АИТВ инфекциясының профилактикасына, оны диагностикалауға және емдеуге инновациялық медициналық технологияларды енгізу;
Тармақша 6
6) білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру болып табылады.
Тарау 4. 4-тарау. АИТВ инфекциясы кезінде медициналық көмек көрсету тәртібі
4-тарау. АИТВ инфекциясы кезінде медициналық көмек көрсету тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. АИТВ инфекциясы кезінде халыққа медициналық көмек көрсету тәртібі
1-параграф. АИТВ инфекциясы кезінде халыққа медициналық көмек көрсету тәртібі
Тармақ 14
14. Халық пен ХНТ арасында профилактикалық іс-шаралар «АИТВ-инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21467 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрық) сәйкес еріктілік, құпиялылық қағидаттары сақтала отырып, жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. АИТВ инфекциясының бар-жоғына қан алу денсаулық сақтау ұйымдарында жеке басын куәландыратын құжат бойынша немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат бойынша жүргізіледі. Қан үлгісі зерттеулер жүргізу үшін өңірлік АИТВ орталықтарына, РМДСҰ-ға жіберіледі.
Тармақ 16
16. АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21692 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрық) сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 17
17. АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша халықты ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау және оларға консультация беру «АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-204/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21682 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-204/2020 бұйрық) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. АИТВ инфекциясына медициналық зерттеп-қарау тестілеуге дейінгі консультация кезінде пациенттің немесе оның заңды өкілінің тестілеуге хабардар етілген келісімін алғаннан кейін жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Медициналық зерттеп-қарау кезінде АИТВ инфекциясы фактісін анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары зерттеп-қаралушыны алынған нәтиже туралы жазбаша хабардар етеді, өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы хабардар етеді, сондай-ақ № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген № 095/е нысан бойынша АИТВ инфекциясын жұқтырған адаммен құпия әңгімелесу парағына пациент қол қоюмен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 118-бабына сәйкес емделуден жалтарғаны және басқа адамдарды жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.
Тармақ 20
20. Өңірлік АИТВ орталықтары:
Тармақша 1
1) № ҚР ДСМ-211/2020 және № ҚР ДСМ-204/2020 бұйрықтарына сәйкес медициналық ұйымдардың жолдамасы бойынша және жеке жүгінген кезде халыққа АИТВ инфекциясына диагностика жүргізуді;
Тармақша 2
2) өңірде АИТВ инфекциясымен сырқаттанушылыққа және оның таралуына эпидемиологиялық мониторингті;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау ұйымдарына, қоғамдық бірлестіктерге және әртүрлі ведомстволарға АИТВ инфекциясының профилактикасы мәселелері бойынша медицина қызметкерлерін даярлауды қоса алғанда, әдістемелік көмек көрсетуді;
Тармақша 4
4) № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрыққа сәйкес АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша халықтың әртүрлі топтары мен ХНТ үшін мақсатты профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырады.
Тармақ 2. 2-параграф. АИТВ инфекциясы кезінде халықтың негізгі топтарына медициналық көмек көрсету тәртібі
2-параграф. АИТВ инфекциясы кезінде халықтың негізгі топтарына медициналық көмек көрсету тәртібі
Тармақ 21
21. Өңірлік АИТВ орталықтары:
Тармақша 1
1) № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрыққа сәйкес ХНТ арасында БҚЗ әдісімен АИТВ инфекциясының таралуына эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізуді;
Тармақша 2
2) медициналық және үкіметтік емес ұйымдарда орналасқан стационарлық сенім пункттерінде және мобильді сенім пункттерінде аутрич жұмыскерлер мен әлеуметтік жұмыскерлерді тарта отырып, ХНТ-ға профилактикалық қызметтерді ұсынуды;
Тармақша 3
3) медициналық және үкіметтік емес ұйымдарда орналасқан ДК-де аутрич жұмыскерлер мен әлеуметтік жұмыскерлерді тарта отырып, ХНТ-ға консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі – КДК) ұсынуды;
Тармақша 4
4) медициналық ақпараттық жүйелермен (БҚЗ және КЖЕДБ) жұмыс істеуді жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. СП пунктінде:
Тармақша 1
1) ХНТ-ны АИТВ инфекциясына экспресс-тестілеу әдісімен зерттеп-қарау, экспресс-тестілеу нәтижесі оң болған жағдайда немесе АИТВ-ға экспресс-тесттер болмаған кезде кейіннен басқа зерттеу әдістерімен зерттеп-қарауды;
Тармақша 2
2) № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрыққа сәйкес шығыс материалдарын беруді;
Тармақша 3
3) жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (бұдан әрі – ЖЖБИ), вирустық гепатиттер, АИТВ инфекциясының ҚДП және ҚКП диагностикасы мен емдеуге мұқтаж адамдарды ДК-ге жіберуді жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. ДК-де ТМККК шеңберінде:
Тармақша 1
1) ХНТ-ны АИТВ инфекциясына экспресс-тестілеу әдісімен зерттеп-қарау, экспресс-тестілеу нәтижесі оң болған жағдайда немесе АИТВ-ға экспресс-тесттер болмаған кезде пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрыққа сәйкес бірегей сәйкестендіру кодын беру мүмкіндігімен кейіннен басқа зерттеу әдістерімен зерттеп-қарау;
Тармақша 2
2) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрыққа сәйкес бірегей сәйкестендіру кодын беру мүмкіндігімен, тиісті КХ ұсынымдарына сәйкес көрсетілімдер бойынша ХНТ-ны В және С вирустық гепатиттеріне (бұдан әрі – ВВГ, СВГ) зерттеп-қарауды;
Тармақша 3
3) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрыққа сәйкес бірегей сәйкестендіру кодын беру мүмкіндігімен, тиісті КХ ұсынымдарына сәйкес ҚДП өткізу;
Тармақша 4
4) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрыққа сәйкес бірегей сәйкестендіру кодын беру мүмкіндігімен, тиісті КХ ұсынымдарына сәйкес ҚКП өткізу;
Тармақша 5
5) пациенттің немесе оның заңды өкілінің КХ-ға сәйкес хабардар етілген келісімінен кейін, оның ішінде қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтерді пайдалана отырып, ҚДП, ҚКП-ға адамдарды есепке алу және динамикалық байқау;
Тармақша 6
6) мынадай жағдайларда: клиенттің қайтыс болуы, басқа облысқа немесе елге кету, ҚДП, ҚКП үшін препараттарды жазып берудің жоспарланған күнінен бастап 3 ай ішінде динамикалық байқауға келмеу, АИТВ жұқтыру қаупінің төмендетуге әкелетін өмірлік жағдайдың өзгеруі, РВҚП төзбейтін уыттылық, тағайындалған дозалау режимін немесе кейіннен, АИТВ жұқтыруын байқау үшін жоспарлы баруды тұрақты түрде сақтамауы ҚДП, ҚКП-ға адамдарды динамикалық байқаудан шығару;
Тармақша 7
7) № ҚР ДСМ-244/2020 бұйрыққа сәйкес медициналық құжаттаманы ресімдеуді және № ҚР ДСМ-175/2020, № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрықтарымен бекітілген нысандар бойынша есептерді ұсынуды;
Тармақша 8
8) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен:
ПТР әдісімен ВВГ, СВГ зерттеп-қарау нәтижесі оң болған кезде ХНТ арасынан пациенттерге инфекционист дәрігердің;
тиісті КХ ұсынымдарына сәйкес АИТВ инфекциясына зерттеп-қарауды одан әрі бақылау арқылы ҚКП-ға мұқтаж клиенттерге эпидемиолог дәрігердің;
көрсетілімдер бойынша (ХНТ жүгіну, ҚДП үзу, ҚКП-ға мұқтаж адамдар) психологтың/психотерапевттің;
көрсетілімдер бойынша ҚДП алатын клиенттерге (түзетуге келмейтін препараттарға төзбеушілік) инфекционист дәрігердің;
көрсетілімдер бойынша акушер-гинеколог дәрігердің консультациясын қамтамасыз етуді;
Тармақша 9
9) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен тиісті клиникалық хаттамалардың ұсынымдарына сәйкес көрсетілімдер бойынша КГН өкілдерін мерез, хламидиоз, трихомониаз, гонорея, жыныс мүшелерінің герпестік инфекциясы, микоплазма, уреаплазма, аралық перинея, вульва және қынаптың қабыну ауруларын диагностикалау және емдеу үшін зерттеп-қараудан өткізуді;
Тармақша 10
10) «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21493 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрық) сәйкес АИТВ инфекциясы кезінде ЖЖБИ, ҚДП, ҚКП емдеуге арналған препараттарға дерматовенеролог немесе акушер-гинеколог дәрігердің рецепттерді жазып беруді;
Тармақша 11
11) СВГ, ВВГ сапалы ПТР тест нәтижесі оң пациентті № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 052/е-нысан бойынша пациенттің амбулаториялық картасының (белгіленген диагноз, зерттеп-қарау нәтижелері, қағаз тасығыштағы емдеу жөніндегі ұсынымдар) үзінді көшірмесімен бекітілген жеріндегі медициналық ұйымның учаскелік дәрігеріне жолдама беруді;
Тармақша 12
12) жиынтық есеп үшін есеп-қисапты өңірлік АИТВ орталығының жауапты маманына енгізу үшін ұсынумен ҚДП және ҚКП-ға арналған РВҚП-ға қажеттілікті қалыптастыруды жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. Дерматовенеролог дәрігердің 1,0 ставкасына пациенттер санын есептеуді МҰ жүзеге асырады, бірақ 15 пациенттен аспауы тиіс. КДК орташа есеппен 1 пациентке - кемінде 20 минут. 1 жұмыс күніне 18 пациенттен (8 сағат), жұмыс аптасының 38 сағат жұмыс уақытында 90 пациенттен болуы керек, ХНТ-мен ағарту жұмыстарын жүргізуге аптасына 2 сағат.
Тармақ 25
25. Дерматовенеролог дәрігер болмаған кезде емдеуші дәрігердің жекелеген функциялары кеңейтілген практиканың орта медицина қызметкеріне:
Тармақша 1
1) АИТВ инфекциясы, ВВГ, СВГ, ЖЖБИ, ҚДП, ҚКП мәселелері бойынша консультация беру;
Тармақша 2
2) мейіргерлік диагноз қою;
Тармақша 3
3) дәрігердің тағайындауы бойынша зертханалық зерттеулер үшін биологиялық материалдар алу;
Тармақша 4
4) мейіргерлік араласуларды орындау;
Тармақша 5
5) диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін бағалау;
Тармақша 6
6) дәрігердің тағайындауы бойынша рецепттерді жазып беру;
Тармақша 7
7) есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізу жүктеледі.
Тармақ 3. 3-параграф. АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарға амбулаториялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету тәртібі
3-параграф. АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарға амбулаториялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету тәртібі
Тармақ 26
26. МСАК көрсететін медициналық ұйымдар АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдар үшін мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) аралас, қосарласқан және фондық аурулар кезінде «Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32160 болып тіркелген) сәйкес МСАК көрсету;
Тармақша 2
2) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен АИТВ-инфекциясын жұқтырған фертильді жастағы әйелдер контрацепциясы;
Тармақша 3
3) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен өңірлік АИТВ орталықтарының мамандарымен бірлесіп, АИТВ инфекциясын жұқтырған жүкті әйелдерді және олардан туған балаларды динамикалық байқау;
Тармақша 4
4) АИТВ инфекциясын жұқтырған жүкті және бала емізетін әйелдерді отбасын жоспарлау, жүктілікті сақтау немесе үзу, емшек сүтімен немесе жасанды тамақтандыруды қолдау мәселелері туралы хабардар ету;
Тармақша 5
5) емшек сүтімен тамақтандырудан бас тартқан жағдайда босанған әйелдің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен лактацияны дәрі-дәрмекпен басу;
Тармақша 6
6) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен жүкті әйелдердің, босанатын әйелдердің, бала емізетін аналардың және АИТВ-инфекциясын жұқтырған әйелдерден туған балалардың РВҚП қабылдауын бақылау;
Тармақша 7
7) АИТВ инфекциясын жұқтырған аналардан туған балаларды № ҚР ДСМ-89 бұйрығына сәйкес және № ҚР ДСМ-75 бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес бейімделген сүт қоспаларымен қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) «Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № ҚР ДСМ-25 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27182 болып тіркелген) сәйкес АИТВ инфекциясын жұқтырған аналардан туған балаларға оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен патронаждық бару;
Тармақша 9
9) өз бетінше жүгінген кезде АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдар арасында туберкулезді ерте анықтау мақсатында жыл сайын флюорографиялық скрининг жүргізу;
Тармақша 10
10) «Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21695 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрық) сәйкес пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен латентті туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеу;
Тармақша 11
11) «Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21513 болып тіркелген) сәйкес көрсетілімдер бойынша аралас, қосарласқан және фондық аурулар бейіні бойынша, оның ішінде динамикалық байқау шеңберінде бейінді мамандардың қабылдауы және консультациясы;
Тармақша 12
12) қосарласқан жіті ауру және/немесе созылмалы ауруды динамикалық байқау шеңберінде клиникалық-диагностикалық зерттеулер жүргізу;
Тармақша 13
13) МӘМС және/немесе ТМККК бойынша КХ-ға сәйкес келетін ұсынымдарға сәйкес медициналық көмек көрсету шеңберінде қосарласқан ауруды емдеу;
Тармақша 14
14) № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрыққа сәйкес дәрілік препараттарға рецепттерді жазып беру;
Тармақша 15
15) № ҚР ДСМ-75 бұйрықпен бекітілген тізбе бойынша қосарласқан ауруларды емдеу үшін тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету;
Тармақша 16
16) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен, өңірлік АИТВ орталығының инфекционист дәрігерінің тағайындауымен, № ҚР ДСМ-89 бұйрыққа сәйкес, № ҚР ДСМ-75 бұйрықпен бекітілген тізбе бойынша АИТВ инфекциясын емдеу үшін тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету;
Тармақша 17
17) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) сәйкес АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу;
Тармақша 18
18) «Медициналық оңалту көрсетудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) сәйкес медициналық оңалтуды және «Қазақстан Республикасында ересек халыққа паллиативтік медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-209/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21687 болып тіркелген) сәйкес паллиативтік көмекті ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 19
19) «Халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 150 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33463 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-150 бұйрық) сәйкес пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен профилактикалық екпелерді жүргізу;
Тармақша 20
20) «Скринингтік зерттеулерден өтуге жататын нысаналы топтарды, сондай-ақ осы зерттеулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрық) сәйкес пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен скринингтік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.
Тармақ 27
27. Өңірлік АИТВ орталықтары:
Тармақша 1
1) АИТВ инфекциясының анықталған жағдайлары, оның ішінде шетел азаматтарында анықталған жағдайлар бойынша оның барысында «Халық арасында АИТВ инфекциясын жұқтыру жағдайларын тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-231/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21725 болып тіркелген) сәйкес құпиялылықты сақтай отырып және эпидемиологиялық зерттеп-қарау картасын толтырып, инфекция жұқтырған адамға сауалнама және АИТВ инфекциясына оң нәтижесімен жазбаша таныстыру жүргізілетін эпидемиологиялық тергеп-тексеруді;
Тармақша 2
2) пациеттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен серіктестерін индекстік тестілеуді;
Тармақша 3
3) тиісті КХ ұсынымдарына сәйкес ТМККК шеңберінде бөлінген бюджет қаражатының лимиті шегінде оның ішінде қашықтықтан медициналық қызметтерді пайдалана отырып, медициналық көмекті ұйымдастыруды;
Тармақша 4
4) тиісті КХ ұсынымдарына сәйкес ТМККК шеңберінде бөлінген бюджет қаражатының лимиті шегінде РВТ тиімділігіне зертханалық мониторинг және басқа да зерттеулер жүргізуді;
Тармақша 5
5) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарға ұсынылатын консультациялық-диагностикалық көрсетілетін қызметтер тізбесін орындауды қамтамасыз етуді;
Тармақша 6
6) динамикалық байқаудан шығару мына жағдайларда жүзеге асырылады:
пациенттің қайтыс болуы;
өңірлік АИТВ орталыққа бекітілу орнын ауыстыру;
емдеуден және басқа да медициналық араласулардан ақпараттандырылған бас тартуды беру;
ЭБ МАЖ-де тіркелген өңірлік АИТВ орталық маманының белсенді шақыруымен пациенттің жоспарлы қабылдауға 2 жылдан астам уақыт ішінде келмеуі;
Тармақша 7
7) соңғы тұрғылықты мекенжайына бару, МСАК көрсететін медициналық ұйымдарға жүгіну және құпиялылықты сақтай отырып, ішкі істер органдарына бір рет сұрау салу арқылы бақылаудан айырылған пациенттерді іздестіруді (жылына бір рет);
Тармақша 8
8)ТМККК шеңберінде РВҚП және АИТВ-мен байланысты ауруларды профилактикалық емдеуге арналған препараттармен қамтамасыз етуді;
Тармақша 9
9) вирустық супрессияға қол жеткізбеген пациенттерге 1 айдан асырмай, тұрақты пациенттерге 3 айға, пациент Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге немесе тұрақты тұратын жерінен кету туралы өтінішпен жазбаша өтініш жасаған кезде 3 айдан асырмай РВҚП беру;
Тармақша 10
10) пациент емдеуді 30 күнге және одан да көп уақытқа үзген кезде жүргізілетін РВТ-ны тоқтату;
Тармақша 11
11) № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрыққа сәйкес РВҚП-ға және АИТВ-мен байланысты ауруларды профилактикалық емдеуге арналған препараттарға рецепт жазып беру;
Тармақша 12
12) тиісті КХ ұсынымдарына сәйкес ТМККК шеңберінде бөлінген бюджет қаражатының лимиті шегінде АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды емдеу үшін РВҚП-ға қажеттілікті қалыптастыруды;
Тармақша 13
13) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен тиісті КХ ұсынымдарына сәйкес АИТВ-мен байланысты ауруларды профилактикалық емдеуді іріктеу және тағайындауды;
Тармақша 14
14) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрыққа сәйкес латентті туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеуді;
Тармақша 15
15) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен № ҚР ДСМ-150 бұйрыққа сәйкес профилактикалық екпелер жүргізу үшін МСАК көрсететін медициналық ұйымдарына қайта жіберуді;
Тармақша 16
16) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен РВТ-ға бейімділікті арттыру мақсатында медициналық-әлеуметтік көмек қолдауды;
Тармақша 17
17) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен тиісті КХ ұсынымдарына сәйкес ВВГ және СВГ (қосарласқан ауыр аурулары бар жағдайларды қоспағанда) диагностикалауды, емдеуді және вирусқа қарсы емдеу мониторингін жүргізуді;
Тармақша 18
18) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен фертильді жастағы әйелдерді контрацепцияға МСАК көрсететін медициналық ұйымдарға қайта жіберуді;
Тармақша 19
19) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен КХ-ға сәйкес АИТВ инфекциясын жұқтырған жүкті әйелдерді және олардан туған балаларды МСАК көрсететін медициналық ұйымдардың мамандарымен бірлесіп динамикалық байқау;
Тармақша 20
20) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды аралас және қосарласқан ауруларды диагностикалау және емдеу үшін МСАК көрсететін медициналық ұйымдарға қайта жіберу және туберкулезді ерте анықтау мақсатында жыл сайын флюорографиялық скрининг жүргізу, ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығының тізбесіне сәйкес скринингтік зерттеулер медициналық оңалту және паллиативтік көмек қызметтерін алуды;
Тармақша 21
21) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен құжаттарды дайындау және пациентті медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін МСАК көрсететін медициналық ұйымдардың дәрігерлеріне амбулаториялық картадан үзінді көшірме беруді;
Тармақша 22
22) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен АИТВ-мен байланысты аурулардың профилактикасын, диагностикалауды және емдеуді қамтамасыз етуде МСАК көрсететін медициналық ұйымдардың мамандарымен өзара іс-қимылды;
Тармақша 23
23) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен көрсетілімдер бойынша медициналық-әлеуметтік көмек көрсету кезінде әлеуметтік жұмыскерлерді, психологтарды және МСАК көрсететін медициналық және үкіметтік емес ұйымдардың басқа да мамандарын тартуды;
Тармақша 24
24) ҚР ДСМ медициналық ақпараттық жүйелерінде жұмысты;
Тармақша 25
25) МАЖ ЭЖ АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттердің деректерін енгізу және мониторингті;
Тармақша 26
26) № ҚР ДСМ-175/2020 және № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрықтарға сәйкес есепке алу және есептілік құжаттамасының нысандарын, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып толтыруды жүзеге асырады.
Тармақ 28
28. Инфекционист дәрігердің пациентті алғашқы қабылдау ұзақтығы 40 минуттан аспайды, динамикалық байқауда тұратын пациентті қабылдау ұзақтығы 30 минуттан аспайды.
Тармақ 29
29. Инфекционист дәрігер болмаған кезде емдеуші дәрігердің жекелеген функциялары кеңейтілген практиканың орта медицина қызметкеріне жүктеледі:
Тармақша 1
1) репродуктивті денсаулық, емшек сүтімен тамақтандыру, балаларға күтім жасау, скринингтік зерттеулер және индекстік тестілеу мәселелері бойынша консультация;
Тармақша 2
2) мейіргердің диагноз қоюы;
Тармақша 3
3) дәрігердің тағайындауы бойынша зертханалық зерттеулер үшін биологиялық материалдар алу;
Тармақша 4
4) мейіргерлік араласуларды орындау;
Тармақша 5
5) диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін бағалау;
Тармақша 6
6) дәрігердің тағайындауы бойынша рецепттерді жазып беру;
Тармақша 7
7) есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізу.
Тармақ 30
30. АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдар қосымша консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету мақсатында «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 21744 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен бірлесіп орындаушыларды тартуы мүмкін.
Тармақ 31
31. Босандыру көмегін көрсететін медициналық ұйымдар:
Тармақша 1
1) АИТВ-ға экспресс-тест нәтижесі оң болған, босанатын әйелді босану кезінде КХ ұсынымдарына сәйкес зерттеп-қарау және қадағалап-қарауды;
Тармақша 2
2) АИТВ инфекциясына экспресс-тест нәтижесі оң болған жағдайда биологиялық материал алуды, одан әрі өңірлік АИТВ орталығына хабарлай отырып, материал жиналған сәттен бастап 12 сағат ішінде өңірлік АИТВ орталығының зертханасына жеткізуді;
Тармақша 3
3) жүкті, босанған немесе бала емізетін аналарды дұрыс тамақтану, отбасын жоспарлау, жүктілікті сақтау немесе үзу, емшек сүтімен немесе жасанды тамақтандыруды қолдау мәселелері бойынша хабардар етуді;
Тармақша 4
4) тиісті КХ ұсынымдарына сәйкес босанатын әйелдердің босануын қадағалап-қарауды;
Тармақша 5
5) емшек сүтімен тамақтандырудан бас тартқан жағдайда босанатын әйелдің немесе оның заңды өкілінің жазбаша хабардар етілген келісімінен кейін лактацияны дәрі-дәрмекпен басуды;
Тармақша 6
6) АИТВ инфекциясын жұқтырған әйелдерден туған балаларды белгіленген тамақтандыру нормаларына сәйкес бейімделген сүт қоспаларымен қамтамасыз етуді;
Тармақша 7
7) өңірлік АИТВ орталықтарының мамандарымен бірлесіп, АИТВ инфекциясын жұқтырған әйелдерден туған балаларды күту, санитариялық қауіпсіздік нормалары мен баланың энергетикалық қажеттілігін ескере отырып, балалардың қосымша тағамын уақтылы енгізу және оларды практикалық дайындау, профилактикалық емдеу үшін РВҚП қабылдау және аналар мен олардың отбасы мүшелерінде ата-аналардың дағдыларын қалыптастыру мәселелері бойынша консультацияны;
Тармақша 8
8) жүкті әйелдің, босанатын әйелдің, бала емізетін ананың және оның жаңа туған баласының РВҚП қабылдауын бақылауды;
Тармақша 9
9) АИТВ инфекциясын жұқтырған әйелден туған баланың АИТВ инфекциясына зерттеп-қарауды жүргізу үшін қан үлгісін/капилляр қанының құрғақ тамшысын туған сәттен бастап алғашқы 48 сағат ішінде алуды, одан әрі биологиялық материалды алған сәттен бастап 12 сағаттан кешіктірмей өңірлік АИТВ орталыққа материалды жеткізуді жүзеге асырады.
Тармақ 32
32. Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 33
33. Стационарлық емдеу үшін пациентте көрсетілімдер болған кезде медициналық көмек «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР ДСМ-27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Мамандандырылған медициналық көмек «Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21746 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 35
35. Жедел медициналық жәрдем «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 36
36. Медициналық ұйымдардың сұранысы бойынша өңірлік АИТВ орталықтарының және РМДСҰ мамандары АИТВ инфекциясын анықтау және АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарды емдеу жағдайлары бойынша консультация береді.
Тармақ 37
37. Динамикалық байқау, РВҚП беру пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен, өңірлік АИТВ орталығы мамандарының консультациялық қолдауымен МСАК көрсететін медициналық ұйымдарында жүргізіледі.
Тармақ 38
38. АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарға стационарлық медициналық көмек көрсету шеңберінде медициналық ұйымдар:
Тармақша 1
1) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен өңірлік АИТВ орталықтары мамандарының консультациясын;
Тармақша 2
2) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен көрсетілімдер бойынша зертханалық зерттеулерге арналған биологиялық материал алуды;
Тармақша 3
3) пациенттің немесе оның заңды өкілінің хабардар етілген келісімімен АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдардың РВҚП қабылдауын бақылауды;
Тармақша 4
4) өңірлік АИТВ орталықтарының мамандарының ұсынымдарын орындауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 39
39. РМДСҰ:
Тармақша 1
1) АИТВ-инфекциясының профилактикасы, эпидемиологиясы, диагностикасы және емдеу мәселелері бойынша өңірлік АИТВ орталықтары мен медициналық ұйымдарға консультациялық, ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетуді;
Тармақша 2
2) эпидемиологиялық тергеп-тексеру сапасына мониторинг жүргізе отырып, өңірлік АИТВ орталықтарынан қанның бастапқы оң үлгілерін верификациялау бойынша зертханалық зерттеулерді;
Тармақша 3
3) медициналық ұйымдардың жолдамасы бойынша АИТВ-инфекциясын диагностикалауды;
Тармақша 4
4) № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрыққа сәйкес АИТВ-инфекциясын жұқтырған әйелдерден туған балаларда АИТВ-ны ерте диагностикалауды;
Тармақша 5
5) өңірлік АИТВ орталықтарының жолдамасымен КХ ұсынымдарына сәйкес РВҚП-ға АИТВ дәріге көнбейтінін анықтауға зерттеуді;
Тармақша 6
6) өңірлік АИТВ орталықтары динамикалық байқауда тұратын адамдар, ДК-ге жүгінген адамдар және АИТВ-инфекциясына зерттеп-қаралған адамдар үшін көрсетілетін қызметтердің жоспарланатын көлемін, ретровирусқа қарсы препараттармен дәрілік қамтамасыз етудің болжамды көлемін келісуді;
Тармақша 7
7) халықаралық ұсынымдарды ескере отырып, КХ-ны тұрақты, жоспарлы түрде қайта қарауды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5-тарау. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынылатын штат нормативтері және олардың жарақтандырылуы
5-тарау. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынылатын штат нормативтері және олардың жарақтандырылуы
Тармақ 40
40. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынылатын штат нормативтері осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 41
41. Әкімшілік-шаруашылық, инженерлік-шаруашылық және өзге де персоналдың штат саны «Денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері үшін үлгілік штаттар мен штаттық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 419 бұйрығына сәйкес белгіленеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 211921 болып тіркелген).
Тармақ 42
42. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ұсынылатын тізбесі осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарға консультациялық-диагностикалық көрсетілетін қызметтердің ұсынылатын тізбесі
Қазақстан Республикасында
АИТВ инфекциясы кезінде
медициналық көмек
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
1-қосымша
АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарға консультациялық-диагностикалық көрсетілетін қызметтердің ұсынылатын тізбесі
Көрсетілетін қызмет атауы
Орындау еселігі
Қарап-тексеру (қабылдау/консультация)
Орта медицина қызметкері
СД4 ≤350 және/немесе ВЖ≥50 лейкоциттердің абсолютті саны деңгейімен пациенттерге 3 айда 1 рет;
СД4 ≥350 және/немесе ВЖ≤50 лейкоциттердің абсолютті санының бір еселік деңгейімен пациенттерге 6 айда 1 рет;
СД4≥350 және ВЖ≤50 лейкоциттердің абсолютті саны деңгейімен бірізді екі еселенген нәтижесімен пациенттерге жылына 1 рет.
Инфекционист дәрігер (емдеуші дәрігер)
СД4 ≤350 және/немесе ВЖ≥50 лейкоциттердің абсолютті саны деңгейімен пациенттерге 3 айда 1 рет;
СД4 ≥350 және/немесе ВЖ≤50 лейкоциттердің абсолютті санының бір еселік деңгейімен пациенттерге 6 айда 1 рет;
СД4 ≥350 және ВЖ≤50 лейкоциттердің абсолютті саны деңгейінің бірізді екі еселенген нәтижесімен пациенттерге жылына 1 рет.
Бейінді мамандардың (дерматовенеролог, акушер-гинеколог, фтизиатр, басқалар) қарап-тексеруі
Есепке қою кезінде, бұдан әрі көрсетілімдер бойынша;
көрсетілімдер бойынша басқа мамандар.
Зертханалық-диагностикалық зерттеулер
Тромбоциттермен жалпы қан талдауы
СД4 ≤350 және/немесе ВЖ≥50 лейкоциттердің абсолютті саны деңгейімен пациенттерге 3 айда 1 рет;
СД4 ≥350 және/немесе ВЖ≤50 лейкоциттердің абсолютті санының бір еселік деңгейімен пациенттерге 6 айда 1 рет;
СД4 ≥350 және ВЖ≤50 лейкоциттердің абсолютті санының деңгейінің бірізді екі еселенген нәтижесімен пациенттерге жылына 1 рет.
Жалпы несеп талдауы
СД4 ≤350 және/немесе ВЖ≥50 лейкоциттердің абсолютті саны деңгейімен пациенттерге 3 айда 1 рет;
СД4 ≥350 және/немесе ВЖ≤50 лейкоциттердің абсолютті санының бір еселік деңгейімен пациенттерге 6 айда 1 рет;
СД4 ≥350 және ВЖ≤50 лейкоциттердің абсолютті санының деңгейінің бірізді екі еселенген нәтижесімен пациенттерге жылына 1 рет.
Биохимиялық қан талдауы: аланинаминотрансфераза, аспартатаминотрансфераза, фракциялар бойынша билирубин, креатинин, несепнәр, холестерин, триглицеридтер, липаза, амилаза, сілтілік фосфатаза, лактатдегидрогеназа, глюкоза, несепнәр, ақуыз
СД4 ≤350 және/немесе ВЖ≥50 лейкоциттердің абсолютті саны деңгейімен пациенттерге 3 айда 1 рет;
СД4 ≥350 және/немесе ВЖ≤50 лейкоциттердің абсолютті санының бір еселік деңгейімен пациенттерге 6 айда 1 рет;
СД4 ≥350 және ВЖ≤50 лейкоциттердің абсолютті саны деңгейінің бірізді екі еселенген нәтижесімен пациенттерге жылына 1 рет.
Серологиялық қан талдауы: В және С гепатитіне
иммуноферментті/иммунохемилюминисцентті/иммунохроматографиялық/ электрохемилюминисцентті талдау
Жаңадан анықталған пациенттерге және бұрын ВВГ және СВГ нәтижелері теріс пациенттерге жылына 1 рет.
ИФТ әдісімен қан сарысуында Treponema pallidum-ға жиынтық антиденелерді анықтау
жылына 1 рет
Полимеразды-тізбекті реакция:
қан плазмасында АИТВ РНҚ-ны сандық айқындау (вирустық жүктемені айқындау)
ВЖ>50 деңгейімен пациенттерге 3 айда 1 рет;
ВЖ≤50 деңгейі бір еселік деңгейімен пациенттерге 6 айда 1 рет;
ВЖ≤50 деңгейінің бірізділікпен екі еселік нәтижесімен пациенттерге жылына 1 рет.
Генотиптеу әдісімен ретровирусқа қарсы препараттарға АИТВ-ның дәріге көнбеуін айқындау
РВТ басталғанға дейін қайта анықталған пациенттерге және бірізділікпен екі еселік нәтижесімен ВЖ >500 және бейімділігі ≥95% пациенттер.
HLA-B*5701 аллельді тасымалдауға тестілеу
Құрамында Абакавиры бар РВТ схемаларын тағайындау алдында.
В вирусты гепатитіне (HBV-ДНҚ) сапалық талдау;
HbsAg-ға ИФТ/ИХЛТ/ИХТ/ЭХЛТ оң нәтиже болғанда.
С вирустық гепатитіне ПТР (HCV-RNA) сапалық талдау
anti-HCV ИФТ/ИХЛТ/ИХТ/ЭХЛТ оң нәтиже болғанда.
Иммундық фенотиптеу:
СД4 лимфоциттер санын анықтау (абсолютті және пайыздық).
СД4 ≤350 лейкоциттердің абсолютті саны деңгейімен пациенттерге 3 айда 1 рет;
СД4 ≥350 лейкоциттердің абсолютті санының бір реттік деңгейімен пациенттерге 6 айда 1 рет;
СД4 ≥350 лейкоциттердің абсолютті саны деңгейінің бірізді екі еселік нәтижесімен пациенттерге жылына 1 рет.
Аспаптық зерттеу әдістері
Іш қуысы ағзаларын ультрадыбыстық зерттеу
көрсетілімдер бойынша.
Кеуде ағзаларының флюорографиясы
Жылына 1 рет.
Электрокардиограмма
Көрсетілімдер бойынша.
Қысқартулар:
1) АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы;
2) ВГВ – В вирусты гепатиті;
3) ВЖ – вирустық жүктеме;
4) ДНҚ – дезоксирибонуклеин қышқылы;
5) ИФТ – иммуноферменттік талдау;
6) ИХТ – иммунохроматографиялық талдау;
7) ИХЛТ – иммунохемилюминесцентті талдау;
8) РВТ – ретровирусқа қарсы терапия;
9) РНҚ – рибонуклеин қышқылы;
10) СВГ – С вирустық гепатиті;
11) CД4 – иммуноглобулин үлкен тұқымдасының мономерлі трансмембраналық гликопротеині;
12) ЭХЛТ – электрохемилюминесцентті талдау;
13) HLA – Human Leukocyte Antigens – гендер кешені;
14) HBV-ДНК – В вирусты гепатитінің ДНҚ;
15) HCV-RNA – С вирусты гепатитінің РНҚ;
16) HbsAg – В вирусты гепатитінің беткейлік антигенге қарсы антиденелер;
17) anti-HCV – С вирусты гепатитіне жиынтық антидене.
Басқа 2. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынылатын штат нормативтері
Қазақстан Республикасында
АИТВ инфекциясы кезінде
медициналық көмек
көрсетуді ұйымдастыру
стандартына
2-қосымша
АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынылатын штат нормативтері
Лауазымдардың атауы
Лауазым саны (штат бірліктері)
Емдеу-профилактикалық бөлім
Емдеу-профилактикалық бөлімнің меңгерушісі – инфекционист дәрігер
1 лауазым
Аға мейіргер
1 лауазым
Инфекционист дәрігер
динамикалық байқаудағы пациенттер саны 360-қа дейін болғанда 1 лауазым
Балалар инфекционист дәрігері/ педиатр
Бір күнде кемінде 15 пациент қабылдаған жағдайда 1 лауазым
Дерматовенеролог дәрігер
Бір күнде кемінде 15 пациент қабылдаған жағдайда 1 лауазым
Акушер-гинеколог дәрігер
Бір күнде кемінде 15 пациент қабылдаған жағдайда 1 лауазым
Психотерапевт дәрігер (немесе психолог)
Кемінде 1 лауазым
Фтизиатр дәрігер
Бір күнде кемінде 15 пациент қабылдаған жағдайда 1 лауазым
Терапевт дәрігер/жалпы практика дәрігері
Бір күнде кемінде 15 пациент қабылдаған жағдайда 1 лауазым
Нарколог дәрігер
Бір күнде кемінде 15 пациент қабылдаған жағдайда 1 лауазым
Клиникалық фармаколог/фармацевт
Бір күнде кемінде 15 пациент қабылдаған жағдайда 1 лауазым
Провизор
1 лауазым
Мейіргер
1 бейінді маман лауазымына 1 лауазым
Қан алу кабинетінің/емшара кабинетінің мейіргері
1 қан алу кабинетіне/емшара жасау кабинетіне кемінде 1 лауазым
Психикалық-әлеуметтік консультация беру кабинетінің маманы
Бір күнде кемінде 15 пациент қабылдаған жағдайда 1 лауазым
Патронаждық мейіргер
1 учаскеге 2 мейіргер лауазымы
Санитар
1 лауазым: еденнің 250 шаршы метріне
Әлеуметтік жұмыскер
Бір күнде кемінде 15 пациент қабылдаған жағдайда 1 лауазым
Диагностикалық зертхана
Зертхана меңгерушісі/басшысы
1 лауазым
Аға зертханашы
1 лауазым
Сапа жөніндегі менеджер
1 лауазым
Серология бөлімі
Бригада: 1 дәрігер/зертхана маманы, 2 зертханашы, 1 тіркеуші,
Жүктеме: бір жұмыс күні ішінде 270 сериялық немесе 120 сериялық зерттеу және 60 бірлік зерттеу.
Зертханашы дәрігер/зертхана маманы
Бір күнгі жүктеме есебінен
Зертханашы
Бір күнгі жүктеме есебінен
Тіркеуші
Бір күнгіе жүктеме есебінен
Санитар
1 лауазым
Клиникалық-биохимиялық зерттеулер бөлімшесі
Зертханашы дәрігер/зертхана маманы
1 лауазым
Зертханашы
1 лауазым
Санитар
1 лауазым
Иммунологиялық зерттеулер бөлімшесі
Зертханашы дәрігер/зертхана маманы
1 лауазым
Зертханашы
1 лауазым
Полимеразды тізбекті реакция бөлімшесі
Зертханашы дәрігер/зертхана маманы
1 лауазым
Зертханашы
2 лауазым
Тіркеуші
1 лауазым
Санитар
1 лауазым
АИТВ-ның генотиптеу және дәрі-дәрмекке төзімділігін анықтау бөлімшесі (РМДСҰ)
Зертханашы дәрігер/зертхана маманы
2 лауазым
Зертханашы
2 лауазым
Тіркеуші
1 лауазым
Санитар
1 лауазым
АИТВ инфекциясын верификациялау бөлімшесі (РМДСҰ)
Дәрігер-зертханашы/зертхана маманы
2 лауазым
Зертханашы
2 лауазым
Тіркеуші
1 лауазым
Санитар
1 лауазым
Информатика және компьютерлік қамтамасыз ету бөлімі
Бөлім меңгерушісі (инженер бағдарламашы)
1 лауазым
Инженер бағдарламашы
1 лауазым
Оператор
1 лауазым
Эпидемиологиялық бөлім*
Бөлім меңгерушісі – эпидемиолог дәрігер/ маман
1 лауазым
Эпидемиолог дәрігер/маман
100 мың халыққа шаққанда 1 лауазым
Эпидемиологтың көмекшісі
1 эпидемиолог дәрігер лауазымына 1 лауазым
Ұйымдастыру-әдістемелік бөлім
Бөлім меңгерушісі
1 лауазым
Эпидемиолог дәрігер/маман
1 лауазым
Дәрігер-әдіскер / маман
1 лауазым
Статист дәрігер
2 лауазым (РМДСҰ)
Статист дәрігер
1 лауазым (өңірлік АИТВ орталығы)
Сапа жөніндегі менеджер
1 лауазым
Эпидемиолог көмекшісі
1 эпидемиолог дәрігер лауазымына 1 лауазым
Профилактикалық жұмыс бөлімі*
Бөлім меңгерушісі – эпидемиолог дәрігер /маман
1 лауазым
Эпидемиолог дәрігер/ маман
халық саны 200 мыңнан асатын 1 әкімшілік бірлікке (аудан) 1 лауазым
Эпидемиолог көмекшісі
1 эпидемиолог дәрігер лауазымына1 лауазым
Әлеуметтік жұмыскер
2 әкімшілік бірлікке (аудан) 1 лауазым
Педагог
1 лауазым
Баспасөз хатшысы/ журналист/жұртшылықпен байланыс маманы
1 лауазым
СП
Мейіргер
1 сенім пунктіне 1 лауазым
Санитар
егер сенім пункті бөлек тұрған ғимаратта орналасса 1 лауазым
ЖСП
Жүргізуші
1 сенім пунктіне 1 лауазым
Мейіргер
1 сенім пунктіне 1 лауазым
Дәрігер
1 сенім пунктіне 0,5 лауазым
ДК
Дерматовенеролог-дәрігер
Бір айда 360 клиент жүгінген кезде 1 лауазым
Мейіргер
1 дәрігер лауазымына 1 лауазым
Акушер-гинеколог дәрігер
бір күнде кемінде 15 пациент қабылдаған жағдайда 1 лауазым
Психотерапевт дәрігер (немесе психолог)
бір күнде кемінде 15 пациент қабылдаған жағдайда 1 лауазым
Санитар
1 лауазым
Әлеуметтік жұмыскер
бір күнде кемінде 15 пациент қабылдаған жағдайда 1 лауазым
*өңірлік АИТВ орталығы өңірде АИТВ инфекциясының таралу деңгейіне және медицина персоналына жүктемеге байланысты штат саны туралы өз бетінше шешім қабылдайды.
Қысқартулар:
1) АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы;
2) ДК - достық кабинеті;
3) ЖСП- жылжымалы/мобильді сенім пункті;
4) РМДСҰ – Республикалық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы;
5) СП - сенім пункті.
Басқа 3. АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ұсынылатын тізбесі
Қазақстан Республикасында
АИТВ инфекциясы кезінде
медициналық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартына
3-қосымша
АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандырудың ұсынылатын тізбесі
Р/с
№
Медициналық бұйымдардың атауы*
Саны, өлшем бірліктері (дана)
Инфекционист кабинеті
1
Медициналық шам (лампа)
1
2
Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш/рециркулятор
1
3
Медициналық термометр
1
4
Тонометр
1
5
Фонендоскоп
1
6
Пульсоксиметр
1
7
Кушетка
1
8
Бой өлшегіші бар таразы
1
Терапевт кабинеті
1
Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш/рециркулятор
1
2
Кушетка
1
3
Медициналық термометр
1
4
Тонометр
1
5
Фонендоскоп
1
6
Медициналық шпатель
1
7
Пульсоксиметр
1
Педиатр кабинеті
1
Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш/рециркулятор
1
2
Кушетка
1
3
Медициналық термометр
1
4
Тонометр
1
5
Фонендоскоп
1
6
Медициналық шпатель
1
7
Пульсоксиметр
1
8
Таразы (электронды) және бой өлшегіш
1
Гинеколог дәрігердің кабинеті
1
Гинекологиялық кресло
1
2
Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш/ рециркулятор
1
3
Медициналық шам (лампа)
1
Дерматовенерологтың кабинеті (Достық кабинеті)
1
Кушетка
1
2
Гинекологиялық кресло
1
3
Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш/ рециркулятор
1
Фтизиатрдың кабинеті
1
Кушетка
1
2
Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш/ рециркулятор
1
3
Медициналық термометр
1
4
Тонометр
1
5
Фонендоскоп
1
6
Пульсоксиметр
1
Психотерапевт/психолог/әлеуметтік жұмыскер/эпидемиологтың кабинеті
1
Әкімшілік жиынтық
1
2
Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш/ рециркулятор
1
Емшара кабинеті
1
Медициналық қарап-тексеретін (мобильді) шам
1
2
Автоматты сыртқы дефибриллятор
1
3
Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш/ рециркулятор
1
4
Шокқа қарсы дәрі қобдишасы
1
Биологиялық материал алу пункті
1
Гигрометр
1
2
Тонометр
1
3
Биологиялық материалды сақтауға арналған тоңазытқыш
1
4
Центрифуга
1
5
Кушетка
1
6
Термометр (гигрометрмен біріктірілген)
1
7
Биологиялық материалды тасымалдауға арналған контейнерлер (контейнер-термостат)
ТБ**
8
Тасымалдау кезінде температураны бақылауға арналған құрылғылар
ТБ
9
Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш/ рециркулятор
1
Сенім пункті
1
Әкімшілік жиынтық
1
2
Стационарлық бактерицидті сәулелендіргіш/ рециркулятор
1
3
Көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы
1
4
Биологиялық материалды тасымалдауға арналған контейнерлер (термостат контейнері)
1
Жылжымалы/мобильді сенім пункті
1
Бактерицидті сәулелендіргіш
1
2
Көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы
1
3
Тонометр
1
4
Биологиялық материалды тасымалдауға арналған контейнерлер (контейнер-термостат)
1
Клиникалық-диагностикалық зертхана
Өңірлік АИТВ орталықтары
РМДСҰ
1
Биохимиялық автоматты талдауыш
1
ТБ
2
Гематологиялық автоматты талдауыш
1
ТБ
3
Несеп талдауышы
ТБ
ТБ
4
ЭШЖ анықтауға арналған талдауыш
1
ТБ
5
Иммуноферментті талдауға арналған талдауыш жартылай автоматты жиынтық (фотометр, вошер, термостат /плашкалы термошейкер)
кемінде 1
1
6
Бір уақытта жүктелетін 7 планшетке дейін "ашық типті" иммуноферментті талдауға арналған талдауыш, кіріктірілген штрихкод есептегіші
ТБ
ТБ
7
Автоматты иммунохемилюминесцентті талдауыш
1
1
8
Иммундық мәртебені анықтауға арналған ағымды цитофлюориметр
1
ТБ
9
Жаңа алынған қандағы СД4 лейкоциттердің абсолютті санын анықтауға арналған портативті талдауыш
ТБ
ТБ
10
Ашық үлгідегі ПТР талдауышы (нақты -тайм)
1
1
11
Нуклеин қышқылын бөлу және амплификациялау жүйесін қоса алғанда, автоматты ПТР зерттеу станциясы
ТБ
ТБ
12
Түтік сілкігіш (вортекс)
1
1
13
Қағып алатын құтысы бар медициналық вакуумдық сорғыш
ТБ
ТБ
14
Пробиркаларға арналған термостат
ТБ
ТБ
15
14000 айн/мин жылдамдықтағы кіші пробиркаға арналған центрифуга.
ТБ
1
16
Көлденең электрофорезге арналған жабдықтар жинағы
17
Магнитті штатив
ТБ
ТБ
8
Аквадистиллятор
1
1
19
Бидистиллятор
ТБ
ТБ
20
Зертханалық таймер
3
1
21
Иммунды блотинг аппараты
-
1
22
Плашкалы афликатор
-
2
23
Генетикалық талдауыш (секвенатор)
-
1
24
Жылдамдығы 3000 айн/мин дейін плашкалы центрифуга
ТБ
1
25
Ауыстырылатын ұштары бар ауыспалы көлемді 8 арналы дозаторлар жинағы
1
1
26
Ауыстырылатын ұштары бар айнымалы көлемді 1 арналы дозаторлар жинағы
1
2
27
Ламинарлы шкаф (II класс)
1
2
28
ПТР қорабы
ТБ
ТБ
29
Бинокулярлы микроскоп
1
1
30
Жағындыларды бояуға және бекітуге арналған аспап
ТБ
ТБ
31
Термостат
1
ТБ
32
Медициналық тоңазытқыш (фармацевтикалық)
1
2
33
Мұздатқыш камерасы бар тоңазытқыш
1
2
34
Мұздатқыш камера (-25ºС дейін) (фармацевтикалық)
ТБ
2
35
Мұздатқыш камера (-40ºС дейін) (фармацевтикалық)
1
1
36
Бактерицидті сәулелендіргіш
Жұмыс үй-жайларының саны бойынша
Жұмыс үй-жайларының саны бойынша
37
Гигрометр
Жұмыс үй-жайларының саны бойынша
Жұмыс үй-жайларының саны бойынша
38
Техникалық термометр
ТБ
ТБ
39
Еденге қоятын таразы
ТБ
ТБ
40
Автоклав
ТБ
ТБ
* Медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру ағымдағы қажеттілікке байланысты денсаулық сақтау ұйымдарының өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қысқартулар:
1) ПТР – полимеразды тізбекті реакция;
2) РМДСҰ – Республикалық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы;
3) ТБ – талап бойынша;
4) ЭШЖ – эритроциттердің шөгу жылдамдығы;
5) CD4 – иммуноглобулиндердің үлкен тұқымдасының мономерлі трансмембраналық гликопротеині.